Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет16/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

$мбебап (универсиалды) іздеу сілтемелері негізінен 
масштабы 1:1000 000 жəне 1:200 000 масштабты геологиялық 
карта түсірулер кезінде қолданылады жəне жете толық зерттеу 
үшін геологиялық қолайлы алаңдарды бөлу мақсатын көздейді. 
Айма ты іздеу сілтемелері жалпы іздеу жұмыстарымен 
бірге масштабы 1:50 000 геологиялық карта түсіру кезінде 
маңызды болып келеді жəне тікелей жəне жанама іздеу 
белгілерін анықтау мақсатын көздейді. 


Я. К. Аршамов 
 
32 
Жергілікті іздеу сілтемелері негізінен іздеу жұмыстарын 
жүргізгенде пайдаланылады. Рудалы кенорындардың жер 
қыртысында орналасуы əртүрлі геологиялық факторлардың көп 
санымен анықталады. Ол геологиялық факторларды магмалық, 
құрылымдық, стратиграфиялық, литология-фациалдық, геохимиялық 
жəне геоморфологиялық деп алты негізгі топқа біріктіруге 
болады. Магмалық жəне құрылымдық факторлар эндогендік 
кенорындарға, стратиграфиялық жəне литология-фациалдық 
шөгінді кенорындарға, ал геоморфологиялық туынды кенорындарға, 
оның ішінде негізінен шашыранды кенорындарға маңызды болады. 
Магмалы іздеу сілтемелері пайдалы қазба кенорындарының 
магмалық 
жаралымдармен 
заңды 
байланыстылығын 
сипаттайды. Эндогенді кенорындар көбінесе нақты құрамды 
магмалық таужыныстармен кеңістікте жəне генетикалық 
байланыста болады. Негізді жəне ультранегізді интрузиялық 
массивтермен хромиттің, титаномагнетиттің, платинаның, 
сульфидті мыс-никельді кендердің, алмастардың, асбесттің, 
тальктің кенорындары байланысты. Қышқыл интрузиялық 
таужыныстармен əртүрлі генетикалық типті көптеген эндогенді 
кенорындар (пегматитті, грейзенді, скарнды, гидротермалды) 
байланысты 
болады. 
Сілтілі 
интрузиялық 
массивтерде 
апатиттің, сонымен қатар сирек жəне сирек жерлі элменттердің 
кенорындары орналасады.
Стратиграфиялы іздеу сілтемелері. Көптеген кенорындардың 
жаралуы белгілі бір стратиграфиялық қималардағы кезеңдермен 
немесе жанартаулық комплекстердің белгілі уақыттарымен 
байланысты болады. Мысалы, шөгінді кенорындардың маңызды 
пайдалы қазбалары: көмір, жанғыш тақтатастар, галоидты жəне 
сульфатты тұздар, фосфор, алюминий, темір жəне т.б., жер 
қыртысы 
дамуының 
белгілі 
бір 
кезеңінде 
жаралған 
горизонттарда немесе уақытта пайда болады. Мұндай 
кенорындар басқа шөгінділер арасындағы кезеңдер мен 
уақыттар горизонтында кездеспейді. Сондықтан мұндай 
пайдалы қазбаларды тек қана экранды горизонттардан, сол 
кезеңдер мен уақыттар аралығында іздеу қажет. 
Литология-фациалды іздеу сілтемелері. Бұл топтың 
сілтемелеріне эндогенді кенденуді бақылайтын литологиялық 
сілтемелер жəне шөгінді кенжаралуды бақылайтын литология-


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
33 
фациалдық сілтемелер жатады. Литологиялық жəне литология-
фациалдық іздеу сілтемелері кенденудің нақты бір құрамды 
шөгінді жəне вулканогенді-шөгінді таужыныстарға заңды 
туралануымен сипатталады. 
Таужыныстардың литологиялық жəне химиялық құрамы, 
сонымен қатар таужыныстардың физика-механикалық қасиеттері 
эндогендік кенденудің орналасуына əсерін тигізеді. Физикалық 
қасиеттердің ішінде таужыныстардың осалдығы немесе 
сынғыштығы, тығыздығы кеуектілігі жəне жарықшақтылығы 
өте 
маңызды 
болып 
келеді. 
Литологиялық-фациалдық 
сілтемелер кенорындардың шөгінді таужыныстардың нақты бір 
фацияларымен байланысын сипаттайды. 
&%рылымды іздеу сілтемелері магмалық сілтемелермен 
қатар эндогенді рудалы кенорындарды іздеу кезінде өте 
маңызды іздеу сілтемелері болып келеді.
Кенорындардың 
геологиялық-құрылымдық 
орналасу 
заңдылықтарын зерттеу жəне талдау негізінде кенбақылаушы 
құрылымдар анықталады жəне құрылымдық сілтемелер 
орнатылады. Кенбақылаушы құрылымдар ішінде аймақтық жəне 
жергілікті құрылымдар бөлінеді. Аймақтық кенбақылаушы 
құрылымдар (қатпарлы белдемдер, ірі жарылымдар, мыжылу 
белдемдері) кенорындардың аймақтық орналасу заңдылықтарын 
анықтайды. Жергілікті кенбақылаушы құрылымдар (қатпарлар, 
ұсақ жарылысты бұзылыстар, жарықтар) кенденудің жергілікті 
орналасу заңдылықтарын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет