IV. Тербелмелі және толқынды процестерді пайдалануға
негізделген кейбір техникалық құрылғылар.
8
1
7
Механикалық тербелістер және олардың техникалық
қолданылуы.
1
220
1
8
Ультрадыбыстың техникалық қолданылуы.
1
1
9
Аса жоғары жиіліктердің техникалық қолданылуы.
1
2
0
Айнымалы ток генераторы, жұмыс істеу принципі.
1
2
1
Трансформатор. Электр энергиясын өндіру, пайдалану, оны
жеткізу.
1
2
2
Радиобайланыс құралдары.Телефонның адам өмірінде
алатын орны.
1
2
3
Эксперимент. Қарапайым радиоқабылдағыш құрастыру.
1
2
4
Сынақ сабағы.
1
V. Оптикалық техника.
4
2
5
Фотоаппарат. Қазіргі заманғы фотоаппараттың түрлері.
Эксперимент. Фотоға түсіру.
1
2
6
Спектроскопияның
техникалық
қолданылуы.
Поляризацияланған жарықтың қолданылуы.
1
2
7
Люминесценцияның техникалық қолданылуы.
1
2
8
Лазер. Лазердің техникалық қолданылуы.
1
VІ. Ядролық техника элементтері.
5
2
9
Зарядталған бөлшектерді тіркеудің техникалық әдістері.
1
3
0
Зарядталған бөлшектерлдің үдеткіштері.
1
3
1
Атом электр станциялары.
1
3
2
Изотоптарды пайдалану.
1
3
3
Термоядролық раекторлар. Ядролық энергияны қолдану.
1
3
4
Қорытынды сабақ. Сынақ сабағы.
1
Осы қолданбалы курсының бағдарламасы негізінде құрылған «Айналмалы
қозғалыс берілісі. Үйкеліс күші. Подшипниктер» тақырыбы бойынша
жүргізілген сабақтың үлгісін ұсынып отырмын. Тақырып 2 сағатқа құрылған.
Бірінші сабақта оқушылардан үйкеліс күші, түрлері, үйкеліс күшінің өзгерту
тәсілдері, табиғаттағы және техникадағы үйкелістің пайдасы туралы негізгі
берілген білімді тиянақтай отырып, айналмалы қозғалыс берілістері,
фрикциондық берілісітер, қайысты берілістер, тісті берілістер туралы жаңа
221
мағлұмат беріледі. Бұл тақырыпты бірінші оқытылу себебі қазіргі кезде
айналмалы қозғалыс берілісінің принципі қолданылмайын бірде – бір
техникалық құралдардың жоқтығы. Фрикциондық беріліс екі цилиндр каток
арқылы іске асырылады. Бірі жетектеуші, екіншісі жетектелуші. Жетектеуші
катоктан жетектелуші қозғалыс олардың арасындағы үйкеліс есебінен беріледі.
Үйкеліс күшінің артуы катоктың бір-біріне түсірілетін қысымын арттырғанда
немесе үйкеліс коэффициенті үлкен арнайы фрикциондық материалдарды
пайдаланғанда мүмкін болады. Қазіргі техникада фрикциондық берілістер
шағын қуатты тігін машиналарында (жіп төгу механизмінің жетегі)
қолданылады. Қайысты берілісте қозғалыс жетектеуші біліктен жетектелуші
білікке үйкеліс күші есебінен қайыс арқылы беріледі. Беріліс саны n
;
Тісті берілістің беріліс саны: n =
=
;
Оқушының білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында сандық және
сапалық тапсырмалар берілді тапсырмалары бойынша жауап алынады.
1.
Неліктен судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
2.
Қозғалып келе жатқан жүгі бар арбашада үйкелістің қандай түрлері
пайла болады?
А) Үстеу мен дөңгелектер арасынла (домалау үйкелісі)
Б) Дөңгелектің осімен арбашаның корпусы арасында (сырғанау).
В) Жүк пен арбаша арасында (тыныштық).
3. Сырғанау үйкеліс коэффициенті тыныштық үйкеліс коэффициентінен
қандай болады?
4. Горизонтқа α бұрыш жасай көлбеу орналасқан партаның үстінде
массасы m кітап жатыр. Егер үйкеліс коэффициенті µ болса, онда үйкеліс күші
қандай болады?
5. Массасы 7 кг жазық білеушені вертикаль қабырғада сырғанамау үшін,
оны қандай ең аз күшпен қабырғаға қысу керек? Қабырға мен дене арасындағы
үйкеліс коэффициенті k 0.35
6. Массасы 50 кг бала төбешіктен шанамен сырғанап, горизонталь жолмен
10 сішінде 20 м жүріп барып, тоқтады. Үйкеліс күшін және үйкеліс
коэффициентін табыңдар.
7. Не үшін кейбір снарядтарда жаттығу жасау кезінде алақанды
магнезиямен, ал шаңғының табанын конифольмен сүртеді.
8. Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық
құбылыс, заңдылық қолданылады.
9. Горизонталь жолда бос автомобильге қарағанда жүк тиелген
автомобилдің тұрып қалуы неліктен аз болады?
10. Қозғалыс мотоцикл двигателінің білігінен шынжырлы беріліспен
беріледі. Жетектеуші тістерінің саны 24, жетектелуші тістерінің саны 72. Егер
жетектеуші 3000 айн/мин жылдамдықпен айналса, жетектелуші минутына
қанша айналым жасайды.
Үйкеліс күшінің екінші сабағында оқушылар әртүрлі тәсілдермен үйкеліс
коэффициентін эксперимент жүзінде анықтады.
222
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тәжірибе жасау, талдау, салыстыру, топпен
жұмыс.
Сыныпты екі топқа бөлдім. Екі топқа берілген тапсырмалар:
1-тәсіл: Математикалық
2-тәсіл: Энергетикалық
2 топ мүшелері осы тәсілдермен сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтап,
өлшеу нәтижелерінің қорытындысын талқылап, анализ жасады.
1-топқа берілген құрал-жабдықтар: сызғыш, транспортир, 2 трибометр,
штатив, сіріңкесі бар қорап, Брадистің төрттаңбалы таблицасы.
Топ мүшелерінің жауабы: Трибометрді штативке көлбей бекітеміз. Үстіне
сіріңке қорабын қоямыз. Қандай да бір Һ биіктікте сіріңке көлбеу жазықтық
бойымен бірқалыпты сырғанайтындай етіп қоямыз. Сырғанау кезіндегі
трибометрдің қисаю α бұрышын белгілеп қисаю жазықтығын беретін һ
биіктігін және қисаю жазықтығының табанын өлшейміз. Біздің есептеуімізде
тікбұрышты үшбұрыш шығады. Ауырлық күші әсерінен көлбеу жазықтықпен
бірқалыпты дененің сырғанау кезіндегі бұрышты үйкеліс бұрышы деп атайды.
Үйкеліс коэффициенті осы бұрыштың тангенсіне тең.
Экспериментті математикалық жолмен тексеріп қорытындылай білді.
2-ші топқа берілген тапсырма: Энергияның айналу және сақталу заңын
пайдаланып сырғанау және үйкеліс коэффициентін анықта.
Берілген құрал-жабдықтар: таразы, массалары әртүрлі жүктер, трибометр,
өлшеуіш сызғыш, динамометр.
2-ші топ мүшелерінің жауабы: Жүктің массасын таразымен өлшейміз.
Алғашқы серіппенің ұзаруын сызғышпен өлшеп. Трибометрдің үстіне жүкті
қойып, ілмегіне динамометрді қойып тартамыз. Осы кездегі серіппенің
серпімділік күші динамометрмен өлшенеді. Ұзаруды және жүктің орын
ауыстыруын сызғышпен өлшейміз. Серіппенің потенциалдық энергиясы S
жолдағы үйкеліс күшін жеңуге кеткен жұмысқа тең деп жасаған
эксперименттерін қорытындылайды.Бу және бу машиналары. Бу және газ
турбиналары. Іштен жанатын қозғалтқыштар тақырыбындағы сабақ семинар
түрінде өткізілді. Сабаққа байланысты тақырыптар оқушыларға күні бұрын
берілді. Бұл сабақта оқушылар алғашқы бу ойыншығы, Ньюкоменнің бу
насосы, Уаттың бу машинасы жалпы бу және газ турбиналарының, іштен
жанатын қозғалтқыштардың, роторлы поршенді қозғалтқыш, дизельді
қозғалтқыш, газ карбьюраторлы қозғалтқыштардың құрылысы мен жұмыс істеу
принципін
түсіндіреді.Қолданбалы
курстарды
жүргізу
барысында
оқушылардың психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке жұмыс
жүргізуіме де тура келді. Өзін-өзі бағалайтын оқушы өз жетістіктерін,
сәтсіздіктерін, қабілетін, мүмкіндіктерін, кәсіби жарамдылығын бағалайды.
Оқушының қасиеті осындай болады. Қолданбалы курстарды оқу барысында
шәкірттеріміз заман талап етіп жатқан пайдалы, беделді мамандықты
таңдайды, белгілі бір оқу саласына түсіп, оны бітіріп, белгілі маман болуды
қалайды. Сол үшін мектеп қабырғасында мамандыққа дұрыс бағыт сілтенуі
керек деп санаймын.
223
Қорыта айтқанда, баланың еркінде терең ойлауына, үздіксіз жұмыс
жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес.
Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының іздемпаздығы, шығармашылығы
дамиды. Сыныптастарымен еркін сөйлесуге, бір-бірін құрметтеуге, өзекті
мәселені шешу жолдарын іздеуге ұмтылады. Қолданбалы курсы –
оқушылардың білімге деген оқу-танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі
қоғам талабына сай білім алуға көп әсерін тигізеді. Қолданбалы курсы
оқушының жоғары сыныптарда бейімдерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Тұлға құзырлығын қалыптастыруға тиісті құзіреттіліктерді жүзеге асыруда
оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне мән бере отырып, білімді баланың
еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре
отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге
қабілетті өзгеріске бейім жеке тұлға тәрбиелеу – ізденіске толы шығармашылық
жұмыстардың нәтижесінде болмақ. Олай болса, физика пәнін оқытудағы
жүргізілетін қолданбалы курсы табиғат пен қоғамдық құбылыстарын тереңірек
түсіне алатын, ақпаратпен саналы түрде жұмыс жасай алатын жан-жақты
дамыған, ой-өрісі кең азаматты тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |