«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет60/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Заңдарды жүйелеу

Əрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік актілер болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру қажет. Мұндай қызметті "заңдарды жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді нақты іс- тəжірибелерде пайдалану мақсатында оларды "тəртіпке салу" деген ұғымын білдіреді. Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі түрі бар: инкорпорация жəне кодификация. Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тəртіппен бірыңғай жинақтарға жиынтықтау жəне біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер əдетте əліпбилік тəртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады. Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал əртүрлі жинақтарға толық немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың мəнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады. Инкорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері сырттай болады: актінің бастапқы мəтініне ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі, өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ ашық түрде қайшылықтары барлары жəне тағы соған ұқсастары алынып тасталынады. Инкорпорациялық өңдеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инкорпорация официоздық (жартылай ресми) инкорпорация жəне ресми емес инкорпорация деп жіктелінеді. Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау жəне қайтадан баспа арқылы шығарудың тəсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық жəне пəндік түрінде болады. Хронологиялық ресми инкорпорация - нормативтік актілердің белгілі бір тəртібіне келтірілуін олардың ресми жариялануы барысында жасауды көздейді. Пəндік ресми инкорпорация - жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұны нəтижесінде мемлекеттік билікті басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік актілерінің томдары, жинақтары жасалынады.

Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пəндік қағидат бойынша, қатаң түрде тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы: мемлекеттік құрылысты реттейтін, əкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді біріктіру. Ресми емес инкорпорация - мұнда жүйелерді арнайы тапсырма алмай-ақ жекелеген ведомство, ғылыми жəне оқу орындары, жеке тұлғалар жасай береді. Сондықтан да ресми емес инкорпорациялық жинақтарды заңдар негіздері (қайнар көздері) ретінде бағалауға болмайды. Құқық шығармашылығы істерінде, құқық қолдануларда бұларды нормативтік актілер жариялаудың нысаны ретінде қарастырып сілтемелер жасауға болмайды. Кодификация - жүйелеудің ең күрделі жəне жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мəн-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау жəне қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады. Осындай кодификациялаудың нəтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады. Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар жəне т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, азаматтық істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы "Жол жүру ережелері", "Темір жол жарғысы" жəне т.б. жатады. Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы əртекті қоғамдық қатынастарды тəртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы жəне орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай бағдарландырылған, əрі қатарластыра бағындырылған. Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері:

1. Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады жəне ол ресми сипатта болады.

2. Кодификациялаудың нəтижесінде бірнеше актілер əр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мəтіні түп нұсқадағыдай ресми. Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс.

3. Кодификация оқтын-оқтын жүзеге асырылып отырады, ол нормативтік материалдардың жиналып қордалануына жəне объективтік қажеттілікке байланысты жасалады. Кодификацияны салалық жəне арнайы деп айырмалайды: Салалық кодификация - қандай бір белгілі заңдар саласының немесе оның салашасының нормативтік материалдарын біріктіру болып табылады (ҚР Азаматтық Кодексі; ҚР Қылмыстық Кодексі жəне тағы басқалар). Арнайы кодификация - белгілі құқықтық институттың немесе бірнеше құқықтық институттың нормаларын біріктіреді (ҚР Су Кодексі, ҚР Орман Кодексі жəне тағы басқалар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет