Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


Ақтамберді жыраудың күмбезі қай жерде орналасқан



бет7/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Ақтамберді жыраудың күмбезі қай жерде орналасқан?

Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды жырымен де жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел ортасында болады, қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті біржола талқандалып, жаудан босаған шығыс бетке қайта қоныстану кезінде Ақтамберді қазақ руларын атамекенге біржола орнықтыру ісінде зор қызмет атқарады. Батыр жырау тоқсан үш жасында, 1768 жылы қайтыс болады. Жыраудың жартылай құлаған күмбезі қазір Семей облысы, Абай ауданы, «Жданов» совхозының шегіндегі Жүрек Жота деген төбенің басында тұр.Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы.(бар мәлімет осы толық құрлысы табылса қосам)

  1. Абайдың отызыншы қара сөзінде өлімнен де күшті деп қандай сөзді айтқан?

Өлімнен ұят күшті деп келтірген. Ұялмас бетке талмас жақ береді деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы» деген тұжырыммен аяқтайды.
Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір «қырт мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойынын бұрып қойып: «Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?» - деп бұлғақтап, немесе: «аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?» - деп қалшылдайтұғын кісі көп қой.
Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, өлімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау: «қиылып қана қалайын» деп. Егер осы сөз бойына лайық кісі көрінсе, ақылы жоқ болса да, қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой! Егер шын айғайды көргенде, кірер жерін таба алмайтұғын дарақы, жұртты осы сөзімен айдындырамын, «мына кәпірден кісі шошитұғын екен» дегізіп айдындырайын деп айтып отырған құр домбытпасы болып, босқа қоқиып отырса, соны не дейміз? Ай, құдай-ай! Жанға мырзалық қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтұғын жомарттығы - әртүрлі белгісі бойынша тұрмас па еді? «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет