Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін нығайтуда,
əлеуметтік-экономикалық дамуына минералды-шикізат
ресурстары
өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан Қазақстан Республикасының
экономикалық дамуының маңызды мəселелерінің бірі минералдық
шикізат ресурстарын одан əрі нығайту жəне ұлғайту, пайдалы
қазба кенорындарының барланған қорларын өнеркəсіптік
игеруге дайындаудың сапасын жəне тиімділігін арттыру.
Қазақстанда көптеген пайдалы
қазбалардың жеткілікті
үлкен қорлары бар, бірақ минералдық шикізатқа деген
сұраныстың күннен-күнге өсуі пайдалы қазбалардың барланған
қорларын көбейту жəне ұтымды пайдалану үшін
геологиялық
барлау жұмыстарының қарқынын тездетуді талап етеді.
Геологиялық барлау жұмыстары ұзақ мерзімді жəне
тоқтаусыз процесс, ол геологиялық карта түсіру жұмыстарынан
басталып, кенорындарды іздеу жəне оларды барлаумен
аяқталады. Осы геологиялық барлау жұмыстарының ішінде
геохимиялық іздеу əдістерінің орны ерекше. Геохимиялық іздеу
əдістері – бүкіл əлемде пайдалы
қазбаларды іздеуде кеңінен
қолданылатын əдістердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда
геохимиялық іздеу əдістері геологиялық барлау жұмыстарының
барлық сатыларында өте жоғары тиімділікпен геологиялық жəне
геофизикалық түсірулермен, содан кейін тау-кен жəне бұрғылау
жұмыстарымен үйлеседі.
Кеңес дəуірі кезінде геохимиялық іздеу əдістері Қазақстанда да
кеңінен қолданылған. Осы бағытта А. П. Соловов, Н. И. Сафронов,
С. Д. Миллер, Г. Р. Бекжанов, В. З. Фурсов, Б. А.
Досанова
үлкен еңбек сіңірген. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары
Қазақстан территориясында литогеохимиялық іздеу əдістерімен
мыстың Ақбастау,
Құсмұрын, Ақтоғай, Айдарлы, Қызылқия,
полиметалдардың Жəйрем, Шалқия, Алайғыр, Ұзынжал,
Оңтүстік Бестөбе колчеданды мыс-мырышты Авангард жəне
Приорское кенорындары ашылған.
Я. К. Аршамов
4
Оқырман қауымға ұсынылып отырған оқу құралы Қ. И. Сəтбаев
атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Геологиялық
карта түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу жəне барлау»
кафедрасында даярланған.
Осы оқу құралы «5В070600 – Геология жəне пайдалы қазба
кенорындарын барлау» мамандығының студенттеріне қазақ
тілінде оқылып жүрген «Пайдалы
қазба кенорындарын
геохимиялық іздеу əдістері» оқу курсының дəрістер жинағы
негізінде жазылды.
Оқу құралын жазу барысында автор аталған курс бойынша
жарық көрген А. П. Соловов, А. А. Алексеенко, Н. И. Сафронов,
Б. М. Рақышев, В. А. Жеребцов жəне тағы басқаларының
еңбектерін, сонымен қатар геохимиялық іздеу əдістері бойынша
басылып
шыққан
нұсқаулықтар
мен
анықтамалықтар
мəліметтерін кеңінен қолданды.
Бұл оқу құралы қазақ тілінде
жазылған алғашқы басылым
болғандықтан кемшіліктер болу мүмкін. Осыған орай автор осы
оқу құралын ешбір мінсіз жазып шықты деп айта алмайтыны
анық. Сондықтан оқу құралының кемшіліктері жəйлі ой-
пікірлеріңізге автор алдын ала алғысын айтады. Оқу құралын
даярлау барысында «Геологиялық карта түсіру,
пайдалы қазба
кенорындарын іздеу жəне барлау» кафедрасы ұжымының берген
ақыл-кеңестеріне алғысын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: