Ортомиксовирустар Ортомиксовирустар тыныс алу жолдарының шырышты қабатының мукопротеидтеріне бейімділігімен, яғни жасушалардың беткейлік рецепторларына - гликопротеиндеріне жабысу қабілеттілігімен байланысты.
Тұқымдастығы: Orthomyxoviridae Туыстастығы: Influenzavirus A,В,C Түрлері: Influenza А Influenza В Influenza С Influenzavirus туыстастығының вирустары тұмау (грипп) деген атқа ие болған аурулар қоздырады. Грипп - тыныс алу жолдарын зақымдайтын, дене қызбасымен, жалпы интоксикацияланумен, жүрек- тамыр және нерв жүйелерінің зақымдануымен сипатталатын, вирустар қоздыратын адамдардың жедел жұқпалы ауруы. Құрылымы:сфера пішінді, РНҚ, ақуыз, липидтар,көмірсулардан тұрады. Антиген: А типі антигендері өзгеріп отырады.Н,Nантигендері тәуелсіз жүреді. Втипі тұрақтылау, 5типшелері бар. С типі ең тұрақты. Грипп антигендері NP, M-ақуыз-типтікспецификалық болып табылады.Инфекция көзі- ауру адам,тасымалдаушылар. Берілуі-аэрогенді, жұғу жолы-ауалы тамшылы.Патогенезі.Ену есігі-жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаты. Вирус альвеолаларға түсіп,біріншілік өкпе қабынуы қоздырады.Зақымданған беткейлері арқылы қанға түсіп,вирусемия туғызады. Қабыну,ісіну,базальды мембрана домбығуы,жасуша бұзылуы басталады. Диагноз-мұрын көмей шайындысы,қан, конъюктива. Вирусология, индикация, идентификация ГАТР,БР,КБР,ИФТ. Серологиялық ГАТР,БР,КБР,ИФТ.
Алдын алу:вакцина Ультравак, грипповак, гриппол, инфлювак, флюарикс, ваксигрипп.
Коронавирустар (COVID19).
Коронавирустар-адамдар мен жануарларда жедел респираторлы аурулар және гастроэнтериттер қоздыратын РНК- геномды вирустар.
Тұқымдастығы: Coronaviridae.
Туыстастығы: Coronavirus- жұқпалы бронхит вирусы. Torovirus- жылқылардың торовирусы Морфология:Сфера пішінді, суперкапсид бар. Антиген:4топқа бөлінеді. Инфекция көзі-ауру адам.Вирус жұғуы ауа-тамшылы, алиментарлы жұғады. Патогенез:Кіру қақпасы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты болатындықтан ОРЗ типте өтеді. Ауыз арқылы түссе гастрит дамиды.Мұрын бітелуі, катаральды ринит, ринофарингит, балаларда бронхит пневмония дамиды. Диагноз: жұтқыншақ,мұрын сілеймелері,нәжіс. Вирусты бөлуп алу, серологиялық: БР,КБР. Алдын алуы: Вакцина-Гам-КОВИД-Вак Физер, Спутник V.
Достарыңызбен бөлісу: |