Вирустар. Құрылымы және жіктелуі. Вирустардың көбеюі. Вирустарды дақылдандыру, индикациялау және идентификациялау әдістері



бет6/9
Дата07.11.2023
өлшемі67.73 Kb.
#482597
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Вирустар

Морфологиясы. өте майда вирустар. Вирионның симметриялық типі куб тәріздес.Жалпы пикорнавирустар сияқты құрамында липидтер жоқ, гемагглютинин бар.
Антиген: 30серотиптері бар. А тобына 26 тип, В тобына 6 серологиялық тип жатады.
Эпидемиология: резервуары инфицирленген адам. Ішек жолынан, мұрын жұтқыншағынан табылған. Вирус сыртқы ортада канализация суында, шыбын денесінде кездеседі. Фекальды оральды, жанасу арқылы беріледі.
Патогенез:енетін жері ауыз қуысы, жұтқыншақ,асқазан,ішек жолдарының шырышты қабаты. Бірнеше күннен соң жұтқыншақ кілегейінен, нәжістен вирус табылады. А вирус миотроптылығымен, В вирус нейротроптылығымен сипатталады. Жеңіл түрде өтеді,көбіне симптомсыз.
А вирус бөртпе, дисфагия, дене қызбасы. В вирус энцефалит, миокардит,плевродиния дамиды.
Алдын алуы: алдын алу шаралары. Вакцина жоқ.


А гепатит фекальды-оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары зақымданып, жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру.
Тұқымдастығы- Picornaviridae Туыстастығы: Нeрatovirus Түрі: Hepatovirus A
Морфология:сфера пішінді,өте ұсақ. Суперкапсид жоқ. Геномы +РНҚ.
Антиген:НА антигеннен тұрады.
Эпидемиология:ауру адам, фекальды оральды, лас тағам,су, қол,тұрмыстық заттар. Патогенез:асқазан ішек жолдарына ас тағамдары, су арқылы түседі де, жіңішке ішектің шырышты қабаттарында көбейеді. Вирусемия фазасы басталады. Вирус нәжіспен шығады.Ауру көбіне жеңіл түрде асқынуларсыз өтеді.
Алдын алу:вакцина-ГепА-ин-вак, Аваксим,Хаврикс,Вакта.


В гепатит қан арқылы және қанмен жанасу механизмімен берілетін, бауыр зақымданып,жедел және созылмалы гепатит дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Тұқымдастығы: Нepadnaviridae Туыстастығы: Orthohepadnavirus (адамдардың вирусы) Avihepadnavirus (үйректердің) Түрі - Heрadnavirus B
Морфология:сфера пішінді.Антиген:НВs.HBc.HBr.HBx.Патогенез: Ену қақпасы қан тамырлары болғандықтан вирус қанға түседі.Қан айналымымен ағзалардың бәріне таралады,гепатоциттерде орнығады. Бауыр жасушаларының зақымдану деңгейіне қарай клиникалық көрініс байқалады.
Эпидемиология:науқастанғандар, вирустасымалдаушылар. Берілу жолдары-инъекциялық,жыныстық қатынас арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет