Құқық принциптері (қағидаттары) Құқық принциптері - құқықтың мəнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар əділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады. Құқық принциптері əділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан, тұрақтылығымен ерекшеленеді, олардың ұзақ уакыт бойы өзгермеуі құқықтық нормалардан айырмашылығы болып табылады. Құқықтық принциптер нормаларда, заңдарда тікелей немесе жанамалай білінеді. Əділет жəне бостандық идеяларын дамытатын құқықтык, принциптердің ең бастылары - демократиялық, ұлтаралық пəтуа (келісім), заңдьшық, адамгершілік, азаматтардың заң алдында тең болуы (теңқұқықтылығы).
Достарыңызбен бөлісу: |