Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Элементтердің жалпы миграциясы



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

2.2. Элементтердің жалпы миграциясы
(жылыстау) заңы  
Миграция немесе заттың кеңістікте қозғалуы – кеңінен 
таралған құбылыс. Ол геологиялық жаралымдарда əртүрлі 
түрлерде көрініс береді. Мысалы, құрлықтың тектоникалық 


Я. К. Аршамов 
 
16 
көтерілуі немесе метеориттің ұшуы, жеме-жемге келгенде 
заттардың миграция процесі болып табылады. Элементтердің 
миграциясы геосфераның ішінде де (лито-, гидро-, био- немесе 
атмосферада) жəне олардың арасында да жүзеге асады. 
Заттардың литосферада ауысуын келесі топтамалық 
диаграммада көруге болады (2.1-сурет).
 
 
 
2.1-сурет. Жер қыртысындағы химиялық элементтер миграциясының 
үлкен геологиялық топтамасы 
Элементтер миграциясының үлкен топтамасын диаграмманың 
кез келген нүктесінен қарастыруға болады. Тереңдіктегі 
ошақтан магмалық массаны ендіруден басталады деп есептейік.
Магмалық масса қоршаған ортаға кірігуінен немесе 
палингендік қайта құрылуынан (яғни балқуынан) эндогендік 
кенорындардың 
жаралуына 
алып 
келетін 
заттардың 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
17 
дифференциациясы болады. Одан кейінгі болатын тектоникалық 
қозғалыстармен денудация процесі жаралған кенорындарды жер 
бетіне шығарады. Денудация процесі арқылы жаңа мору 
өнімдері пайда болады. Оларға сынықты таужыныстар (құмдар, 
алевриттер жəне т.б.), əртүрлі тұздар жатады. Осы процестермен 
жəне гидролизбен бірге қосынды ретінде алюмосиликаттардан 
саздың минералдары жаралады. Шөгінді таужыныстарды жəне 
кейбір экзогенді кенорындарды (оның ішінде алтынның
платинаның, цирконның, ванадийдің, тақтатастардың, мысты 
құмтастардың, бокситтердің шашырандылары) қалыптастыратын 
аталған таужыныстардың бұзылу өнімдері седиментация 
бассейніне жеткізіледі. Кейіннен седиментация өнімдері 
шөгінделіп (немесе шөгіп) метаморфизмге, анатексиске жəне 
палингенезге ұшырайды. 
Үлкен геологиялық топтаманың екінші сатысында пайда 
болатын 
эндогендік 
жəне 
экзогендік 
кенорындар 
да 
метаморфизмге ұшырауы мүмкін жəне осындай кенорындардың 
генезисі туралы ой-пікірлер əралуан болып келеді. 
Қарастырылған элементтер миграциясы топтамасының 
жоғарғы бөлігі, яғни құрлық бетін, пайдалы қазбалардың шашырау 
алаңы (немесе өрісі) деп атауға болады, бірақ мұнда да 
кенорындардың кейбір типтерінің (шашыранды, туынды сульфидті 
байыту белдемі жəне т.б.) жаралу процесі жартылай жүруі мүмкін. 
Алайда, құрлық бетінде кеңінен етек алатын негізгі процестерге 
кенорындардың жаралуы жатпайды, ал керісінше пайдалы қазба 
кенорындардың бұзылуы жəне жойылуы жатады.
Сонымен, кенорындардың денудация процесі жүретін 
құрлықтың жоғарғы горизонттарының облысын элементтердің 
шашырау өрісі деп атауға болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет