Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз



бет19/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

46. Шаш ана туралы баяндаңыз: Айша Xатун — Қожа Ахмет Ясауидің анасы. Қарашаш ананың әкесі мұса шейх Ибраһим ата (Ибараһим Шейх) шәкірттерінің бірі болған. Қарашаш ана туралы деректер аз кездеседі. Содан бізге жеткені 13—14 ғ-ларда тұрғызылған Қарашаш ана күмбезі. Ясауидің шешесінен жастай айырылғанына қарағанда Қарашаш ана 1099-1100 жыл шамасы қай тыс болған
47. Қарахан ата туралы баяндаңыз Әулие-ата күмбезі – 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкентишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қасбеті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұхарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Әулие-ата күмбезі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қасбеті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.
48. Түркістанда билік құрған қазақтың алғашқы ханы кім болды, ол туралы не білесіз? Түркістанның астана атануы Есім ханнан басталады. Есім хан, «Еңсегей бойлы ер Есім»-қазақтың ұлы хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, 1628 жылы қайтыс болды. Шығай ханның баласы. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Ордасын 1598–1628 жылдары басқарды. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосты. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, Тәуекел хан 80 мыңдай әскермен Бұқараға аттанады, бірақ жеңіске жете алмайды.1598 жылы Тәуекел қайтыс болған соң, хан тағына отырады.
1599 жылы Есім хандығымен шарт жасап, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алды.Осы кезден бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды.XVII ғасырдың басында Ташкент билеушісі Тұрсын мен Есім хан арасында билік үшін күрес шиеленісе түсті. Тұрсыннан жеңілген Есім хан Шығыс Түркістан билеушісі Абд әр-Рахимның ордасына кетеді. Абд әр-Рахим ханның қызы Падшаһ аруға үйленеді. Шығыс Түркістан хандығына арқа сүйеген Есім хан 1627 жылы Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін қайтадан өз қолына алып, бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрады.Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет