Махамбет Өтемісұлының өлімі
1846 жылы 20 қазанда Ақжайық өңірінде қанды оқиға орын алды. Ол атақты ақын Махамбет Өтемісұлының жантүршігерлікпен өлтірілуі еді.
1846 жылы қазан айында Орынбор қазақтарының батыс бөлігінің билеушісі, сұлтан Баймағамбет Айшуақов патшаға адал қызмет етуге берілгендігін дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын жасайды. Және де ақынның өзін тірілей қолға түсіріп әкелген адамға ескі патша ақшасымен 1000, ал басын кесіп әкелген адамға 500 сом төлейтінін жария еткен. Мұндай қылмысты жүзеге асыратын адамдар да табылады.
Әнуар Әлімжановтың кітабында Махамбеттің басын Баймағамбет сұлтанға алып барғанда Шернияз ақын да сұлтанның жанында отырғаны жазылады. Ықылас оны қызыл подносқа салып, бетін мақпал матамен жауып әкеледі. Сұлтан: “Қандай сыйлық әкелдің?” деп матаны қанжардың ұшымен ашып қалғанда, подноста Махамбеттің басы жатады. Шернияз әуелі бұл кім деп ойлады ма, ұзақ қарап, ақынның басын таныған соң, жағалай отырған адамдарды бір сүзіп өтеді де, айқайлап далаға шыға жүгіреді.
Ал жазушы Тәкен Әлімқұлов “Қараой” әңгімесінде ақынның дүниеден өтер сәтін: “Махамбеттің теңдессіз үлкен жүрегі тынымсыз дүрсіл қағумен болды. Жаралы арыстанның ыңыранғанындай, тұншыққан домалақ дүрсілден Ықыластың үрейі ұшты. Ол қазықтың қасында жатқан тоқпақпен Махамбеттің басына ұрды. Махамбет ақтық рет: “Әуес!” деп, сылқ түсіп, сұлап қалды”, – деп суреттейді.
Зерттеуші-ғалым Исатай Кенжәлиев болса “Махамбет Өтемісұлы” кітабында қанды оқиғадан кейін жендеттер Махамбеттің үйін тонап, інісі Хасенді, әйелін, Бетімбай Шөкеұлын Баймағамбетке алып барғанын жазады. “Бұл тұтқындалған адамдарды Баймағамбет бір айдай ұстап, әбден қорқытып жауап алады да, сосын қоя береді”, делінген. Зерттеуші еңбегінде жендеттердің ақынның әйелін де өздерімен бірге ала кеткені анық жазылған.
1847 жылы 27 ақпанда ақ патшаға адал қызмет еткені үшін сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа генерал-майор атағы беріледі. Сол жылдың 30 наурызында сұлтан қайтыс болған. Ел ішінде оның Санкт-Петербургтен үйіне қайтып келе жатқан жолда Елек өзенінен өтер кезде опат болғаны туралы әңгіме бар. Сұлтанды суға батырып өлтірген топтың басында Махамбеттің досы Асаубай болған көрінеді. Олар осылай ақын үшін кек алған.
Махамбеттің шыққан ортасы?
Махамбеттің арғы тегі Ашамайлы Керей
Махамбет Өтемісұлы - белгілі қазақ ақыны, жауынгер жыршы (балта). XYIII ғасырдың басында Еділ қалмақтарымен қоса түрікмендер де Орта жүз жеріне, әсіресе, Кіші жүз еліне дүркін-дүркін шабуыл жасап, елін тонап, малдарын айдап әкетіп отарғанын қазақ тарихынан жақсы білеміз. Орта жүз қазақтарының қоныстануын және Керей-Уақ шежіресін зерттеуші тарих ғылымының докторы, профессор Марат Мұқановтың деректері бойынша (М.С. Мұқанов «Из исторического прошлого» Алматы.1998 ж.) 1700 жылы түрікмендердің бір қолы Орта жүз жеріне Керей руының Балта атасы ауылдарының бірі Қарасары ауылына (қазіргі Түмен облысы, Қазан ауданына қарасты жер) тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ауылдың бас көтерер азаматтары қалмақтарға қарсы соғысқа кетіп, елде қарттар мен әйелдер ғана қалған екен. Қарасарының 17-18 жасар баласы Баһрам (кейбір деректерде Байрам) ауылды қорғамақ болып қарсы соғысады. Күші басым түрікмендер Баһрам қолын тасталқан етіп, ауылды тонайды. Ауылдың өрен жастарын құлдыққа алып кетеді. Құлдардың саудасына түскен Баһрамды түрікменнің Ғазан бек деген атақты байы сатып алады. Батыр тұлғалы Баһрамды көп уақыт кісендеулі ұстайды. Ғазан бектің ер баласы болмайды, Фатима және Фарида атты сұлу қыздары бар екен. Көрікті де батыр тұлғалы Баһрамға Фатима сұлу ғашық болып қалады. Ғазан бек амалсыздан құлы болып жүрген Баһрамға Фатиманы қосады. Қартая бастаған Ғазан бек өзінің барлық шаруашылығын басқаруды Баһрамға береді. Сұлу әйелге, байлыққа да қызықпаған Баһрам қалайда еліне қашуды ойластырып жүреді. Бір-екі рет ұсталып та қалады. Ғазан бек ерекше бақылау қояды. Осылай жүргенде Фатима жүкті болып, Нәдір және Бағыр атты егіз бала туады. Жылдар өтіп жатады. Баһрамның екі баласы да батыр тұлғалы, әрі өнерпаз болады. Баһрам екі баласымен бар байлықты тастап қашпақшы болып жүргенде, Ғазан бек аулына Еділ қалмақтары шабуыл жасайды. Баһрам қалмақтармен болған осы соғыста ерлік көрсетеді. Кейін осы соғыста алған ауыр жарақатынан қайтыс болады. Өмірден өтерінде батыр болып өсіп келе жатқан екі баласына туған еліне қашып кетуді аманат етеді. Екі бала қазақ елінен көп адамдарды тұтқынға әкеліп, тұтқындарды түнде күзетуді Нәдір мен Бағырға тапсырады. Қолайлы сәтті пайдаланған Нәдір мен Бағырға тапсырады. Қолайы сәтті пайдаланған Нәдір мен Бағыр түнде тұтқындарды босатып, олармен бірге өздері де қашады.Кіші жүз еліне келген Нәдір мен Бағыр Кіші жүз жасақтарының құрамында қалмақтарға қарсы соғысқа қатысып, елге танымал батыр атағын алады. Нәдір қалмақтармен болған бір соғыста алған ауыр жарақаттан қайтыс болады. Нәдір қалмақтармен болған бір соғыста алған ауыр жарақаттан қайтыс болып, артында Мәлі атты бір баласы жетім қалады. Жас баланы Беріш руынан Жаубасар батыр бала қылып асырап алған екен.. Мәлі Беріш руына кірме болғандықтан болу керек, кейін «құл» деген сөзді қосып алып Құлмәлі (1721-1784) атанып кетеді. Құлмәліден төрт бала туады, соның бірі Махамбет ақынның әкесі Өтеміс.
Марат Мұқанов Махамбеттің шежіресін былай таратады. (С.Мұқанов «Из исторического прошлого» Алматы. 1998ж. 128-бет). Балтадан: 1. Қарасары. 2. Нашан. 3. Қанапия. Қарасарыдан 2 бала: Баһрам, Тұрсынбай батыр (1713-1819). Баһрамнан (әйелі Фатима) 2 бала: Нәдір, Бағыр (1704-1790); Нәдірден Құлмәлі (1721-1784); Құлмәліден 4 бала: Өтеміс би (1757-1836), Шынтай мырза, Қобыланбай Мерген, Айтбай балуан; Өтеміс биден 10 бала: (Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік. Махамбет, Тоқтамыс, Қожақмет, Ыбырайым, Ғайып, Хасен, Смайыл, Досмайыл, Сүлеймен, Бекмағамбет).
М.Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауы
Мұрат Мөңкеұлының "Үш қиян" толғауында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ақын ашына сөз етеді. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұрадан айыра жаздағанын жазған
Бұл толғау жаңа низам жүріп, ел «штатка» көніп, елді оязнай, болыс, ауылнайлар билей бастаған заман түріне айтылған. Айтылуы 1873 жылдын шамасында болған. Еділдің бойы қанды қиян, Жайықтың бойы – майлы қиян, Маңғыстау бойы шанды қиян, Адыра қалғыр үш қиян! Үш қиянның ара бойынан Жеті жұрт кетіп жол салған. Жеті жұрттың кеткен жер, Қайырсыз болған неткен жер?! Адыра қалғыр көк Жайык, Көпір салып өткен жер, Асанкайғы, Казтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шораның шұбап кеткен жер.
Саружан
М.Мөңкеұлының «Топқа түскендегі толғауы» атты жыры
Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық мағыналары өте көп. «Топқа түскендегі толғауы» атты толғауында адамгершілік пен тәрбие жайлы кең ұғымды берген.
Тәуекелшіл ер жігіт
Адаспай жүріп жөн табар, мына бір өлең жолдарында «тәуекел» ұғымы кеңінен таралған.
Жүйрігің кеңес қозғасын
Тіршілік күнде сөйлесін. Ал мына бір өлең жолдарында «тіршілік» жайлы айтып кеткен.
Қанша дәулет берсе де,
Қалпынан аспайды, мына өлең жолдарында «байлық, дәулет» ұғымы бес тиын екендігін жақсы айтып кеткен.
М.Мөңкеұлының «Мұраттың жалпыға айтқаны» толғауы
Осы бір толғауында Мұрат Мөңкеұлы жалпы адамзатына айтқан ақыл, кеңестері туралы жазылған.Адам баласына бұл фәниде қандай ат жарасарын анықтап айтып кеткен.
Ертеңмен тұрып ақырса,
Аллалап азан шақырса,
Аузына харам салмаса,
Шипалы жерге бармаса,
Ақ кәләмді оқыса,
Алланың берген санасын
Кеудесіне тоқыса,
Шариғаттың жолы деп,
Әдеп бір етсе мұртына,
Өсиет етсе жұртына,
Ақ кәләмді аударған-
Ол пір ұлына жарасар.
Б.Жолбарысұлының «Есімбекке» өлеңі
Оның үзіндісі былай:
– Ассалаумағалейкум, Есімбек,
Не айтасыз, Есеке?
Шақырыпсыз келсін деп.
Шақырған әлде боларсыз,
Қазы-қарта жесін деп.
Келгеннен алдың тыңшымды,
Жоғары шық, шешін деп.
Үлкен ем сізден бір-ақ жас,
Тұрсың ба құрдас болсын деп...
Әзіл айтам аз ғана, Бибісалма жұбайың,
Артық сөз болса кешірмек.
Мұндағы Есімбек кім? Сиыршының Жақсымбетінен тарайтын Малтабардың баласы Есімбек - менің көп зерттеген адамым. Ол зорлық-зомбылыққа қаны қас, халыктың қамын ойлаған хас батыр. Бақтыбай ақын кезінде өркеуде, өзімшіл Тезек төрені іздеп барып айтысып, тізе бүктірсе, Есімбек сол төренің есігінің алдына ат ойнатып, оның сатын сындырған. Сөйтіп біреуі ақындығымен, біреуі батырлығымен әйгіленген екі ұлан көп мәселелер бойынша пікірлес, мүдделес шығып, бірін-бірі қолдап, құрметтеп отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |