Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


Б.Жолбарысұлының «Тоғанның қазылуына» атты өлеңі?



бет9/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Б.Жолбарысұлының «Тоғанның қазылуына» атты өлеңі?

Жел қобыз" (1987) жинағынан (15-16 б.б.) алынды.
БАҚ ЖҰЛДЫЗДЫ – БАҚТЫБАЙ
Бақтыбай Жолбарысұлы - XIX және XX ғасырлардың тоғысында өмір сүрген өрен жүйрік айтыскер ақындардың бірі. Ол бүткіл саналы өмірінде қалың бұқара - халық жағында болып, оның жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, мүддесін қорғап өткен.
Бақтыбай Жолбарысұлы (1842, Алматы облысы, Текелі — 1902, Ескелді ауданы, Өтенай ауылы, Балдырған жайлауы) — айтыс ақыны.
Жалайыр тайпасының Сиыршы руынан шыққан.[1] Жеті жасында жетім қалып, бірнеше жыл Балқаш, Сексеуіл, Шұрық жақтағы нағашыларының қолында болады. Кейін еліне қайтып келіп, бай ағайындарының малын бағады. Жиын-тойларда өлең құрастырып, ақындығын танытады. Ақыры өнері жалшылықтан құтқарып, өлеңнің соңына біржола түседі. Әсіресе, атақты Тезек төремен айтысы (1861) Бақтыбайдың ақындық даңқын бүкіл Жетісу өңіріне әйгілі етеді. Төренің айбынынан ықпай, оның әлсізге жасаған зорлық-зомбылығын бетіне басады. Ақынның өзге де әділетсіз бай, болыс, т.б. мықтыларды әшкерелеген өлең, айтыстары көп.


  1. М.Мөңкеұлының «Мұраттың жалпыға айтқаны» толғауы?

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) — айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Байұлы тайпасы Беріш руының Қаратоқай бөлімінен шыққан


Шығармалары: «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең , бір қапы дүние –ай!», «Өлім» , «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны » , «Бір досқа », «Топқа түскендегі толғауы », «Мұраттың жалпыға айтқаны » , «Қыз », т.б. өлеңдері:
Арнау өлеңдері : «Айжарыққа », «Қарақожа болысқа », «Естемір Тұрабай болысқа », т.б.
Толғау –дастандары : «Қарасай –Қази », «Қазтуған », «Шәлгез» ,
Айтыстары : Жылқышымен (17 жасында ) , Бала Оразбен (20жасында ) , Жантолымен , Қаниязбен ,Тыныштықпен , Жаскелеңмен (25 жасында)


Жалғаншы фәни заманда,
Топырақтан жаратқан
Осы бір жүрген адамды.
Асырап, сақтап өсірген
Бір жасаған құдайым
Он сегіз мың ғаламды.
Замананың түрінен
Әрі, бері сөйлесем,
Осы дүниеде жүрген адамды
Не деп айтсам жарасар?
Досының көңілі тынсын деп,
Дұшпанның белі сынсын деп,
Бозғыраудың күнінде
Тау арасын жайласа,
Көк орайлы шалғынға
Жапыра бие байласа,
Қазы мен қарта, жал - жая,
Қия кесіп шайнаса,
Он сегіз мың ғаламда
Жаратқан алла адамда -
Бай кісіге жарасар.
Алтыннан тоқпақ соқтырса,
Күмістен қазық қақтырса,
Жібектен желі тарттырса,
Елі бір аса көшкенде,
Қос тұлымды қара нар
Ноқта мен желі арттырса,
Жедінің айы туғанда
Үйіне келген мейманды
Қайырымен тойдырса,
Бай жолдасы байпаң - ды -
Бәйбішеге жарасар.
Ертеңмен тұрып ақырса,
Аллалап азан шақырса,
Аузына харам салмаса,
Шипалы жерге бармаса,
Ақ кәләмді оқыса,
Алланың берген санасын
Кеудесіне тоқыса,
Шариғаттың жолы деп,
Әдеп бір етсе мұртына,
Өсиет етсе жұртына,
Ақ кәләмді аударған-
Ол пір ұлына жарасар.
Садағын сала байланса,
Астана жұртын айналса,
Бес қаруын белге ұрса,
Ат үстінде күн көрсе,
Арып - ашып шөл көрсе,
Тебінгіні теріс тағып,
Темір қазық жастанып,
Қарындас үшін қан жұтса -
Ол өр жігітке жарасар.
Адырнасын атқа алса,
Атар оғын тайға алса,
Еділде тұрып оқ атса,
Жайыққа оғын жоғалтас,
Жайықта тұрып оқ атса,
Еділге оғын жоғалтса,
Бір атқанда, он атқан
Атқанын қардай боратса;
Құралайды көріп белге атса,
Атқанын тастан өткізсе,
Садағының бір оғын
Жеті қабат жер астына жеткзісе-
Ол мергендікке жарасар.
Елпең - елпең жүгірсе,
Ебелек отқа семірсе,
Емендей белі бүгілсе,
Жібектей жалы төгілсе,
Күн - түн қатып желгенде
Жер адымын қуырса,
Жердің шаңын аспанға
Жел құйындай суырса.
Ертеңнен шапса кешке озса,
Еңіреуден қара қайырса,
Құланды қақтан айырса,
Берсе жемге тоймаса,
Қырық шалауды қойға алса,
Еңселігі екі елі
Егіз қоян шекелі,
Шекелігі үш елі,
Күдері белді, күпшек сан
Күдері асып жорттырса-
Арғымақ атқа жарасар.
Қызыл киім киінсе,
Қызбалықты көрінсе,
Қызды ауылды көргенде,
Ауыл жағын қамшылап,
Аулақ жағын тебінсе,
Астына күрең ат мінсе,
Жібек те емес, жіп те емес,
Адам көрмес зат кисе,
Жиырма жасқа келгенде-
Ол бозбалаға жарасар.
Қырық сомға алған шарқатты,
Орай салса басына.
Өзі он сегіз жасында,
Нұр сәулесі көрінсе,
Қиылған қара қасында.
Хиуаның ақ зерін,
Сандығына сақтаса,
Талдап өрген бұрымын
Қырмызымен қаптатса,
Ел көшкенде міндірсе,
Әшекейлі қара кер.
Етегіне салдырса
Кезі жүз сом латын зер.
Ақыл мен пікір айласы
Орын тапқан жерінде.
Зейіні түскен құрбымен
Мұмлыған етіп ойнаса.
Тал бойына қарасаң,
Сырдың біткен талындай,
Ауыздан шыққан лебізі
Базардың алуан балындай.
Жауырына қарасаң,
Тастан салған дередей,
Кешкіғұрым ақ үйден
Ырғай басып көрінсе,
Камзол, бешпент делегей,
Шекей басқан аяғын
Қызыл сафьян, ақ балтыр-
Қыз балаға жарасар.
Қырқадан қырға қараса,
Қырық шалығысын күніне
Он екі сілкіп тараса,
Қу төңкерсе аспаннан
Үш түлеген баппенен.
Дауылпаз соқса астынан
Желбегей күрең атпенен,
Бауыры шұбар, сырты көк
Қаршыға құсқа жарасар.
Алас болып алдасқан
Мұнар болып тұлдасқан,
Мұсылман болып дінді ашқан
Мұның бәрі - жігіттер,
Бір кісіден табылмас-
Астана жұтқа жарасар





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет