«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет77/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   169
thesis141891

Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (29.01.2013 ж. өзгертулер 
мен толықтырулар енгізілгеннен кейін) 49 бап [Электронды ресурс] // 
URL: http://www. zakon.kz . 
2 Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы 
(Салық кодексi) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ 
3 Шамшаева 3. М. Планирование и расходование бюджетных средств с 
учетом индикативных показателей // Альпари, 2011. - №2-3. - С.82-86 
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты, Амалбекова 
Гульмира Ержановна
 
 
МАНИКОВА А.А., ХИБИНА З.Н.
(АҚТӨБЕ, ҚАЗАҚСТАН) 
 
ӨРКЕНИЕТТІҢ СУ БАСТАМАСЫ - РИМ АКВЕДУКТАРЫ 
Ежелгі Рим акведуктары сол кездегі инженерлер ойлап тапқан ең керемет 
су құбыры жүйесі болып саналады. Олардың жалғыз технологиялық принципі - 
еңіс: су құбырының бастамасы оның соңына қарағанда жоғары орналасуы тиіс; 
судың орнын ауыстыру жөніндегі барлық жұмысты ауырлық күші орындайды. 
Әрине, су қатып қалмау үшін, бұл еңіс су құбырының бүкіл желісі бұзылмауы 
қажет болды. Олардың арқасында су-бұрқаққа, моншаға, бай адамдардың жеке 
үйлеріне су берілді. Римдіктер бұл суды - ішуге, тамақ дайындауға, тазалықты 


211 
сақтауға пайдаланды, осы судың арқасында қоғамдық дәретханалар үнемі 
жуылып тұрды. Іс жүзінде, акведуктар - әр түрлі ландшафттар арқылы 
салынған суару каналдарының жүйесі саналды. Су бұлақ көзінен акведуктерге 
түсіп, сол жерден "кастелла" (су қысымды мұнаралар) арнайы тұндырғышына 
құйып, құбырлар бойынша қалаға бөлінді. Егер су құбыры жер астында 
салынбаса, онда оны арка аралығына салып, суды таза сақтау үшін жоғарыдан 
жауып тастады. Алдымен су құбырының соңғы нүктесі анықталды, содан кейін 
соңынан басына қарай қозғала отырып, жер картасын сызып, рельефті бекітіп, 
оңтайлы жолды таңдап алды. Траншеяларды, таулардағы тоннельдерді қазып, 
ағаштарды кесіп көпірлер салды. Бұдан әрі қарай су құбырын блок-блоктан 
бұлақ көзінен созды.
Антика заманында қаланы сумен он акведук қамтамасыз етті, оның ішінде 
Клавдия акведугі ең ауқымды болды. «Кімде-кім бұл акведуктың қалаға 
жеткізетін су көлемін мұқият есептесе, барлық моншалар, бассейндер, үйлер, 
арналар, бақтар және қала сыртындағы виллаларды, оның жүру жолында қанша 
арка тұрғызылғанын ескере отырса, − онда ол бүкіл әлемде бұған лайықты 
теңдесі жоқ екенін мойындайды», − деп Үлкен Плиний жазды [5, с. 90]. 
Аква Аппия акведугі - б.з. дейінгі 312 жылы Аппий Клавдий Цек пен Гай 
Плавтийдің кезінде салынған Римдегі ең көне су құбыры болды. Римнен 15 
шақырым жерден Плавтий акведук үшін таза су болатын бұлақ көзін тауып 
алып, су қорын зерттеп, тұрғындардан су сапасы туралы сұрады. Акведук қала 
орталығын кесіп өтті. Аппий Клавдий тікелей акведуктың құрылысымен 
айналысты. Римде республика заманында төрт су құбыры салынды, содан кейін 
олардың құрылысы тоқтатылып, б.з. бұрынғы 27 жылы Октавианның 
басқаруымен акведуктар қайта салына бастады. Құрылыспен император Марк 
Агриппаның күйеу баласы шұғылданды. Оның басшылығымен ескі су 
құбырлары жөнделіп, екі жаңа су құбырларымен алмастырылды. Аква Аппия 
барлық Рим акведуктары сияқты су жинағыштан, спекустан, тұндырғыштардан, 
қаладағы суды тарату және тұтынушылар үйлеріне суды жеткізетін қорғасын су 
құбыры жүйесінен тұрды. Акведук Пренестин жолына жақын маңдағы 
Лукуллан алқаптарынан басталып, Тибрге дейін жетті. Оның ұзындығы 16,617 
шақырымды құрады. Соғыс кезінде қала үздіксіз сумен қамтамасыз етілуі үшін 
акведуктың көп бөлігі жер астынан өтті. Акведуктың спекусы ішінара кесілген 
жартасты жыныстар мен жұмсақ топырақты құрды. Соңғы жағдайда су, ішкі 
жағынан су өткізбейтін сылақпен жабылған, үстінде тас күмбезі бар тас 
плиталар бойынша жүргізілді. Акведуктың жер үсті бөлігі 90 метрге жуық 
болды және Капен қақпасына жақын жерден басталды. Акведук Рим 
ландшафттының ерекшеліктерін ескере отырып салынған ұлы аркалардың 
көмегімен жер үстіне көтерілді. Аква Аппия акведугі Римнің келесі 
аудандарын: Тибрдің оң жағалауы, Целий, Авентин, Капитолий және Форум, 
Мурция алқабы, Марс алқабы, Велатрды сумен қамтамасыз етті. Юлий 
Фронтиннің "Рим қаласының су құбырлары" жұмысында жазылған есептеріне 
сәйкес акведук күніне 73000 текше метр су бере алады. Су құбырларына түрлі 
мамандықтарды иеленген 700 құлдан тұратын су командасы қызмет көрсетті. 
Басқаруды сәулетшілер гидравликалармен жүзеге асырды. Сәулетшілердің 


212 
қарамағында қараушылар, тас қалаушы, қорғасынның мамандары, сондай-ақ 
көпір салушылар болды, олар тұрғын үйлерге кіреберістерде көпірлерді 
толығымен тексеріп, қайта төсеп беріп отырды. Көпірдің астына қорғасын 
құбырлар желісі тартылды, ал су құбырын пайдаланған римдіктер өз 
мұрагерлеріне де, үйді сату кезінде де жаңа тұрғындарға бере алмады. Римде 
бес жүз жылдықта жалпы ұзындығы 350 км.-ге жуық 11 су құбыры салынды, 
оның ішінде тек 47 км. сыртқы бетте, ал қалғандары жер астынан өтті. Арнайы 
құбырлардың көмегімен акведуктар бүкіл қалада орналасқан тарату 
құрылғыларымен қосылды. Бірінші кезекте су император сарайына, содан кейін 
қоғамдық моншалар мен фонтандарға, бай жеке үйлерге берілді. 
Пон-дю-Гар − бұл осы күнге дейін жеткен барлық римдік акведуктардың 
ең биік түрі. Көпірдің атауы ол кесіп өтетін Гар өзенінің құрметіне берілді. 
Енді, қазір ол Гардон өзені деп өзгертілді. Көпір, Ним қаласының маңайының 
Лангедок-Русийон аймағында, Гар департаментінде салынады. Көпірдің 
құрылысы I ғасырдың ортасында Клавдия немесе Нерон басқарған кезде 
басталды деп болжам жасайды. Пон-дю-Гар құрылысында 5 жыл бойы мыңға 
жуық адам жұмыс істеді. Бұл антикалық кезеңде салынған ең биік көпір болып 
саналады. Ол ұзындығы 275 метр және биіктігі 47 метр, әк пайдаланбай, тастан 
салынған орасан зор құрылыс болды. Көпір үш қабаттан: төменгі қабатта 6 
аркадан, орта қабатта 11 аркадан және жоғарғы қабатта 35 аркадан тұрады. 
Аркалардың ені жағаға жақындау шамасына қарай азаяды. Бұл ежелгі Римнің 
үш қабатты көпірлерінің біздің күнге дейін сақталып қалған жалғыз акведугі 
еді. Конструкцияның жалпы салмағы - 50 мың тоннаны құрды.
Қазіргі заманғы есептеулерге сәйкес, осы акведук арқасында 50 мыңға 
жуық адамы бар Ним тұрғындары күн сайын әр адамға 400 литр су жұмсай 
алды. 
Акведуктардың трассаларының ұзындығы кейде жүздеген километрден 
асып түсті. Республикалық дәуірде Римде төрт акведук: б.з. дейінгі 312 ж. — 
Аква Аппиа, б.з. дейінгі 272 ж. — Анио Ветус, б.з.дейінгі 144 ж. — Аква 
Марциа, б.з. дейінгі 125 ж. — Аква Тепула салынды. Соңғы акведук Август 
тұсында түбегейлі қайта тұрғызылды. Олардың арасында қазіргі уақытқа дейін 
аркаларымен бірге жалғыз Марция акведугі сақталды. 
Әрбір акведук су жинау жүйесінен, каналдан (спекустан) тұрды, ол 
бойынша су бұлақ көзінен қалаға, тұндырғыштардан Рим ішінде суды бөлу 
жүйесіне, ақыр соңында, суды тікелей үйге, тұтынушыларға қорғасын 
құбырларынан жасалған су құбыры жүйесі арқылы жеткізілді. 
Акведук Марция − (б.з. дейінгі 144 ж.) Римнің ең ірі және ең қуатты 
техникалық, архитектуралық шедеврі саналды. Онда су, жағымды дәмі мен 
тазалығымен ерекшеленді, сондықтан оның басқа акведуктердің суынан 
айырмашылығы, тек ішуге арналғандығында болды. Акведук Марция қираған 
қалалар — Коринф пен Карфагеннен әкетілген құлдар армиясының қолдарымен 
тұрғызылды. Акведуктың жобасына, құрылысына грек шеберлері − 
құрылысшылар мен сәулетшілер қатысты деп санауға деректер де бар. Бұл 
қорытындыға, ерекше жұқа әзірленген аркалалар мен көпірлердің үйлесімдік 
жүйесі және алтын қиманы қолдану тәсілі әкелді. Марция акведугының арнасы 


213 
Римнен 10 км. қашықтықтағы жерден шығып, кейбір жерлерде биіктігі 10 м.-
ден асатын тас аркаларға қойылды. Арнаның мұндай маңызды бөлігі алғаш рет 
субконструкцияға көтерілді, сондықтан су қаланың жоғарғы бөлігіне де келіп 
тұрды. Сонымен қатар, жаңа сипатты субконструкциялардың өзі де алды — 
мұнда алғаш рет көпірлерді салу үшін ғана қолданылған арка жүйесі 
қолданылды. Марция акведугінде кейін бүкіл Рим империясына тараған 
құрылыстың осы түрінің конструктивтік схемасы жасалды. Осындай орасан зор 
құрылыстың құрылуы аркалар құрылысының конструкциялары мен әдістерін 
жетілдіріп, жекелеген аркалардың барынша жетілдірілген пропорцияларын 
табуға мүмкіндік берді. 
Алдыңғы және кейінгі акведуктармен салыстырғанда мұнда жұмыс 
техникасы анағұрлым жоғары. Аркалар мен арнаның өзі тұрақты, мықты 
туфтан жасалды. Арнаның жер үсті бөліктерінің рельефіне байланысты әртүрлі 
құрылымы: 1) тұтас қабырғаға салынған арна (жерден шығудың көзі); 2) 
төменгі аркаларға салынған арна, онда аркалардың дақтары іргетаста тікелей 
жатты; 3) құрылыстың жалпы биіктігі 8 м. аркалардың биіктігі бойынша 
орташа арнаға салынған арна; 4) құрылыстың жалпы биіктігі 12 м.-ге дейінгі 
жоғары аркаларға салынған арна; 5) жолдардың қиылысуынан жоғары аркаға 
салынған арна болды. 4-ші құрылым ең үлгілі нұсқаны білдірді. 
Километрлерге созылған бірдей элементтерден тұратын акведуктың 
аркалары, тек инженерлік қана емес, көркемдік құндылығы да болуы үшін 
пропорцияларды өңдеуге ерекше назар аударуды қажет етті. Марция су 
құбырының пропорциясы барлық құрылыстың өлшеміне модуль енгізу және 
"алтын қиманы" қолдану арқылы жүзеге асырылды. Модульде арнаның ені - 
0,76 м., яғни 2,5 Рим футты көрсетті. Барлық қалған өлшемдер оған еселеніп 
отырды (жоспарлы және қасбеттік). Бұл өлшем бастапқы және "алтын қима" 
үшін алынды. "Алтын қима" ережесін құрылысшылар бөлшектерді, сондай-ақ, 
арка - секцияның негізгі элементін шешуде, арканың диаметрін баған еніне 
қатынасын анықтауда қолданды, ол 1:0,618 теңестіріліп барлық секцияларға 
үйлесім беріп отырды. Одан кейінгі акведуктерге қарағанда, Аква Марциа 
акведугінен осьтік пропорциялауды, яғни, баған осьтері бойынша фигураны 
бөлу мүмкін болмады. Шеңбермен жартылай биіктікке біріктірілетін 
фигураның бірлігі екі бағананы және арканың бір аралығын қамтиды; сонымен 
бірге бұл барлық арканың биіктігін көрсетеді [1, с. 461]. 
Қазақстан жерінде бұдан бұрын жүргiзiлген қазба жұмыстары кезiнде 
Ақыртасқа Шошқалы мен Ұзынбұлақ шатқалдарындағы бұлақтардан су
жеткiзiліп тұрғаны анықталды. Ақыртас пен шатқалдардың арасы 3-4 
шақырымға жуық. Су әрқайсысының ұзындығы 50–60 см. болатын, бір жақ 
басы жуан, екінші басы тарлау келген құбырлармен жүрді. Жуан жағының 
диаметрi – 20 см., тарлау жағының диаметрi – 18 см. болды. Құбырдың 
тарылатын басы келесi құбырдың жуан басына кигiзiлiп отырды. Су құбырлары 
мен олардың сынықтары бұлақтардың басынан табылды. Ұзынбұлақ 
шатқалында су құбырлары жан-жағы жартас болып келген сайдың тарылған 
жеріне топырақ пен тастан жасалған бөгетке жиналған су қоймасынан бастау 
алды. Су жүйесi өте күрделi болғандықтан, Ақыртастың маңайында да су 


214 
қоймасы салынғанда, одан диаметрi кiшiрек құбырлар арқылы су үйлер мен үй 
қожалықтарына таралды. Аулаларда да бассейндер болды. Ақыртастың 
солтүстiгiнде екi су қоймасы бар. Олардың бiрi, батыс тараптағысы, қазiргi күнi 
ауданы 40х40 м., тереңдiгi 2 м. болатын төртбұрышты қазан шұңқыр. Оған 3200 
текше метр су сыяды. Ал шығыстағы су қоймасы көлемi жағынан бұдан 
кiшiрек, оның диаметрi – 30 м. Шамасы, бұл жердегі жиналған су Ақыртастан 
солтүстiкке қарай орналасқан алқаптағы егiстікті суаруға арналған болуы керек. 
Ақыртастың шығысында қабырғамен қоршалған ауданы 250х20 м. болатын 
учаске табылды. Бұл учаскенің шығыс жағы көктемде суға толып ағатын жылға 
аңғарымен шектеседі. Одан басқа, тау жақтан келетiн канал аңғары да жақын 
орналасты. Соған қарағанда бұл жерде үлкен бақ салыну ісі жоспарланған 
болуы керек, не болмаса оған дейін бақ болуы мүмкін деп болжам жасауға 
болады. Ондай бақтар Шығыс сарайлары кешендерінде, әсiресе, Самарадағы 
халифтердің жаздық резиденцияларында көптеп кездесті [2, 154-155 бб.]. 
Отырар моншасындағы жылыту, су алу және сарқын су ағызу жүйесінде, 
моншаға су жер астымен өтетін қыш құбырмен келіп тұрды. Бірнеше тұста жер 
астында және су қоймасының түбінде су құбыры жүйесінің қалдығы сақталды. 
Су құбыры жүйесі Х-ХV ғасырларда қолданылды. Цистернаға су, шамасы, су 
құбыры тармақтары арқылы жетіп, цистерна түбіне бекітілген қазанда 
ысытылуы мүмкін. Су толы қазан «негізгі ысытқыш» қызметін атқарады. 
Бөлмелерге су құбырлар жүйесімен таратылмаған, жуынатын бөлмелер мен 
цистерна тұрған жердің арасындағы қабырғада су алып-беріп тұруға арналған 
арнайы ойықтар болады. Кір су науалар арқылы іргедегі құбырға немесе арыққа 
ағып, одан әрі сіңіп кететін құдықтарға құйылады [2, 220 б.]. 
Шахристан iшiндегi қызықты құрылыстың бірі су құбыры едi. Олар 
бұлақтардан бастау алды. Бұлақ суы арнайы таспен қаланып жасалған 
шұңқырда жиналып, одан кейiн шахристанға жеткізілді [2, 260 б.]. 
Тараздың шығыс бөлiгiнен археологтар ұзындығы 15 м.-ге жететiн су 
құбырының сынығын табады. Ұзындығы 70 см., диаметрi 25 см. болатын қыш 
құбырлар бiр-бiрiмен балшықтан жасалған муфталармен (металл түтiк) 
жалғастырылады. Олар қыштан жасалған «жастықтарға» орнатылады. Су 
құбырлары Талас өзенiмен жалғасады. Өзен суының қатты ағынының 
арқасында ауыз су қаланың барлық түкпiрiне жетiп тұрады. Су желісін жүргiзу 
белгiлi бiр техникалық бiлiмді қажет еткендіктен, бұған қарап қалада 
инженерлiк ой мен білімнің жақсы жетілгенін аңғаруға болады [2, 113 б.]. 
Түркістан қаласы кең байтақ және бай егіншілік өңірінің орталығы болды. 
Васифи, Сауран төңірегінде XVI ғасырда суландырудың кәріздік жүйесі 
болғандығын, оның жұмыс істегендігін, кейін Сауранның қалдықтарын 
археологтар тапқанын жазып қалдырады. Отырар, Отырар жазирасы XV-XVII 
ғасырларда суды Темір арық жүйесінен алып, оның басы қазіргі Шәуілдірден 
10 км. жоғарыдағы Арыстан басталады [4, 339 б.]. 
Васифи Қазақстан үшін ерекше қаланы сумен жабдықтауды, кәріз арқылы 
− жер асты сулары сыртқа шығарылатын жер асты галереяларын сипаттайды. 
Васифи: «Осындай құрылыстарды, жер бетін шарлап өткен адамдар құрғақтан 
да, теңіз бетінен де көрмеді» – деп атап өтеді. Олардың құрылысында 200 үнді 


215 
құлдары жұмыс істеді. Кәріздің бастамасы фарсах пен Сауранның 
арақашықтығында орналасты; оның үстінде бекініс салынды, бекіністің ішінде 
тереңдігі 200 гязь құдық қазылды, 50 гязь жер бетінен суға дейін болды, 150 
гязь құдықтағы су бағанын құрады; суды чигирь арқылы көтерді. Чигирь бұқа 
қимылы арқылы жүргізілді. Кәріздің бастауында су қоймасы болды. Бір кәріз 
суымен суарылатын жер учаскесінде бақтармен, жүзімдіктермен және 
шаруашылық құрылыстарымен − чарбаг орнатылды. Сауран маңының 
солтүстік шетінде аяқталатын, үй-жайы құрылысы алып жатқан, және Мыртөбе 
қалашығының ауданындағы, кәріздер жоғарыдан дөңгелек тізбектерді құрды 
(желдеткіш құдықтарды). Құдықтардың диаметрі 5 метрге тең, олардың 
арасындағы қашықтық 12-15 м. Кәріз – күрделі және қиын құрылыс. Оның 
құрылысы мен тазартылуы тек қана қиын еңбекпен ғана емес, сонымен қатар 
өмір үшін қауіптілікпен де байланысты болды. Васифи: «Жерқазушыларды 
құлаудан, шахталық газдан, судың кенеттен жарылуынан сақтады», - деп 
Васифи хабарлайды. Ол Сауран кәріздерінің құрылысы туралы: «Құдықтағы 
ауа бүлініп, жұмыс істеу мүмкін емес болды. Сол кезде құдықтың бір жағынан 
кішкене арықтың өлшемі мен оның тереңдігіне дейінгі жүрісті қазып, 
былғарыдан тігілген жеңге ұқсас жүріспен жіберіп отырды. Жеңнің басына ұста 
үлбіріні қойып, ауа айдады, ал шебер − жер қазушылар жұмыс істеді. Егер 
кенеттен су, су бұрқақпен бітеліп қалса, жер қазушылар суға батып кетпеулері 
үшін белдеріне екі асқабақ байлап жұмыс істеулеріне тура келді», - деп жазады. 
Орта Азия мен Қазақстан аумағында кәріздік суландыру Түркменияда кең 
тараған, онда қазіргі уақытта да бірнеше кәріздер қолданылып келе жатыр. 
Иранда мұндай суландыру ең жоғары кемеліне жетті, мұнда ұзындығы 50 км.-
ге дейінгі кәріздер болғаны анықталды. Ал Әзірбайжанда таяудағы уақытқа 
дейін 812 кәріз жұмыс істеді. Бұл олардың қала халқының өмірі үшін 
маңыздылығын көрсетеді [3, с. 251-253]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет