(Мұғалім де,оқушылар да маскамен отырады.Қастарында антисептик, градусник.Офлайн ден сөздер жазулы қағаз.) Алтынбек:Екі мың да жиырма бірдің күзі еді
Келіп қалдық 2-сыныпқа біз енді
Карантиннің аяқталар жылы еді
Маскаменен мектепке қайта оралдық
Жетпейді ғой білімді Ұстаз бергені
Ақылды боп, шын оқуды қолға алдық
3 қойылым 4 қойылым (Ұстаз да ,оқушылар да маскаларын лақтырып,қайта мектепке оралады. Жүздері қуанышты) Мейірхан:Екі мың да жиырма екінің күзі еді
Келіп қалдық 3-сыныпқа біз енді
Жылда ерекше Кенжегүл апайымыз
Сыныпта біздің болды жанашырымыз.
5 қойылым Нұрперзент:Екі мың да жиырма үшінші жыл еді
Келіп қалдық Кенжегүл апаймен
4-ші сыныпқа біз енді
Болдық біздер бастауыштың түлегі
Алғаш әріп үйреткен
Бар ғаламға сыйлы еткен
Бастауышым- бал бұлағым рақмет.
Адам бол деп үйреткен,
Шыңға биік сүйреткен
Алғашқы ұстаз апайларыма рақмет
Меруерт: Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Өнерімді өрлетті
Күйін шалқып көңілдің- деп биші қыздарымыздың орындауында «Хип-коп »биі
Мейірбек:Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады. Меруерт: Дұрыс айтасың: Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың: Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр. Мейірбек Олай болса, келесі өлең жолдарын 4- сыныпта сабақ берген ұстаздарымызға арнаймыз. Диар: Ағылшын тілі мұғаліміне Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Альбина апай пен Толғанай апай қашанда
Сырымызды біледі
Қамқор болып жүреді.
Альбина апай пен Толғанай апайға мың алғыс
Диана: