Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
9
Пайдалы
қазба кенорындарын болжаудың, іздеудің жəне
бағалаудың геохимиялық əдістері бүкіл əлемде кеңінен
қолданылады. Жоғары тиімділікпен геохимиялық зерттеулер
геологиялық жəне геофизикалық түсірулермен, содан кейін
геологиялық барлау процесінің барлық сатысында, үлкен
аумақтарды аймақтық түсірулерден бастап, өнеркəсіптік
кенорындарды игерімдік барлау кезіндегі тауқазылым жəне
бұрғылау жұмыстарымен үйлеседі.
Геохимиялық іздеу
жұмыстары қатты пайдалы қазбаларды іздеу кезінде, соның
ішінде ең алдымен рудалы кенорындарды іздеу кезінде өте
маңызды мəнге ие болады.
Индустриалды дамыған елдерде минералдық шикізатқа
деген қажеттіліктің үзіліссіз артуы кейбір елдерде жəне
аудандарда «жеңіл ашылатын»
кенорындар қорының азаюына,
тіпті мүлдем аяқталуына алып келді. Бірақ «қиын ашылатын»
кенорындар қоры мүлдем қолданылмады десек те болады.
В. А. Алексеенко бойынша «қиын ашылатын» кенорындарға
мыналарды жатқызуға болады:
1) жер бетінде көрініс берген, бірақ кейіннен жас
борпылдақ шөгінділермен көмкерілген кенорындар;
2) алғашқы геохимиялық ореолдардың жоғарғы бөліктері
жер бетінде көрініс берген, бірақ кен денелері морылу процесіне
ұшырамаған кенорындар;
3) кендердің алғашқы жəне туынды
минералдары физикалық
жəне химиялық морылуға оңай ұшырайтын жəне көрінетін
ореолдарды тудырмайтын кенорындар;
4) кен денелері өзін қоршаған таужыныстардан жəй көзбен
ажыратылмайтын кенорындар.
Осындай қиын ашылатын кенорындарды анықтау үшін
геохимиялық іздеу əдістері қолданылады. Олардың ең тиімдісін
пайдалану зерттеу ауданының геологиялық, геохимиялық жəне
ландшафты-геохимиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.
Көп жағдайда іздеудің тиімділігін арттыру үшін бірнеше
əдістерді пайдаланатын кешенді жұмыстар жүргізіледі.
Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық іздеу əдістері
табиғи жағдайда кездесетін элементтердің жəне олардың
қосылыстарының таралу заңдылықтарын зерттеуге негізделеді.