Мемлекет жəне құқык теориясының əдістері
Ғылымның пəні дегеніміз – оның зерттейтін мəселелері. Ғылымның əдістері дегеніміз – пəнін танып аныктау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тəсілдері, жолдары мен амалдары.
Əдіс жəне əдіснама (методология) деген түсініктерді ажыраату керек. Əдіснама екі мағынада қолданылады:
а) əдістер туралы ілім;
б) əдістер жиынтығы
Осы əдістер арқылы ғылым өз пəнін зерттейді. Мемлекет жəне құқық теориясының əдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен, қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық əдістері мен арнайы тəсілдердің жиынтығы болып табылады. Мемлекет жəне құқық теориясьшын қолданатын негізгі əдісіне диалектикалық əдіс жатады. Мемлекет жəне құқық теориясы диалектаканың үш заңына сүйеніп зерттеледі.
Олар:
1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. Дағдылы іс- төжірибеде бұл мына жəйттерді білдіреді. Кез келген мемлекет өзінің қызмет атқаруы барысында бүкіл жүйесін дамытуды көздейді, мысалы: құқық қорғау органдары құрылымында жəне тағы баскаларда да Қазақстан Республикасында 1995 жылға дейін тергеу ісімен байланысты əрекеттермен прокуратура тергеушілері де айналысатын. Қоғамдағы демократиялық процестер дамуы барысында тергеу ісі мен оны қадағалау ісін бір органның қолына берудің ағаттығы айқындалды. Осыдан соң ҚР Президентінің "Прокуратура туралы" Жарлығы жарияланып, онда прокуратура құзырына қылмыстық істерді жүргізуде қадағалау қызметтері қалдырылды.
2. Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қайсы бір болсын құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні (яғни өзінің заманы туғанда) қабылдануы жəне болмыста іске асып жатуы ықтимал жəйт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз ғана бұрын қоғам өміріндегі құбылыстарға мемлекеттің толығынан араласып, оған ықпал жасауы жалпы көпшіліктің бəрі танып мойындаған қағидат деп келген болсақ, енді міне заман өзгерген қазіргі сəтте қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ықпал жасау мүмкіндігін шектеуге талаптанғанын өзіміз іс жүзінде күнделікті өмірде көріп жүрміз.
3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның айқындауында белгілі бір орында (жерде) жəне белгілі бір мерзімде (уақытта) бірін-бірі жокқа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен. Мысалы:
1)Құқық бұзушылық жəне заңды жауаптылық құбылыстар бірге жүреді;
2)Қазақстан Республикасы билік бөлінісі жүйесін жариялады. Сонымен қатар мемлекеттік билік біртұтас, үш биліктің арасы тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет жəне құқық теориясының өдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |