«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а


Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің



Pdf көрінісі
бет18/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Пақырнама 2021

Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің 
«Пақырнама» еңбегі 
 
Бісмілләһир Рахманир Рахим 
Тақуалардың айғағы, әулилердің сұлтаны, машайықтардың 
сардары, қутбул-ақтаб Хожа Ахмет Ясауи рахматуллаһи ғаләйһидің 
бұл рисаласы былай деп баяндайды. Бізден соң да ақыр заман жақын 
болғанда сондай машайықтар пайда болғай. Ібіліс ғаләйһи лағна 
олардан сабақ алғай. Барлық халайық оларға жақын (сүйікті) болады. 
Алайда мүридтерін басқара алмайды. 
Ол шайхтар мүридтерінен дәметіп, халін ажырата алмайды, күнә 
мен адасушылықтан құтқара алмас. Әһлу бидғатты және бүлікші 
бұзақыларды жақсы көреді. Әһлу сүннет пен қарапайым халықтың 
жолын жаман көреді. Шариғат ілімімен амал қылмайды. 
Намәхрамдарды жан жүрегімен жақсы көреді, намәхрамдарға көз 
салады. Жаман істер қылып, Алла тағаланың рахметінен үміт 
қылады. Машайыхтардың істері мен үрдісін, сүннеттің жолын қор 
көреді. Мүридтері шындықтан бас тартып, өздері мурид болғай. 
Мүридтерінің есігінде жүреді. Осы жағдайда мурдидтерінен нияз 
алады. Егер мүридтері бермесе, зорлықпен алады. Шайх сол дүр нияз 
алса, мұқтаждарға бергей. Егер алып өзі жесе, өлексе етті жегенмен 
бірдей. Егер тон қылып кисе, ол тон тозғанша намаз бен оразасын 
Алла тағала қабыл қылмағай, оны тамұқта түрлі-түрлі азабқа салады. 
Әр кісі ондай адамды пір тұтса, кәпір болады. Ондай шайх тұрған бір 
малғұн. Дажалдан оның фитнасы өте жаман болады. Шариғат уа 
тариқатты, мағрифатты, хақиқатты мойындамай дінбұзар болады. 
Ей, шайх іздеуші! Егер Хақты талап қылсаң, шариғатта ариф
тариқатда уафиқ, яғни хабары бар, хақиқатта кәміл, мағрифат 
гауһары уағыз болған сондай пірге қол бергін. Ондай шайх, егер 
мүридке шариғатқа сай бір қиындық түссе, шариғат ілімімен шешкей. 
Егер тариқатта бір уақиға, жағдайға тап болса, тариқат ілімімен 
қарапайым, оңай жеңіл қылып, жолға салғай. Хақиқат сырларынан 
мүридке жол көрсеткей. Мағрифатта ой қозғайтын насихат қылып, 
Хаққа қарай талпыныс бергей. 


43 
Шайх Зуннун Мысри рахматуллаһи ғаләйһи айтады: «Мүрид 
қырық жыл шайхтың қызметін қылмайынша, астанасын жастанып 
жатып есігін сұрамайынша пақырлық түйсік, дәруіштік орын оған 
жақын болмас. Оған хирка киіу жөн емес. Әулиелердің Сұлтаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет