Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Ясауидің ұлы Ибраһим шайықтың өмірден өтуі



бет7/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

19. Ясауидің ұлы Ибраһим шайықтың өмірден өтуі ҚА.Яссауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент маңында жерленген, екіншісі ел әңгімесі бойынша Түркістанда суға таласып сарттар қастықпен өлтірген делінеді.
20. Гауһар ана ғұмырнамасы мен кесенесі туралы баяндаңыз: Гауhар ана кесенесі (ХІІ-ХІV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан.Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Деректерде анамыздың ақылы көркіне сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гауһар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ, тек 11221124 жылдары туып, шамамен 1187-97 жылдары дүниеден озған деген жорамал бар. Қожа Ахмет Ясауи мен Гауһар ана кесенесі арасында жерасты жолы бар деген аңыздар да бар. Гауһар анамыз әкесі жерасты қылуетіне түскен кезде өмірден өтеді. Ясауи бабамыз қызының мазарына қылуеттен күн шуағына шықпай барып тұру үшін жерасты жолын салған деседі. Бірақ тарихи деректерде жерасты жолы туралы мағлұмат көп кездеспейді
21. Рабия Сұлтан Бегім және оның кесенесінің тарихы? Республикалық мәртебеге ие ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығыс бетінде 60 метр қашықтықта орналасқан. Координаттары: 43˚17.830΄, 068˚16.317΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 220м. Рабия Сұлтан Бегім Темірдің ұрпағы, атақты астроном ғалым Ұлықбектің қызы, Шайбанилік Әбілхайыр ханға ұзатылған, Көшкінші және Сүйінші хандардың анасы, Әбілхайыр хан қайтыс болған соң 16 жыл Түркістанда өмір сүреді және осында қайтыс болады. Арнайы салынған кесенеде өзі, ұлы және үш немересімен қоса жерленген. Оның құлпытасында: «Бұл құдіретті Әмір-Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құдіретті ұлы сұлтан Ұлықбек көрегеннің қызы, ақсүйек, Құдай кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жанды Рабия Сұлтан бегімнің тыныштық тауып жатқан жері» деген сөздер жазылған. Кесененің қасбеті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған. Биіктігі 20,6 метр, қасбетінің жалпы ені 11 метр. Кесененің аркасы 6 метр, айнала орналасқан қырларының арақашықтығы 3,5метр. Орталық бөлігі цилиндр тәрізді биік барабанға орнатылған күмбезбен жабылған. Мазар негізінен 5 бөлмеден тұрады, орталығында орналасқан 8 қырлы зал, және төрт бөлмесі бар. Басқа да қасбеттері 5 ойықтан арка түрінде әр қасбетте орын алған. Ескерткіш біздің уақытқа дейін өте қатты қираған қалпында жеткен. Археологиялық зерттеулер кезінде табылған үлкен көлемдегі майоликалық және глазурлік плиталар табылуы ескерткіш толығымен полихромдық қаптаулармен жабылған деген пікір айтуға негіз болады. Ескерткішке 1954 жылы алғаш зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалым К.А.Шаурин болды. 1980-ші жылдардың бас кезінде толығымен қайта қалпына келтірілді. 1994 жылы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.6 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет