«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а


Айыптаушы нәпсі (нәфс-и ләууәма)



Pdf көрінісі
бет10/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Пақырнама 2021

Айыптаушы нәпсі (нәфс-и ләууәма) 
Хақ жолындағы жолаушының дамуының екінші дәрежесіне 
серік болатын нәпсі нәфс-и ләууәма деп аталады. Яғни өзін 
айыптайтын, сөгетін нәпсі. Нәфс-и ләууәма – адамның өз-өзін түйсіне 
алатын нәпсі мәртебесі. Адам жасаған жақсы не жаман істерінің 
есебін осы нәпсі дәрежесінде алады, жамандық жасаған болса тәубе 
етіп өкінеді. Бір жағынан, бұл нәпсі өзінің астындағы нәфс-и аммара 
және өзінің үстіндегі нәфс-и мүлһимә дәрежелеріне қарайтыны үшін 
адам тәубе етсе біраздан кейін қайтадан күнә істеп қоюы мүмкін. 
Алайда артынан тағы да өкінеді. Бірақ қалау мен сезімдерін 
толығымен бақылай алмағаны үшін күнә істеуден толық құтыла 
алмайды. Күнә қалауы азайса да, толық бітпейді. Мұның дәрісі үнемі 
Алланы зікір ету. 
Сопыларға қарағанда, тек ақыл мен сана ғана емес, өзін-өзі 
айыптаушы, сөгуші нәпсі де адамдарды хайуандардан ерекшелеп 
тұрған қасиет. Мұны зерттеушілер психоанализ теориясындағы 
суперэго ұғымына ұқсатады. Суперэго психоанализде адамның 
ахлақи және діни құндылықтары мен жыныстық/агрессивті 
қалауларының жаншылуына қатысты бөлігі. Суперэгоның көптеген 
функциясы түпсанада жүреді. Эго – суперэго мен ид арасында 
теңселіп тұратын маятник тілі сияқты бөлік. 


23 
Отбасылық, қоғамдық және индивидуалды тыйым-талаптар, 
діни және ахлақи құндылықтар суперэгоның функциялары арасынан 
орын алады. Кейбір эго психологтары эго идеалы мен суперэгоны 
бір-бірінен ерекшелеген. Олар суперэгоның функцияларына тыйым 
салады, кедергі келтіреді және суперэгоны қатты, аяусыз және 
жазалаушы ретінде сипаттайды. Ал басқа бір жағынан, эго идеалы 
адамның өмірдегі мақсаттары, идеалдары мен аңсарларымен 
байланысты эгоның функциясы ретінде түзілген. Эго идеалының 
функциясы жазалаушы үрейіне сүйенген, шектеуші және жаншушы 
суперэго функциясына керісінше, жан беруші және азаттық беруші 
сипатта. Жан мен тәні сау адамдарда олар ересектік кезеңінен өткен 
соң, суперэго және эго идеалы бірігеді және мұның көрінісі тәртіп 
пен басқа адамдарға деген құрметтен, адамның саяси және рухани 
аңсарларынан байқалады. 
Сопылықтағы 
өзін 
айыптаушы 
нәпсі 
мен 
эго 
психологиясындағы эго идеалы хайуани арзу-қалауларды, менмендік 
қасиеттерді, нарцисстік мақтанышты, жалған үмітті және өзін-өзі 
алдауды жою үшін керек. Сопылықта уәраға қатты көңіл бөлу және 
риязат тарту эго психологиясында кінәмшілдік сезімі мен 
ұялшақтыққа әсіре беріліп кету адамның дамуын шектейді және 
бірқатар психопатологиялық жағдайдың пайда болуына жол ашады. 
Сопылар 
қорқыныш 
психологиясынан 
хабардар. 
Эго 
психологиясында қорқыныш эгоның ид импульстері мен суперэго 
тыйымдары арасында өтетін шиеленістеріне тиесілі деп есептеледі. 
Сопылар өздерінің үрейге берілмеу керектігін біледі. Оларға сәйкес
қатты үрей, фобиялар, тежелулер, қорқақтық, еріншектік, 
тұрақсыздық сезімдері ақыл мен рухтың жансыздануына (паралич) 
әкеліп соқтырады. Сопылар үреймен, қорқынышпен бетпе-бет келеді 
және қорқыныш сезімінің бойды билеуіне еркіндік беру арқылы оны 
билеп-төстеудің әдісін меңгереді. Осы үрей мен қорқыныш сезімі 
өндіретін қуат пен энергияны рухани даму үшін жасампаз сипатта 
қолдануды жөн көреді. 


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет