Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
5
1. «ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН
ГЕОХИМИЯЛЫҚ ІЗДЕУ ƏДІСТЕРІ» ОҚУ ПƏНІ ЖАЙЛЫ
ЖАЛПЫЛАМА МƏЛІМЕТТЕР
1.1. «Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық іздеу
əдістері» оқу пəнінің мақсаттары мен міндеттері
«Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық іздеу
əдістері» оқу пəні оқу жоспарына сəйкес міндетті түрде
оқытылатын арнаулы пəндердің бірі. Пайдалы қазба
кенорындарын геохимиялық іздеу əдістері табиғи жағдайларда
кездесетін элементтердің жəне
олардың қосылыстарының
таралу заңдылығын зерттеуге негізделеді. Пəнді оқытудың
мақсатына геохимиялық іздеулердің теориялық негіздерімен
таныстыру жатады, бұлардың негізінде
іздеудің ең ұтымды
əдісін таңдауға жəне нақты геологиялық жəне ландшафты-
геохимиялық
жағдайларға
байланысты
пайдалы
қазба
кенорындарын анықтауға мүмкіндік туады, сонымен қатар
геохимиялық мəліметтерді
интерпретациялауды практика
жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.
Студенттер бұл оқу курсын меңгеруі барысында жəне
өздігінен жұмысы кезінде оқытушы ұсынған оқу əдебиетімен
тұрақты түрде жұмыс істеуі тиіс, мұның өзі оларға пəн
ауқымында қарастырылатын мəліметтермен жете танысуын
қамтамасыз ететін болады.
Курсты оқытудың ең негізгі
міндеттерінің бірі студенттерді пайдалы қазба кенорындарын
іздеудің геохимиялық əдістерімен таныстыру оларды іздеу
кезінде қолдануға машықтандыру болып табылады.
Курсты
меңгеруі барысында студент кенорындарды геохимиялық
əдіспен іздеудің негізгі амалдарымен танысып,
олардың
мақсаттары жəне негізгі міндеттерін біліп шығады.
Геохимиялық іздеулердің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- жер қыртысындағы элементтерді анықтаудың негізгі
түрлерін зерттеу;
-
химиялық элементтер миграциясының негізгі факторларын
зерттеу;
Я. К. Аршамов
6
-
геохимиялық ореолдар, соның ішінде литохимиялық,
гидрохимиялық, биохимиялық жəне атмохимиялық ореолдар
жаралуының ерекшеліктері;
- геохимиялық мəліметтерді математикалық өңдеуге үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: