Шикізатты тасу әсіресе Орта Азия және Сібір теміржолдарын салғаннан кейін күшейді.
XX ғасырдың басына таман Қазақстан қалаларында ірі саудагерлерді қаржыландыру үшін Ресейдің мемлекеттік және жеке меншік банктері өз бөлімшелерін ашты. Қазақстанда 40 мыңдай адам саудамен айналысты - Қоянды жөрмеңкесінде сауда айналымы 1896 жылдан 1913 жылға дейін 10 есе, яғни 500 мың сомнан 5 миллион сомға дейін өсті.
- 1890 жылы Қазақстанның Ресеймен саудасы орыс көпестеріне 9 миллион сом кіріс түсірсе, ал 10 жылдан кейін бүл көрсеткіш 15,3 миллион сомды құрады.
- 1900 жылы Ертіс өзені бассейнін шаруашылық мақсатқа пайдалану және дамыту үшін «Сүйретпе кеме қоғамы» құрылды.
Сол жылы навигация кезінде жүк тасымалынан:
- Павлодар порты бойынша - 538 сом, 38 тиын,
- Семей - 8058 сом,
- Омбы 1266 сом 56 тиын пайда келтірді.
Ертіс бойымен тек жүк тасымалданып қойған жоқ, сонымен бірге жолаушылар кемелері де қатынады. 1900 жылдан 1911 жылға дейін Н.Н.Корниловтың Сауда үйі, Батыс-Сібір кеме және сауда Серіктестігі, кеме және сауда жөніндегі ОрысҚытай акционррлік қоғамы, Плотниковтардың Сауда үйі және т.б. компаниялар 241 000 адам тасымалдады.
XX ғасырдың басында Қазақстанда тау-кен онеркосібі одан әрі дами түсті. - 1902 жылы мұнда 197 кәсіпорын болса, онда 18695 адам жұмыс істеді. Шикізатты өңдеумен айналысатын 690 кәсіпорында 7297 жұмысшы еңбек етті.
- Сол кездегі ірі косіпорындар:
Қарағанды комір шахталары, Орал-Ембі мұнай кен орындары болды.
Олардың бәрі де шын мәнінде шетелдік кәсіпкерлердің, атап айтқанда, ағылшындардың, француздардың, американдықтардың қолында еді.
1904 жылы маусымда Орталық Қазақстанның тау-кен кәсіпорындары ағылшындарға үш жыл мерзімге 60 мың сомға арендаға берілді. Мұндағы кендердің орасан зор қорын көрген ағылшындар ең бай кен орындарын сатып алуға кірісті. - 1904 жылы маусымда Орталық Қазақстанның тау-кен кәсіпорындары ағылшындарға үш жыл мерзімге 60 мың сомға арендаға берілді. Мұндағы кендердің орасан зор қорын көрген ағылшындар ең бай кен орындарын сатып алуға кірісті.
- 1905 жылы жоғарыда аталған тау-кен кәсіпорындарын (Жезказғаннан басқасын), бұрынғы Француз республикасы презнденті Марно Француаның үлы - Сади Карно 77600 сомға сатып алды.
- 1907 жылы мамырда ағылшынның «Спаский мыс руднигі» акционерлік қоғамы кұрылып, бүл кәсіпшіліктер Карнодан кайтадан ағылшындар қолына көшті. Бұл қоғамның иелігіне:
- Спаский мыс корыту зауыты
- Спасо-Воскресенский мыс руднигі
- Успенск мыс кеніші, Сарысудағы кен байыту фабрикасы
- Саран таскомір кеніші
- Қарағанды кені
- Сасық, Қарасу темір кеніштері берілді.
- Риддер мен Зыряновск түсті металға бай кен орындары 1904 жылы австриялық князь Турн-Таксистің меншігіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |