28
жағы және ішкі үнсіздік сезімі адамның әрі қарай кемелдікке жетуіне
жол ашатын күшті психологиялық қуат.
Фақр сатысы сабыр сатысына дайындық.
Сабырдың орнығуы
қиын әрі күрделі. Сабыр арқылы сезімдердің жасампаз сипаты мен
оларға ізгілік нұрының даруы жүзеге асады. Сопы үшін сабыр –
сенімнің, иманның мәйегі. Сопы ескі сенім мен нанымдардан өзін
ұдайы азат ете отырып, асыл иманды қолға түсіреді. Сабыр – осы
сезімдерді ашудың кілті.
Нәпсінің алтыншы дәрежесі: тәуекел
Жаратушыға абсолютті сенім алтыншы сатыда сомдалып
шығады.
Бұл кезде жолаушыға нәфс-и мәрзия сапарлас болады. Бұл
сатыға өте аз сопы ғана аяқ іліктіруі мүмкін. Тәуекел бүкіл күшін
нәпсіден табу емес, Жаратушының барлық нәрсеге күші жететін
құдірет иесі екенін жан-жүрегімен түйсіну, қабыл ету. «Тәуекел бір
әрекет және амалды терістеу емес, шексіз бір қуаттан күш алып
жатқанымызға сену. Бұл әрекетті тәрік ету емес,
әрекетте тұрақты
және қайратты болуға кірісу адамды ақылға сыймас ішкі байлыққа
және қуатты шабытқа ұластырады».
Нәпсінің жетінші дәрежесі: разылық
Адам дамуының соңғы және жетінші сатысы – разылық. Бітісу,
қанағаттану, көңіл шуағы, қуаныш, сүйініш деген мағыналарға да
келеді. Сопылықта разылық терең ішкі қанағат пен қуанышты
меңзейді. Бұл сатыда жолаушыға
серік болған нәпсі тазарған,
арылған және кемелдікке жеткен нәпсі, яғни
нәфс-и кәмилә. Бұл
соңғы кемелдік сатысына жеткен сопы
инсан-ы камил деп аталады.
Атақты сопы Хужвири бұл сатыны былай деп сипаттайды:
«Бұдан былай оның жоғалтатын ештеңесі жоқ. Ешқандай
жоғалтудан азап шекпейді. Не нәрсеге қол жеткізсе де, одан байып
қалмас, не нәрсені жоғалтып алса да, одан кедейленбес. Екі
жағдайдың арасында ол үшін ешқандай да айырмашылық жоқ... Алла
достары оның сыйларымен өмір сүреді, өйткені дүнияуи байлық оны
разылық жолынан тайдырып жібереді».
29
Разылық – сопыларға «қайғы, рахат – бәрі бір бәс» дегізген
мәртебе. Разылыққа қол жеткізген, дүниеде екіге бөліну, шиеленіс,
жамандық, сұрықсыздық, қайғы, қасірет көрмейді. Разылық Тәңірдің
қалауы мен жазмышына өзін басыбүтін беру деген сөз. Ол
фәнаның,
яғни «Меннен» құтылудың ең жоғарғы түрі. Сопылықтың
тепкішектерінен
бірте-бірте көтеріліп, фәнаға жеткен адам
индивидуализмнің құрсауынан арылады және Онымен, яғни
Құдаймен бір болады. Терең іштей қанағат, Жарға деген махаббат,
басқаларға қарсы эмпатия, адалдық пен адамзатқа ұдайы қызмет ету –
разылықтың көрінісі.
Разылық – адамды өмірді сол қалпында қабылдауы.
Бір тамшы
су мұхитқа түскенде, онымен қалай араласып кететін болса, сопы да
болмыстың ритміне осылай сіңісіп кетеді. Разылық мақамында сопы
«Менін» ескі дағдылары мен әдеттерінен және келешектің қалаулары
мен қайғыларынан құтқарады. Сопы осы шақпен, сол сәтпен өмір
сүреді. Ол жиі қолданылатын сипаттама бойынша «уақыттың» ұлы.
Сол шақпен бірігу деген сөз, объект-субъект, мен-сен,
өткен шақ-
келер шақ сияқты дилемманың жоғалуы деген сөз. Осы шақпен
бірігу, рациональды сананы өзгертеді; психологиялық және
физиологиялық қағидаларға, ақылмен ойлауға үндеу тастайды. Бұл
қорқытарлық талпыныс болуы мүмкін,
алайда ішінде адамды азат
етуші рухқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: