Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені
Мамандығ0201000
Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
пәнінен
13 ТАҚЫРЫП. Құқықты жүзеге асыру. Заңдарды жүйелеу. Құқықты талқылау.
Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.
Негізгі сұрақтар: Құқықты жүзеге асыру. Құқықыт қолдану сатылары. Құқықтағы ақтаңдақтар (олқылықтар) жəне оларды болдырмаудың жолдары. Заңдарды жүйелеу. Құқықты талқылау
Құқықты жүзеге асыру Құқық жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір жағынан мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондықтан ол екі бағытта қарастырылады: 1) мемлекет органдары, лауазымды адамдар заң бойынша қызмет істеуі керек; 2) азаматтар, олардың бірлестіктері жəне ұйымдары өз əрекеттері арқылы құқықты жүзеге асыруы тиіс.
Құқықты жүзеге асырудың ерекше тəсілдері бар. 1) Құқықты сақтау. Құқықты сақтау тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тəсілдің мəні — тыйым салынған əрекетті жасаудан бой тарту; 2) Құқықты орындау. Құқықты орындаудың мəні — жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді əрекеттер жасау. Мысалы, баланы тəрбиелеу үшін ата-анасы үнемі, жүйелі түрде қызмет істеп, оны оқытуы, əдепке баулуы қажет; 3) Құқықты пайдалану. Тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі. Егер оларды пайдаланғысы келсе, белсенді немесе енжар əрекет жасау арқылы құқықтық норманы жүзеге асырады. Құқықтарды пайдаланудың барысында субъектілер өздерінің заңдарда көрсетілетін құқықтарын жүзеге асырады. Құқықты пайдалану тұлғаның құқық өкілеттігін жүзеге асыруға бағытталады. Демек, ол тұлғаның жүріс- тұрысы өз білігінше мұнда яки белсенді, яки енжар түрінде болуы мүмкін. Құқықты жүзеге асырудың осы үш түрінің барысында қоғамдық қатынастардың субъектілері өз əрекеттері арқылы заң нормаларын тікелей іске асырады. Мұны құқықты тікелей жүзеге асыру нысаны деп атайды. Осындай нысандар түрінде көптеген (бірақ барлығы емес) құқық нормалары жүзеге асырылып жатады. Болмыста заң нормаларын бұлжытпай пайдалану жəне оларды дəл атқаруларды толық жүзеге асырылуына жағдайлардың жеткілікті болмайтын дəттері кездеседі. Ондайда бұл іске мемлекеттік- биліктік өкілеттіктері бар құзырлы органдардың араласу қажеттілігі туындайды. Мысалы, жоғары оқу орнына студенттер кабылдау, жұмысқа алу, зейнетақы тағайындау, əскери қызметте міндеттерді атқару жөне тағы тағылар.
4) Құқықты қолдану. Бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Демек, құқықтық норманы мемлекет органдары қолданады. Есте болатын жəйт: тек қана ресми баспаларда басылып шыққан, яғни, жарияланған нормативті актіні қолдануға болады. Қолдану екі жолмен жүзеге асырылады: 1) билік жүргізетін қызмет арқылы. Мысалы, милиционердің қылмыскерді ұстауы; 2) нақтылы істі шешу арқылы. Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі Мұның нəтижесінде дербес құқықтық акт (құқық қолдану актісі) қабылданады (жасалады). Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз қызметінде екі функцияны жүзеге асырады: а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес актілер арқылы позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу;
б) құқықты бұзылудан сақтау жəне оны қорғау. Осыған сəйкес құқықты қолданудың екі нысаны: жедел атқару жəне құқық қорғауға жататын түрлері болады. Құқықты қолданудың белгілері (нышандары):
1. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың ұйымдастырушылық- биліктік қызметі. Мұның өзі болмыстық ахуалдардың шешімін табуда қолданылатын айрықша амалдармен байланысты, сондықтан да білімділікті дағдылардың қалыптасуын талап етеді. Осыларды ескеріп мемлекет соншама қызметтерді жүзеге асыру үшін арнайы субъектілерге билік өкілеттіктерін тиісінше береді. Бұлар мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар.
Азаматтар құқықты қолдану субъектілері болып табылмайды, өйткені мемлекет оларға бұл қызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген.
2. Құқықты қолдану нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Қызметтің жүзеге асырылуы ерекше түрде белгіленген іс жүргізу заңдары бойынша атқарылады.
4. Құқықты қолдану нəтижесінде дербес құқықтық акт – құқық қолдану актісі қабылданады (жасалады). Құқықты қолданудың мынадай сатылары болады:
а) істің нақты жағдайларын анықтау;
б) істің заңдық негізін анықтау. Бұған құқық нормасын таңдап алу, оның түпнұсқаға сəйкестігін тексеру, құқық нормасын түсіндіру жатады;
в) іс бойынша шешім қабылдау.
Құқық қолдану актісі – құзырлы органның нақты заңдық іс бойынша қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Құқық қолдану актілері көптүрлі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |