«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет82/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   169
thesis141891

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.А.Г. Глазунов «Орта мектеп курсындағы техника» 
2.В.Радионов «Жаратылыстану және техника» Знание баспасы, 1989ж. 
3.В. Фабрикант «Ғылыми – техникалық революция және мектептегі физика 
білімін жетілдіру». 
4.Юная техническая энцеклопедия, «Педагогика» баспасы, 1989ж. 
5.«Энергетика сегодня и завтра», «Знание» баспасы, 1986ж. 
 
МОЛДАБЕКОВ Б.Қ. 
(ШЫМКЕНТ Қ. ҚАЗАҚСТАН) 
 
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 
ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІН ЖАСАУ 
 
Әрбір мемлекеттің азық-түлік стратегиясы тұтынудың медициналық 
нормасына байланысты тұрғындарды азық-түлік өнімдерімен толықтай 
жабдықтауға бағытталған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да 
факторларды ұлттық жағдайлары үшін оңтайлы комбинациялауға жетуге 
негізделеді. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үрдісіндегі 
үкіметтің рөлі елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді мақсаттарын 
және әлеуметтік-экономикалық реттеу шараларын әзірлеуге негізделген.
Санатаралық байланыстарды талдау қаланың, аймақтың, мемлекеттің 
азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі азық-түлік 
қауіпсіздігіне жетудің ең басты критерийі болып табылатынын көрсетті. Оның 


224 
мәні мемлекеттің сыртқы және ішкі қауіп-қатерден тәуелсіз тұрғындардың 
азық-түлік өнімдерінің, ауыз суы мен басқа да өнімдерінің қажеттілігін 
қанағаттандыру қабілетіне әкеледі. Олардың көлемі, сапасы және тұтынатын 
азық-түліктің ассортименті тұлғаның физикалық және әлеуметтік қалыпты 
дамуы үшін қажетті және жеткілікті болуы тиіс. Осыған байланысты өзін-өзі 
азық-түлікпен қамтамасыз етудің өзара тәуелділігі және қауіпсіздігі теориялық 
міндетті шешу қажеттігіне –ішкі және сыртқы механизмдер арқылы азық-түлік 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын анықтауға негізделген. 
Өзін-өзі қамтамасыз ету саясатын іске асыру импорттық көмекақшаларды 
(азық-түлік импортын ынталандыру) және экспорттық тарифтермен 
жәрдемақылардың (экспортты шектеу) негізінде жүзеге асырылады.
Барлық дамыған елдерде мемлекет әр түрлі экономикалық және қаржылық 
құралдардың көмегімен (соның ішінде датация және компенсация жүйесі, 
салықтан босату және азайту, тұтынылатын ауыл шаруашылық қорларына 
тарифтерді төмендету, бюджеттен компенсациялау арқылы несиелеу және 
сақтандыру жүйесі және т.б.) өнеркәсіптік үрдістерді қайта бөлу арқылы 
монополизациясы азауыл шаруашылығын тұрақты қолдауды іске асырады. Бұл 
халық тығыздығы бойынша Қазақстанмен тең емес елдерде (Қытай, Жапония, 
Батыс Еуропа елдері және т.б.) тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, 
сондай-ақ халықаралық сауда арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін және азық-
түлік өнімдерінкөп көлемде экспорттауға мүмкіндік береді [1]. 
Әлемдік тәжірбиеде азық-түлік саудасының бірыңғай тәсілі және оларда 
басқа мемлекеттердің қатысу түрі жоқ. Барлығы мемлекеттік қызығушылыққа 
байланысты, тіпті теориялық үлгілер осы немесе одан басқа саяси және 
стратегиялық 
нақты 
міндеттерді 
қарастырады. 
Ауыл 
шаруашылық 
тауарларының еркін саудасын ауыл шаруашылық өндірісінде табиғи және 
экономикалық басымдылықтары мен өнім қорлары көп дамыған елдер ғана 
жүргізеді.
Нарықтық экономика жағдайларында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуде сауданың рөлі әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі жетістігінің ең басты 
элементі болып табылады. Сауда қорларды тиімді пайдалануға және 
макроэкономикалық азық-түлік қауіпсіздік деңгейіне тәуелді экономикалық 
дамуға мүмкіндік береді. Сауда ел тұрғындарының азық-түлік өнімдерін 
тұтынуға, олардың өндірісін арттыруға мүмкіндік береді, өндірістің ауытқуын 
қысқартуға, тұтынуға және оны сақтау тәсіліне көмектеседі [2].Сондай-ақ сауда 
азық-түліктің қолжетімділігіне әсер етеді, өйткені ол экономикалық өсуге, 
халықтың табысы мен жұмысбастылығына оң әсерін тигізеді, тиісті сауда 
саясаты тұрақты даму және азық- түлік қауіпсіздігіне жетуге көмектеседі.
Көпжылғы пікірталасқа қарамастан меншікті салмақтаазық-түліктің ішкі 
өндірісіне (өзін-өзі қамтамасыз ету) ие болуы тиіс критерийінің болуы нақты 
анықталмаған. Халықаралық сауданың неоклассикалық теориясына сәйкес 
ауыл шаруашылықта салыстырмалы басымдылыққа ие емес жәнеауыл 
шаруашылық өнімдерінің өндірісі кезіндешығындар деңгейі өте жоғары 
елдерде салыстырмалы басымдылықтары бар өндірісті дамыту, ал осы 


225 
қызметтен алынған табыстан импорт есебінен азық-түлік қажеттігін 
қанағаттандыру тиімдірек.
Сонымен бірге өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуге ұмтылу басқа 
елдердегі тиімді өндірушілерге теріс әсерін тигізеді, бұл азық-түліктің 
баламалы көздерін таңдауды төмендетуге және азық-түлік қауіпсіздігіне теріс 
әсер етеді [3]. Өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету мен қауіпсіздіктің өзара 
байланысы мәселесі бойынша даулы экономикалық пікірталасының 
қатысушыларын екі бағытқа бөлді: оның бірі өзін-өзі қамтамасыз ету ұзақ 
мерзімді жоспарда азық-түлік қауіпсіздігінің жалғыз кепілі болып табылады 
деп санайтындар және екіншісі барлығы үшін азық-түлікті ұзақ мерзімді 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті, нарықтың бұрмалануынантәуелсіз 
сауда жүйесі деп санайтындар. Алайда нағыз тәжірбиеде барлығы қиынырақ 
және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі өндіріс пен импорттың 
өзара қатынасы бойынша егеменді мемлекеттің үкіметі шығаратын 
субъективтік бағалауға жинақталады. Қағидалық қатынастан азық-түлік 
қауіпсіздігі мәселесіне байланысты аграрлық саясаттың келесі түрлері 
қарастырылады (12 кесте). 
12 кесте – Аграрлық саясаттың түрлері
Саясат түрі 
Аграрлық саясаттың аталған түрін іске 
асырушы ел 
Импортқа 
бағдарланған 
аграрлық 
саясат 
1972 жылға дейін Ұлыбританияда еркін 
сауда жүйесін қолдау негізінде жүргізілді. 
Алайда саясаттың бұл түрі тарихи тұрғыдан 
анықталған, бірақ та қазіргі жағдайларда тіпті 
агроклиматтық 
жағдайлары 
қолайсыз 
мемлекеттерде 
саяси 
бағдар 
болып 
табылмайды 
Экспортқа 
бағдарланған 
аграрлық 
саясат 
АҚШ-та ауыл шаруашылық өнімдерін 
классикалық экспорттаушымен жүргізіледі. 
Өзін-өзі қамтамасыз 
ететін 
протекционистік 
саясат
Еуропаның құрлықтық елдеріне тән, ЕО 
(САР) бірыңғай аграрлық саясаттың аясында 
жүргізіледі 
және 
ауыл 
шаруашылық 
тауарларының бірыңғай нарығы, кедендік 
қорғау жүйесі қағидаларына негізделеді. 
Ішкі нарықты қорғау және өндіріс жағдайларын теңестіру - әрбір 
мемлекеттің экономикалық саясатының шарасыз компоненті. Аграрлық сала 
қорғаудың ең жоғарғы деңгейлі аймағы болып табылады. Индустриальды 
дамыған елдердің үкіметі мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуге басымдылық береді. Импорттық тәуелділіктің азық-түлікке қатынасында 
әрбір мемлекет қол жетімді өлшемді валюталық қорлар көлеміне және 
қанағаттанарлықсыз төлемге қабілетті азық-түлік өніміне сұранысының 
ауқымына байланысты анықтайды. Қосымша салықты (кеден салығы) енгізу 
нәтижесінде жалпы тепе-теңдіктің бұзушылықтарын макроэкономикалық 


226 
талдау протекционистік саясаттың теориялық негізінің ұлттық өндіріске әсері 
болып табылады. 
Неоклассикалық теория оңтайлы кеден тарифін орнату арқылы сауда 
еркіндігін бұзудың ең жалғыз жағдайын жасайды: сұранысы жоғары ашық 
экономика сауда жақсарту үшін шетелдіктерді бағасын төмендетуге мәжбүрлеу 
мақсатында кеден тарифін енгізуі мүмкін. Бұл Мецлер парадоксі деп аталады. 
P D S
P
2
D
2

I
1
a b c d D
1
P
1
L
+ импорт -
Q
0
Q
1
Q
2
Q
3
Q
4
Q
Сурет 6. Қосымша кеден салығының Парето-тиімділігіне әсері 
мұндағы а – отандық өндірушілердің қосымша табысы, b -қорларды 
тиімсіз пайдаланудан Парето-тиімділігінің төмендеуі, с –қосымша кеден 
салығын алушылардың табысы. 
6-суретте WW
s
сызығы кеден тарифін енгізгенге дейін әлемдік нарықта 
тауар ұсынысының қарқынын білдіреді, WW
s
n
сызығы – жеткізушілер нарықты 
жоғалтудан қорқып, Т тарифінен алынатын РР
3
өлшемінің бағасын төмендеткен 
кезде Т тарифін орнатқанға дейін нарықтағы ұсыныс тенденциясы, WW
s
n
+T 
сызығы –тарифті орнатқаннан кейінгі нарықтағы тауардың ұсынысы, q
1
q
2
q
3
параметрлері алынған тауардың сәйкес мөлшерін көрсетеді, ал Dd
i
сызығы – 
құнына байланысты өзгеретін импорттық тауардың қажеттілігі. 
6-суретте көрсетілгендей тұтынушылардың шығын көлемдері құнын 
төмендеуі кезінде жеткізудің q
1
-ден q
2
-ге дейін ұлғаюына байланысты ауданы 
P
3
D
1
q
1
O тең шаманың орнына P
2
D
2
q
2
O тікбұрышының акданы анықталады, ал 
тұтынушылар үшін табыс «а» тікбұрышы және «b» мен «с» үшбұрыштарының 
қосылыстарын құрайды. 
Ұлыбританияға 1960 жылы Генадан жеткізілген какао және 1970 
жылдардың басында Жаңа Зеландиядан жеткізілген май Мецлер оғаштығы 
әрекетінің мысалы ретінде қызмет етеді.
Ұлыбританияның – жаңа зеландтық майды негізгі тұтынушының«Жалпы 
нарыққа» кіруі және одан кеінгі кіру салықтарының ұлғаюы жаңа зеландтық 
жеткізушілердің табыс көлемін төмендету арқылыағылшын нарығының үлкен 
бөлігін қалдыру мақсатында бағаны төмендетуге мәжбүрледі.
Экономиканың жаһандауынан импорттық кеден салығының рөлі 
төмендейді: АҚШ-та ХІХ ғасырдың соңында ол бюджеттің 50% құраған, қазір 


227 
1,5% құрайды. Дамушы елдерде олардың мөлшері біршама үлкен, РФ ол 
мемлекеттік бюджет табысының 21% қамтамасыз етеді. 
Тиімді протекционизм деңгейі немесе қолданыстағы кедендік қорғау 
деңгейі мына формула бойынша анықталады:
g= (t-a
1
t
1
) / (1-a
1
),
(2) 
мұндағы t – ақырғы өнімді импорттаудың номинальды кеден салығы, 
a
1
– кедендік тариф болмаған жағдайда ақырғы өнімнің бағасындағы 
импортталған шикізат құнының үлесі, t
1
– шикізаттың номинальды тарифі. 

(тауар бағасы)

(тауар саны) 
q
1
q
2
q

P
3
P

P



w
s
w
s
n
w
s
n
+T 

D
1
D
2
D
3




О 
Сурет 7. Мецлер оғаштығы 
1950 жылдары дамыған елдерде импорт үлесі 5% ЖІӨ кем еместі құрады, 
ал қазіргі таңда оның үлесі 15%-ға жақындады. 
Протекционисттік сауда саясатының мысалы ретінде, егер үкімет азық-
түлік импортына тыйым салса, не болатынын қарастырамыз. 
Шынайы айырбас бағамының берілген кез-келген мәнінде импорт көлемі 
азаюы тиіс, яғни таза экспортытың мөлшері (экспорт минус импорт) артуы тиіс. 
Қорытындылай келе, 7-суретте көрсетілгендей таза импорттың қисығы жоғары 
қарай ығысады.Тепе-теңдіктің жаңа нүктесінде шынайы айырбас бағамы 
жоғарырақ, ал таза экспорттың көлемі өзгеріссіз қалды.Жүргізілген талдау 
протекционисттік сауда саясатытөлем теңгерімінің ағымдағы шотының 
сальдосына (S - I) әсер етпейтінін көрсетеді. Үлгі протекционнисттік саясат 
шынайы айырбас бағамының жоғарылауына әкелетінін көрсетеді. Шетелдік 
тауарлармен салыстырғанда, отандық өндіріс тауарларынның қымбаттауы 
протекционнистік шаралармен анықталған таза экспорттың артуын жоққа 
шығарып, таза экспорттың төмендеуіне алып келеді. 
Біраз уақыт өткеннен кейін тарифтерді салыстыру арқылы нақты және 
тікелей реттеу тәсілдерінің көмегімен импортты қадағалау қажеттілігі пайда 
болды. Ұн тарту кезінде диірменнің иесі отандық өндірісті бидайдың немесе 
тоттың қандай минимальды үлесін қосуға болатынын анықтайтын ұн тарту 
нормасын енгізу алғашқы және тиімді шараның бірі болды (1927 жылы 


228 
Норвегияда, 1929 жылы Германия мен Норвегияда енгізілді). Алғаш рет 
Францияда 1931 жыллы енгізілген, 1933 жылы Бельгияда заңды түрде 
бекітілген импорттық квоталар протекционизмнің маңызды құралы болып 
табылады. Импортты бақылаудан аграрлық азық-түлік нарығын терең реттеуге 
өту әсіресе, Францияда айқын болған, 1933 жылы Ұлттық бидайды салааралық 
басқармасы құрылды. Тұрмыс нарығы реттелген басқа тауардың бірі вино 
болып табылады. 
Осы мәселе бойынша заңнама акттерін қабылдау арқылы дамыған елдерді 
институционализациялау 
көптеген 
индустриальды 
дамыған 
елдердің 
макродеңгейінде азық-түлікті қамтамасыз ету бойынша негізгі мемлекеттік 
саясат болып табылады [4]. 
Германияда «Германияның ауыл шаруашылығы туралы» (1955 ж.), «Азық-
түлікпен жабдықтау туралы» (1979 ж.) заңдарына сәйкес халықты азық-
түлікпен жабдықтау мәселесін стратегиялық ретінде қарастырады.Германияның 
басқа жерлерінде азық-түлікпен жабдықтау туралы аймақтық тиімті заңдар 
қабылданған. 1986 жылғы (Чернобыль апаты) және 1990 жылдардағы (Ирак 
даңдарысы) оқиғалардан кейін «ГФР азық-түлік қауіпсіздігі» (1992 ж.) заңы 
қабылданғаннан кейін Германияда азық-түлікке және дағдарыс алдындағы 
заттарға деген дүрлікпе сұраным пайда болды. Атқарушы орган азық-түлік 
дағдарысы жағдайында азық-түлік тауарларының қорына бақылау орнатуды 
бастайды, алдын-ала басып шығарылған азық-түлік карточкасы арқылы 
бөлшектік нарықта мөлшерлеу және шек қоюды енгізуді жүзеге асырады. 
Францияның 
«Ауылшаруашылығын 
қолдау» 
(1960 
ж.), 
«Ауылшаруашылығының құрылымы» (1964 ж.) туралы заңдары елдің 
экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде саяси және экономикалық 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуін жүргізуді институттандырады.Бұл өз кезегінде 
ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауға ынталандыруға, бағалық реттеу 
арқылы ұлттық ауылшаруашылығына қолайлы жағдай жасау, импорттың 
лицензиялануы, 
стратегиялық 
қорлар, 
фермерлік 
шаруашылықтарға 
материалдық-техникалық компенсацияны және демеулік қаржыны қамтамасыз 
теу, ауылшаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне кредит бөлу, салықтық 
жеңілдіктер ұсыну, сатып алу монополиясына қарсы тұратын фермерлік 
шаруашылықтардың ірі кооперативтік құрылымдарға бірігуін ынталандыруға 
бағытталған. 
Швецияның «Ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу және өндіруді 
бақылау» (1940 ж.),«Ауылшаруашылығын оңтайландыру» (1947 ж.) заңдарында 
тамақ өнімі комиссия-сымен азық-түлік өнімдерінің сапасы бақыланады, 
фермерлерге өнеркәсіптегі айлық мөлшерінен кем түспейтін кіріс көзін 
қамтамасыз ететіндей азық-түлікті және шикізатты кіргізу, өндіру, негізгі 
дақылдардың 
егістік 
алқаптарының 
көлемі 
бойынша 
ұсыныстар 
қарастырылады [5]. 
Бес жылдық мерзімге қабылданатын «АҚШ-тың азық-түлік қауіпсіздігі 
туралы» заңы жартығасырлық тарихы бар және ол баға деңгейінің мемлекеттік 
кепілі фермерлік өнімге бюджеттік қаржыландыру арқылы нарықтық 
шаруашылық жүргізу заңдарын бұзбай олардың тұрақтылығына жәрдемдеседі, 


229 
құрылымды және өндіріс көлемін реттейді.Аталған құқықтық актілерді 
толықтыра келе, «Азық-түлік қауіпсіздігі» (1985 ж.), «Ауылшаруашылығы 
саясаты туралы» (1990 ж.) заңдар АҚШ экономикасының агроөнеркәсіп 
жиынтығына стратегиялық мағына беріп қана қоймай, АҚШ-тың азық-түлік 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сұрақтарда ішкі және сыртқы саясатын 
анықтайтын тұтастай құқықтық жүйе ретінде және азық-түлікті импорттайтын 
елдерде тәуелділікті жасау арқылы халықаралық орында лидерлік дәрежені 
ұстап қалу үшін де маңызды. 
Әдебиеттер 
1 Справочник Сертификация. / - Режим оступа:http://www.itsu.ru/news-
archiv-open/17-21-21-12- 2007_mezhdunarodniy _standart _proizvodstva_ pishevih_ 
produk/ 
2 Трэйси М. Сельское хозяйство и продовльствие в экономике развитых 
стран: введение в теорию, практику и политику. М., 1995. С.369 
3 С. Т. Күлтелеев, А. М. Жарасбаева Қазақстан Республикасының 
аграрлық құқығы. Жалпы бөлім. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. – 
Алматы: «HAS». 2005 – 264 б.
4 Экономческая безопасность государства // Социально-политический 
журнал, 1997г., №5. Стр.3 
5 Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін 
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі 
№296 Қаулысы. Қайнар көзі: ПАРАГРАФ ақпараттық жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет