«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет26/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169
thesis141891

Зерттеу нәтижелері 
Ас қызанақ жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және 
көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты айналысады. Осы 
институттың жасаған жылыжайларда егуге арналған қызанақ сұрыптарының 
бірі –Дәмді (1-сурет). Бұл сұрып гибридті түрінен алынған. Негізгі сабағының 
ұзындығы – 150 см. Жапырақтары қанық жасыл, пісу уақыты 108-110 күн. Бір 
реттік терілімде 19,5-22,1кг/м жиналады. Жемісінің орташа салмағы 45-50г. 
Құрғақ органикалық затының салмағы 6,6%, қант – 4,5%, қышқылдылығы-
0,65%, С дәрумені – 19,2 мг/100г. Қазақстанның барлық облыстарында 2013 
жылдан бастап егіледі. Авторлары: Джантасов С.К., Айтбаев Т.Е., Мирманова 
Э.М. 


79 
1-сурет. Дәмді сұрыпы
Шетелдік селекцияның гибридтеуімен алынған F
1
(бірінші ұрпақ) сұрыпы 
Жалын. Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу 
институтында шығарылған қызанақ сұрыптарының бірі (2-сурет). Ең ұзын 
сабағының биіктігі – 200см. Жапырақтары орташа пішінді, ашық жасыл, бір 
түптегі жеміс саны 8-14 дана. Жемісінің пішіні дөңгелек ашық сары, сырты 
тегіс, 4 ұялы. Орташа пісу уақыты – 109-115 күн. Өнімділігі 20-25 кг/м2. 
Алматы облысында 2006 жылдан бастап егіледі. Авторлары: Джантасов С.К., 
Бабаев С.А., Искаков Н.С:, Тарбенов К., Лигай Г.Л. 
2-сурет. Жалын сұрыпы 
Экологиялық бейімделу негізінде «Бүкіл әлемдік Көкөніс орталығы» 
(Всемирного Центра Овощеводства) үлгісіндегі әдіспен алынған сұрып -
Солнечная жемчужина. Қыстық және көктемдік жылыжайларға ұсынылады 
(3-сурет). Пісу уақыты 110-114 күн. Өнімділігі -11-16кг/м
2
. Жемістері ұсақ -8-
10г. Құрғақ органикалық затының салмағы 8,5%, қант –5,2%, қышқылдылығы-
0,37%, С дәрумені – 14,0мг/%. Негізгі сабағының ұзындығы- 150см. Жемісі 
қанық жасыл, тегіс, дөңгелек пішінді. Піскен жемісі – қою сары. Қазақстанның 
барлық облыстарында 2013 жылдан бастап егіледі. Авторлары: Джантасов С.К., 
Айтбаев Т.Е., Мавлянова Р.Ф., Ien-Ire Chen, Peier Hanzon. 


80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет