біріншіден , педагогтың оқыту және тәрбие саласындағы жұмыстары сәтті болып келуі үшін ол баланың даму ерекшелігі жөніндегі психологияның мәліметтерімен жете таныс болуы қажет. Педагог егер психология ғылымының зерттеулерімен таныс болмаса, қарамағындағы оқушыларды толық меңгеріп кете алмаған болар еді;
екіншіден , педагог психологияның жалпы мәліметтерін біліп қана қоймай, өз класындағы балалардың дара ерекшеліктерін ( ұғымталдығын, ой - өрісі, мінезін т.б. ) жақсы білуі шарт. Мұнсыз болмайды. Өйткені жас буындардың бәріне бірдей тән психикасының жалпы заңдылықтары болғанымен, балалардың жеке басының әр түрлі өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан сыныптағы балалардың жеке басындық ерекшеліктерін жете білу педагогтық жұмыстың жемісті болуының негізгі шарты.
Педагогикалық қажетті, тарихи қалыптасқан іс - әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер мен дағдылар қосындысына сәйкес, қабілеттер мен кәсіби маңызды сапаларға ие болуы керек.
Олай болса, А.Дистербергтің шығармашылығы, П.Ф.Каптерев бойынша, оның заманына сай педагогикалық тәжірбиенің псхологиялық бағыттан ережелерінен тұрады. А.Дистербегтің білім беру процесінде мұғалімнің , педагогтің басқарушы рөлі туралы тезистері бар. Ол оқу процесін оқушының – оқытылатын субъектің, мұғалімнің оқылатын пәнінің және оқыту жағдайларының біртұтастығы деп қарастырады. Өзін-өзі жетілдіру, оқушының ерекшелігін ескеру және педагог әрекеттерінің пәрменділігі – тәрбиелеп оқытудың кепілі мен негізі.
Педагогикалық психология негізін құруда П.Ф.Каптеревтің өзінің қосқан үлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның негізін құраушылардың бірі. Ол өмірге Песталоццидің өсиеттерін педагогиканы психологияландыруды енгізуге ұмтылды. «Психологиялық педагогика» ұғымы зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми айналымға 1877 жылы. Каптеревтің «Педагогикалық психология» атты кітабы шыққан соң енгізілген. Шынында да, Э.Торндайктың осыған аттас кітабы тек шаршы ғасырдан соң (1903 ж.) жарық көрді. Сонымен қатар, П.Ф. Каптерев ғылыми қолданысқа қазіргі заманда қолданылып жүрген білім беру мен тәрбие берудің жи дәстүрлі түрде арнайы бөлім – «мұғалім психологиясын» қамтиды деп қарастырған [28].
Мұнда мұғалімнің кәсіби рөлінің маңыздылығы атап көрсетіледі, оның функциялары, қабілеттері, ептіліктері қарастырылады, оған қойылған талаптар мен қоғамда оған қалыпты қалыптасқан әлеуметтік күтулер талданады.
Ал, А.К.Маркованың айтуынша «мамандықтар – бұл қоғамға дәрігер мамандығы сияқты ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар
Мұғалім педагог мамандығы, сабақтастығының мың жылдық тәжірбиесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог–бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық–тарихи тәжірбиені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы тұлға болса, мектеп педагог-психолог маман оқушы жанын түсініп, оның өмірде өз орнын табуға көмек көрсететін жан деп аталмын тақырыбымызды тәмәмдауды жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |