27
құтылу, өмірдің және болмыстың көрінбейтін ритміне жақындау
деген сөз. Психодинамикалық тұрғыдан қарағанда,
ұдайы қалау,
құштарлық, қомағайлық және дүниені толассыз жинау – негізінен
ішкі сенімсіздік пен ішкі кедейлікке қатысты психопатологиялық
қасиеттердің бірі. Сопылар риязатты,
яғни өз-өзіне бейнет тілеп
алуды қолдамайды. Бірақ адам дүниеден жүз қайыру арқылы одан
азат болуы тиіс. Шынайы кедейлік пен пақырлық хәлінің көрсеткіші
– адамның ішкі әлемінде материалды нысандарды қабылдау сипаты.
Болған сайын болсын дейтін құмарлыққа,
билікке құл болмаса ғана
адам пақыр, ізгілігі мол адам.
Эрих Фром қазіргі адамның
болу және
ие болу арасында таңдау
жасайтын орында тұрғанын сипаттайтын шығармасында былай деп
жазады: «Тұтыну, қазіргі өндіріске шектен тыс басымдық берген
қоғамның
ең маңызды ие болу түріне жатады. Тұтынылған нәрсені
кері қайтару мүмкін емес болғандықтан, бұл жағдай қорқыныш, үрей
сезімін азайтуға жарайды. Алайда әрбір тұтынылған нәрсе тұтынған
сәттен бастап, тұтынушыны бұдан қанағат таппайтын күйге
келтіргені үшін адамдар қайтадан және
одан да көп нәрсе тұтынуға
ұмтылуға мәжбүр болады». Сопылықты
болу өнері деп те сипаттауға
болады. Олай болса, шынайы сопылар тұтыну идеологиясының
құрбанына айналмайды деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: