«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а


Инсан-ы Камилдің психологиялық сипаттары



Pdf көрінісі
бет14/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Пақырнама 2021

Инсан-ы Камилдің психологиялық сипаттары 
Сопылар өздерінің әлемінде идеал адамды білдіретін инсан-ы 
камилді мынадай психологиялық қасиеттерімен еске алады: 
1. 
Қорқыныш, 
қомағайлық 
пен 
жыныстық/агрессивті 
импульстерден құтылу; 
2. Дилеммадан құтылу; 
3. Дүнияуи және шартталған «Меннен» құтылу; 
4. Бүкіл нәпсінің тұтасуы; 
5. Адам дамуының жеті сатысын да бастан өткеру; 
6. Тығыз сезімдік және рухани хәлдердің өтуі: үміт, үрей, 
қуаныш, шабыт, қауіпсіздік, нақтылық. 


30 
7. Өмірмен қабысу және осы шақпен тұтасып кету; 
8. Өткен шақ пен келер шақтан құтылу; 
9. Адамның табиғаттың экологиялық тәртібі мен өмірдің 
көрінбейтін ритмімен байланысын ашуы; 
10. Шынайы махаббат сезімін бастан кешіру; 
11. Экзистенциялық біртұтастық (фәна және бәқа). 
Осы қасиеттерімен инсан-ы камил адамзатты жақсыға 
жетелейтін, оның көкірегіне үміт шуағын себелейтін идеал болып 
қалады. Насафи «Инсан-ы Камил» атты шығармасында кемел адамды 
төрт қасиетімен сипаттайды: «Біл кемел адам мына төрт нәрсені 
толық жасайтын адам: жақсы сөз, жақсы әрекет, жақсы ахлақ және 
даналық». 
Идеал мәнінде кемел адам дәрежесіне қол жеткізу қиын мақсат 
сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл мақсаттың өзі де батылдық, үміт 
пен дамудың қайнаркөзі ретінде адамға мотив беретін қасиетке ие. 
Бұл жолда пақырлық та адамның айнымас серігіне айналады. 


31 
3. Қолжазбаның тілі 
«Пақырнама» шағатай тілінде жазылған шығарма. Оның ішінде 
қазіргі түркі тілдеріне ортақ көптеген сөздер кездеседі. Олардың 
кейбірінің түп-төркінін, сөз тудыру жолдары мен тәсілдерін, сонымен 
қатар мағынасын зерделеу жоғары маңызға ие. Еңбекте қазіргі қазақ 
тілінде кең қолданылатын сөздермен қатар мағыналық жағынан 
өзгеріске ұшыраған тілдік бірліктер де орын алған. Сондықтан мұнда 
кейбір сөздерге түсінік беріп, жасалу жолдарын айқындау аса 
маңызды. 
Шығарма «Ресал-е хазрат Сұлтан», яғни «Сұлтанның рисаласы» 
деп басталады. Осы орайда әулиелердің ішінде «Сұлтан» деген титул, 
атақтың Ахмет Ясауи бабамызға ғана тән екенін айтып өтуіміз керек. 
Заманында Ахмет Ясауи бабамыздың тек түркі әлемі емес, күллі 
мұсылман әлеміне әйгілі, мәшһүр болғаны Ясауи жолының кеңес 
дәуіріндегі көрнекті өкілі болған Балмағамбет Балқыбайұлының мына 
өлең жолдарынан байқалады: «Он сегіз жыл Раузатқа Имам болған 
еріміз» дейді. Бұл жерде Балмағамбет Балқыбайұлы «Раузатта имам 
болған» деп Мекке шәріпте имам болғандығын жеткізген болса керек. 
Себебі өткен ғасырдағы Сарыарқадағы «хал ілімінің» иесі, сопылық 
поэзияның майталманы Сары молда атамыз (Балмағанбет 
Балқыбайұлы) Ахмет Ясауи бабамызға тән айтылатын «Султанул- 
әулия», «Султанл-арифин», Бурһанул-атқия», «Султанут-тариқат уа 
хақиқат», «Султанул-машайық» секілді т.б. титул, атақ, мәртебелерге 
ие тұлғаның әлбетте Меккеде имам болғандығына күмән келтірмейді. 
Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың мұндай атақ, мәртебе, 
дәрежелері болғандығын соңғы жылдары ғылыми айналымға ене 
бастаған Ысқақ бин Исмаил ата Қазығұртидің «Хадиқату әл-арифин» 
(ХІVғ.), сондай-ақ XVIII-XIXғғ. Ясауи жолының көрнекті өкілдері 
Мұхаммед Молла-Шәріптің «Хужжату әз-закирин» мен Шайх 
Худайдад Таш-Мухаммад әл-Бухаридің «Бустану әл-мухиббин» атты 
еңбектері де растайды. 
Ахмет 
Ясауи 
бабамыздың 
бұл 
«Пақырнама» 
атты 
шығармасының Алматы қолжазбалық нұсқасы араб әліппесіне тән 
жиырма сегіз әріппен қоса араб тіліндегідей «һ» ғана емес, парсы 


32 
шағатай тілдерінде «е», «а» орнына жүретін «ه» және «پ-п» 
әріптерімен жазылған. Алайда шығармада парсы әліппесіне тән 
жоғарыда айтылған екі әріпті қолданғанымен парсы, шағатай 
тілдерінде келетін «گ-г», «چ-ч» әріптерін мүлде қолданбайды. 
Олардың орнына «ك-к», «ج-ж» әріптерін қолданғанын көреміз. Яғни
چوا – جوا үч – үж 
یچنکيا – یجنکيا екінжі – екінчі 
رهوگ – رهوک кауһар – гауһар 
جنک – جنگ кәнж – гәнж 
رگا – رکا әкәр – әгәр деп берілгенін көреміз. 
Қолжазбаны баспа араб әріпімен теруде қолжазбада қалай тұрса 
солай қалдыруды орынды санадық. Бірақ транскрипциясын бергенде 
оқырманға қиындық түсірмес үшін өзінің дыбысына тән әріппен 
«әкәрді-әгәр», «кәнжді-гәнж», «кауһарды-гауһар», «екінжіні-екінчі», 
«үжні-үч» деп бердік. Сондай-ақ, қолжазбаны араб баспа әрпімен 
теру және транскрипциясын беру барысында қолжазбада кеткен 
кейбір орфографиялық, граматикалық қателіктерді және қалып кеткен 
сөздерді арнайы кесінді жақшалармен көрсетіп бердік. Мысалы: 
1) орфографиялық 
ريس [رس]، Сӣр [сир] 
رپ [ريپ]، пир [пӣр]
انس [انث]، сәна̄ [с̱әна̄]
رکنن [ريکن]، нәнкӣр [нәкӣрдин] 
حيلص [حلاص]، с̣алӣх̣ [с̣а̄лих̣] 
هناداوج [هنادواج] жәва̄да̄не [жа̄веда̄не] 
2) граматикалық 
رکاو یبقع یتمعن ین و یتنج اک [یتنج ین] مامت هسرب رلَ نمؤم اکرلَ تراشيا هسليق 
کارک 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет