31. Лауһа және ондағы жазулардың мәні.: Лауханың құйылуы мен оюларынан, өрнектеліп жазылған араб, парсы жазуларынан кесенедегі ортағасырлық қола бұйымдардың құйылу технологиясына тән ортақ тақырыптық, идеялық, символдық біртұтастықты, ұқсастықты көреміз. Мәселен, лауханың мойындығының құрылымдық пішінінде шырағдандармен ұқсастық айқын көрінсе, сүйірленген жапыраққа ұқсас негізгі бөлігінің пішіні және қошқармүйіз оюлармен аяқталуы есік алқасы мен Тайқазанның тұтқасына ұқсайды.
Лауханың өзі екі бөліктен - ортасында оюлы-өрнекті жазулары бар негізгі жапырақ формасындағы жалпақ бөлігінен және сығылған шарға ұқсас екі белдеуі бар конус тәріздес мойындығынан құралған. Негізгі бөлігінің жалпақ тұсының диаметрі - 37,5 см, биіктігі - 59 см және мойындық табанының диаметрі - 14,5 см, биіктігі - 39 см. Шарларының айнала ауқымы біреуінікі - 40 см, екіншісі - 32 см. Лауханың үшкіл жапырақ тәрізді негізгі бөлігі мойындыққа қошқармүйіз ою түріндегі қапсырмамен біріктіріліп, үш түймешегімен бекітілген. Лауханың негізгі бөлігінің ұшы қошқармүйіз оюлардың өзара симметриялы, екі сатылы біріккен композициясынан құралған. Лауха ұшындағы үлкен оюдың ұштасқан ұзын ұштарының ортасында екі жағынан бірдей оқылатындай етіп «Алла» сөзі ойылып жазылған:
32. Кесене сыртындағы жазулардың қазақша мағынасы: Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!».
Ғимараттың орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына — эпиграфтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлігіне) биіктігі — 1,85 м тас кенере жүргізілген. Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда құйма кірпіштермен өрнектелген. Фриздің биіктігі — 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіш¬термен көлеңке түсірілген. Жазулардың арасынан "Алла", "Мұхаммед", "О, жарылқаушы", "Билік Аллада", "Алла менің әміршім" деген секілді, т.б. сөздерді оқуға болады. Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында "Шираздық Қожа Хасан" деген сөз және "һиджраның 800 жылы" деп жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |