Қазіргі заманғы неотомизм антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға бағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы. проектіден ішкі дүниесі, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы, құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан космостың кішкене үлгісі адамның өзі. Структурализм ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда қалыптасқан. лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, өзінің негізгі философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым. Басты өкілдері – К.Леви-Строс, М.Фуко. . Структурализм бағытының 91өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен элементтері жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды, некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады Структурализм бағытының 91өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен элементтері жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды, некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |