Вирустар. Құрылымы және жіктелуі. Вирустардың көбеюі. Вирустарды дақылдандыру, индикациялау және идентификациялау әдістері



бет8/9
Дата07.11.2023
өлшемі67.73 Kb.
#482597
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Вирустар

Герпесвирустар.
Ұшық вирустары- әртүрлі инфекциялар қоздыратын, Herpesviridae тұқымдастығына жататын, сыртқы қабақшасы бар ірі ДНҚ- құрамды вирустар. Тұқымдастығы: Herpesviridae 1.Тұқымдасшасы:Alphaherpesvirinae
Туыстастығы:Simplexvirus-адам(1типі) Varisellovirus- адам (3- типі) Mardivirus- тауық (2- типі)
Iltovirus - тауық 1-типі)
2. Тұқымдасшасы:Betaherpesvirinae Туыстастығы: Cytomegalovirus - адам(5- типі)
Muromegalovirus - тышқан (1- типі) Roseolovirus - адам(6-7- типтері).
3. Тұқымдасша: Gammaherpesvirinae Туыстастығы: Lymphocryptovirus - адамның ұшық вирусы (4- типі) Rhadinovirus - маймылдың (Saimiriine) ұшық вирусы (2- типі).
Альфагерпесвирустар жылдам өседі және цитопатиялық әсері өте жоғары, адамдарға және көптеген жануарларға патогендік әсері етеді. Альфагерпесвирустар эпителиялық жасушаларда өсіп- өніп көбейеді. Нейрондарда латентті,персисстен-цирлейтін инфекция қоздырады.
Бетагерпесвирустар - цитопатиялық әсері төмен, және де вирус жұғатын организм иелерінің шеңбері кең емес. Сілекей, бадамша бездердің, бүйректердің эпителиялық жасушаларында, лимфоциттерде вирус баяу өседі Бетагерпесвирустар цитомегалолитикалық және лимфопроли- феративтік әсер етеді.
Гаммагерпесвирустар - үшін патогенді әсер ететін иелерінің шеңбері шамалы. Лимфоидтық жасушаларда өсіп- өніп көбейеді, лимфопролеративті әсер етеді. Лимфоидты тіндерде, лимфоциттерде, ауыз куысының жұтқыншақ және сілекей бездерінің эпителиялық жасушаларында латентті инфекция қоздырады.
Морфология:сфера пішінді, суперкапсидпен қоршалған. Геномы екі жіпшелі сызықша ДНҚ. Геномда 80 ген бар.
Антигендері:типтік-спецификалық антиген. БР,ИФР,КБР көмегімен серотиптерін ажыратады.


Адамның иммундық тапшылығы вирусы. ретровирустартұқымдасына жататын лентивирустардың адамға жұғып, АИВ инфекциясын тудыратын вирус түрі
АИВ Retroviridae тұқымдасының Lentivirus туысына жатады. Сфера пішінді. АИВ көбіне қан, былазық (преэякулят), шәует және қынып шырышы арқылы беріле алатын жыныс қатынасынан жұғатын ауру. АИТВ ақ қан жасушаларына әсер етеді, бұл иммундық жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Бұл туберкулез, жұқпалы аурулар және онкологиялық аурулардың кейбір түрлері сияқты аурулардың даму ықтималдығын арттырады. АИТВ-ны жедел тесттер арқылы диагностикалауға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет