Xx ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуы


Білім-жалпы,кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады



бет6/13
Дата20.05.2022
өлшемі258.79 Kb.
#458420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой

Білім-жалпы,кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады.
Кәсіп-мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Ол университетте, институтта, кәсіби техникалық колледждерде, гимназиялар мен жалпы мектептерде беріледі.Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет.
Іскерлік –оқу,білім,кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек.
Іс-әрекет- әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады.Бұл үрдістің орындалу ,игерілуі керек.
Игеру-қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру,қолданудан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
Білімнің түрлеріне келер болсақ жалпы, арнайы, кәсіби, техникалық болып бөлінеді. Білім алу үшін кәсіп, мамандық таңдау,оқитын оқу орныңызды таңдауыңыз керек. Таңдаған кәсібіңізге іскерлік таныту үшін оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, дағды,білік т.б қажет. Іс-әрекетті игеру, ұғыну, жүзеге асыру, танымдық қызығушылықтың туындауынан қалыптасады.
Нәтиже-білімді тәрбиелі оқушы тұлғасын қалыптастыру

Бірінші тарау бойынша тұжырым


Қазіргі заман талабына сай оқу-ағарту тәрбие мәселесін сараптай келе оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жасайтын психологиялық кеңес беретін, тұлғалық, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда мектепте педагог-психолог маманының орны ерекше екенін айта отырып.Оның қызметінетоқталмас бұрын педагог-психолог ғылымы жайлы зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне анықтамалар берілген.
Маман даярлау ісінің тиімділігін арттырудың бір жолы-мектептегі жоғары сынып оқушылары мен университиет студенттерінің сабақтан тыс жұмыстарын жүргізуге маңызды мән беріледі.
Сонымен қатар, жалпы педагогикалық дамудың, оның ішінде іс-тәжірибелердің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың негізі оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты зерделей келе І тараудың мазмұны бойынша төмендегідей тұжырым жасадық.

  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселелерін әдістемелік тұрғыда және жеке пәндерді оқытуға байланысты оқушының іс-әрекеттілігі сарапталынып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру жолдарының психологиялық-педагогикалық алғы-шарттары ашылып, құрылымы өзара салыстырылды.

- отандық ғалымдарымыздың еңбектерін сараптап, зерттеу проблемамамыз жөніндегі ой-пікірлерін талқыладық. Сонымен қатар, ғылыми еңбектер мен әртүрлі деректерге сүйене отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптасуындағы мектеп пен университет сабақтастығын заман талабына сәйкес ғалымдарымыздың көзқарастары мен зерттеулері жан-жақты сараланып,олардың біліктілік, тәлімділік жақтары көрсетілді.
Мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың педагогикалық мүмкіндіктері анықталып, бүгінгі қоғамдағы жеке тұлғаның білімділігі мен адами қасиеттерін қалыптастырудың жолдары анықталып, талдау жасалынды.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық мәселелерін ашу туралы жазылған философтардың, филологтардың, педагог-психологтардың еңбектерін бірнеше топтарға топтастырдық.
1) Педагог-психолог ғылымдарымыздың еңбектеріндегі танымдық қызығушылық туралы ой-пікірлерін талдадық.
2) Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы сабақтастықтың зерттелу жолдарын анықтадық.
3) Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың педагогикалық мүмкіндіктерін аштық.


2.тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психологиялық ой.пiкiрлердiң негiзгi идеяларын тәжiрибеде пайдаланудын мүмкiндiктерi
2.1Қазақтың психологиялық тұжырымдарының мақал.мәтелдердегi көрiнiсi

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын-есептер, шығарым-тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.
Бастауыш мектеп жасындағы танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиал, ойлау) дамиды. Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастырумен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестік те» байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтау талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мынадай көрсеткіштері байқалады:

  • қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

  • білім алуға және оны меңғеруге тырысу;

  • таным үрдісі мен танымдық іс-әрекеттің эмоционалдық көрінуі;

  • танымдық іс-әрекеттің еріктің болуы;

  • бос уақытын пайдалана білу сипаты;

  • танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;

  • жаңаны білуге ұмтылысы;

  • мектепке және оқуға жағымды қатынасы;

Психологиялық – педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізу барысын II кезеңге бөлуге болады.
I кезең.
Жоғары сынып оқушыларының дарындылығын мынадай психологиялық тестер жүргізу арқылы айқындауға болады.

  • тілге бейімділігі. «Айзенктің вербальді қасиеттерді зерттеу» тесті;

  • математикалық бейімділіктерді анықтау Аштахуэрдің алгоритмдік және арифметикалық қабілеттерін зерттеу субтесттері;

  • оқушының сыни тұрғыдан ойлау ерекшелігі П. Торренс субтесттері бойынша;

  • оқушының интеллектуалды даму деңгейлерін анықтауға Л.Ф.Тихомирова ұсынған «интеллектуалды қабілеттерді анықтау» әдістемелері, ровен шкалалары В.Н.Бузин «қысқаша іріктеу» тесттері, тағы да басқа интеллектуалдық, танымдық тестерін пайдалануға болады.

II кезең.

  • педагогикалық – психологиялық диагностика жүйесіноқып үйрену;

  • оқушының жас ерекшелігін, қабілеттерін ескере отырып, дифференциялды оқыту мазмұнын, түрін және әдісін анықтау;

  • мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған психологиялық қызыметті ұйымдастыру;

  • таңдамалы пәндерді енгізуді жалғастырып, тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру;

Осындай жүйелі зерттеу қорытындысы бойынша сыныптағы жалпы және арнайықабілетті оқушылар анықталады.
Тек қана өз бетімен оқу, өз білімін жетілдіру, өз қасиетін түзету арқылы ғана жоғары нәтиже алуға болады. Өз жұмысына талдау жасау арқылы, жүйелі жұмыс нәтижесінде оқушы:
1. Таным есептерін тез және дәл орындауға.
2. Қалыптан тыс есептер шығаруға үйренеді.
Бағдарламаны толық меңгерген оқушыөзін-өзі дамыту бағдарламасын құрады.
Қабілеттік дарын иесінің арнайы білімге мұқтаж болуы, табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәлім-тәрбие берудіңалғы шарты дарын иелерін жастайынан талдай, таңдай білуге жетілдіру,олардың құқығы мен мұқтаждарын қорғаудың басты мақсаты болып табылады;
Оқушының анымдық белсенділігінің қалыптасуы жоғары деңгейде дамуы оны шығармашылық әрекетке әкеліп тірейді.
Содан кейін жоғары сынып оқушысы тұлғасының педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттеп, мінездеме беру үлгісі.
1. Оқушы туралы жалпы мәлімет: (тегі және аты, туған күні, класы, жалпы физиологиялық дамуы, денсаулығы, жанұя жағдайы, жанұя тәрбиесінің ерекшеліктері)
2. Оқу іс-әрекеті:
а. Оқу үлгілері: (басым бағалары т.б.)
б. Жалпы ақыл-ой дамуы: (дүниетанымы, сөздік қоры, хабардарлығы, өз ойын ауызша және жазбаша білдіре алуы т.б.)
в. Танымдық процестер сипаттамасы:
- Оқу материалын қабылдау ерекшелігі;
- Зейіні (ерікті зейіннің даму деңгейі, оның тұрақтылығы, шоғырлануы, бөліну қасиеті);
- Ой ерекшеліктері (заттар мен құбылыстарды ажырата ала ма, салыстыру, талдау, жалпылау және өз бетімен қорытынды шығару, оқу материалын ұғыну шапшандығы)
- Қиялдың дамуы (бамым қиял түрі)
г. Оқу қабілеті:
- Оқу процесінде өз бетімен жұмыстануы;
- Оқуға қатынасы (танымдық қызығушылығы, бағаға, мадақтауға, не мұғалім, ата-анамен сыныпта қатынасы, негізгі оқу мотивациясы)
- Оқу қабілеті (күн режимін сақтау, жоспарлай білу, оқу іс-әрекетінде жинақтылығы мен тәртіптілігі, кітаппен жұмыстана білуі, оқу іс-әрекетін бақылай білу әдістерін меңгеруі т.б.)
3. Еңбекке қатынасы: (еңбектене біле ме, әлде еңбекке немқұрайлы қарайма, еңбекке икемділігі, еңбектенгенде жинақтылығы мен тәртібі, қандай еңбек түріне икемді, үйде және мектепте еңбектің әрекетін орындауы)
4. Қоғамдық жұмыстарға қатынасы: (класс өміріне қатынасы, қоғамдық тапсырмаларды орындауы, кластастарымен бірігіп іс-әрекет етуі, белсенділігі мен инициатившілідігі)
5. Кластас жолдастарымен қарым-қатынасы, мектепке қатынасы: (кластағы орны, кластастарына көз қарасы, кіммен дос, кластастарымен дау-жанжал бола ма, оның себебі, мектепке көз қарасы)
6. Тәртібі мен мінезі:
- Мектепте және үйдегі,тәртібінің жалпы мінездемесі (өзін байсалды және ұстамды немесе тынымсыз және қозғалғыштығы)
- Күн режимін сақтауы, мұғалімдер мен ата-ана талабын орындауы
- тәртіпті бұзуы
7. Оқушы тұлғасының бағыты, мінезі, темпераменті және қабілеті.
- Қажеттіліктері мен қызығушылықтары (алуан түрлілігі, тереңдігі, оқуға т.б.)
өзіне және қоршаған ортаға қатынасы ерекшеліктері: мейрімділігі, қарапайымдылығы, ұжымшылдығы, өзімшілдігі, көмектесуі, шынайлығы, адалдығы т.б.

  • мінезінің жағымдығы және жағымсыз қасиеттері;

  • Темперамент типі және ерекшелігі

  • көңіл-күйі (көңілді, көңілсіз, түсінкі) тұрақтылығы немесе ауыспалылығы

  • белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі және оның көрінуі

8. Жалпы түйіні:
- оқушы тұлғасының негізгі жақсы қасиеттері және кемшіліктері, иінезіндегі (егер болса( ауытқушылығы себебі.
оқушы тұлғасын дамытып, қалыптастыруға бағытталған негізгі тәрбие жұмыстары.
Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне, әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева көрсеткен.
Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады»
Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.
Педагогикалық-психологиялық қызыметте кеңес беру бағыты бойынша қызыметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:

  1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,

ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

  1. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,

ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

  1. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,

әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.

  1. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие

мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

  1. Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар

мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.
Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.
Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.
2. Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жузеге асырады.
3. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.
4. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:
- жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;
- балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;
- тәрбиелік іс-шаралар бағытында;
- баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.
Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық жақтары жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы мамандармен тартылады.
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.
Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет ,сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек .
Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында «компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр) деген ұғым көп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет