4
ул-қулуб» (Данышпан Зарнуқи), «Жауаһиру әл-абрар» (Хазини)
секілді бірнеше шығармаларды атауға болады.
Аталған шығармалар стилі, құрылымы, мағыналары жағынан
бір-біріне ұқсас, тіпті олар бір-бірін толықтырып, айшықтап тұрады.
Белгілі ғалым Фуат Көпрүлі сияқты зерттеушілер
бұл рисалалардың
(трактат) бір-бірінен алынған болуы мүмкін деген пікірлерді де
кезінде ерекше айтып өткен болатын [1, s. 140].
Бұл ретте «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы мамандары осы
«Пақырнама» атты еңбектің Алматы ұлттық кітапханасындағы
бірнеше шығармалар жинағының (мәжмуға) ішінен табылған шағатай
тіліндегі қолжазба нұсқасын негізге алып,
араб баспа әрпімен теріп,
транскрипциясын жасап, қазақша мағынасын жалпы көпшілік
оқырманның назарына ұсынуды жөн санадық. Жинақта пақырнама
сөзіне түсінік беріліп, пақырлықтың қасиеттері, еңбектің зерттелуі,
тілдік талдаулар, т.б. бағытта жұмыстар жасалынған.
Ескерту: Қолжазбаны оқу барысында Алматы нұсқасына қоса
Ташкент, Қазан баспаларымен салыстыра қарағанда біз келтірген
кейбір орфографиялық, граматикалық қателерді және қалып кеткен
сөздермен толықтыруда осы аталған баспалардың электрондық
нұсқаларын негіз еттік.