Я. К. Аршамов
24
Металлогениялық провинция көбінесе металлогениялық
провинциялар кендерінің негізгі компоненттері болатын,
химиялық элементтердің жоғарғы мөлшері тəн
геохимиялық
провинция ауқымында болады. Осылай, Оңтүстік-Шығыс
Азиядағы жəне Анд тауларындағы қалайы кенорындарының
жоғары мөлшердегі геохимиялық провинцияларға айқын
туралануы байқалады.
Дəл осындай жағдай Қаратау жəне Жоңғар полиметалдық
провинцияларда, сонымен қатар
уранды металлогениялық
провинциялардың кейбіреулерінде байқалады.
Металлогениялық
провинциялардың
геохимиялық
провинцияларға жиі туралануына байланысты соңғылары нашар
зерттелген, жетуге жолы қиын аудандарда іздеу жұмыстарын
жүргізу кезінде маңызды іздеу белгілері болуы мүмкін.
Қалқандардың,
белдеулердің,
түйіндердің
аймақтық
геохимиялық жүйелер ретінде бөлінуі А. Е. Ферсманның
еңбектерімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: