Құқықтың мəні.
Құқықтың үш "алтын" тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары жəне мемлекет. "Құқық" түсінігі имандылыққа, əдептілікке тіреледі. Құқық имандылық негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Əрине, имандылықтынһ талаптары заң емес, тек ізгілікке, адамгершілікке өнегелікке негізделеді.Оның қағидаларын орындататын ұйымдастырылған күш жоқ. Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйейді, жұртшылықтың пікіріне негізделеді. Ал құқық имандылықтан нəр алады, неғұрлым құқыктың нормалары имандылық шарттарына сəйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылық əділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылық, ұрлық, тағы сондай теріс қылықтарды айыптайды. Бірақ ондай қылықтар үшін жаза қолдануға кажетті құралы жоқ. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс қылықтарға тыйым салады. Тек тыйым салып қана қоймайды, кінəлі адамдарды жазалау шараларында белгілейді, сол шараларды қолданатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның нəтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Имандылықтың талаптары жалпылама түрде болады, олардың анықтамасы, дəл түсінігі жоқ. Айталық, ұрыны, зорлықшылды, өсекшіні жаман адам деп айыптайды. Ал құқық мұндай адамдардың іс-əрекетіне мейлінше дəл, бұлтартпайтын анықтама беріп, тиісті құқықтық норманың мазмұнына жатқызады. Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нəтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан келетін іс. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа əсер ету дəрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты. Қазір Қазақстанда меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік жəне жеке меншік. Мемлекет өз меншігін тек қана реттеп қоймайды, сонымен қатар оны дамыту үшін басқарады. Ал жеке меншікке негізделген өндірісті иесі заңда белгіленген тəртіпке сүйене отырып, өзі басқарады. Демек, мемлекет екі меншікке негізделген өндірістің дамуын реттеу үшін құқықтың мүмкіндігін пайдаланады. Соның нəтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді. Осы айтылғандардан байқалатыны - құқық калыптасуының екі кезі, яғни бастауы бар екен. Құқық нормаларын жасауға халық тікелей қатысады. Бірақ халық тек өте маңызды мемлекеттік мəселелерді шешу қажет болғанда, басқа жолмен оларды шешуге болмайтын жағдайда ғана зандарды тікелей қабылдайды. Демек, халық занды ерекше жағдайда қабыддайды. Əдетте, зандарды, басқа да нормативтік актілерді тиісті мемлекет органдары жасайды. Сондықтан құқық нормаларының басым көпшілігін мемлекет шығарады. Мемлекеттің қызметі құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта онын, қызметі сол кұқық нормалары занда белгіленіп іске қосылған сəттен басталады деуге болады. Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін, талаптарын орындату мақсатында мемлекет түрлі əдістер қолданып алуан қызметтер атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінəлі адамдарға тиісті шаралар қолданады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің ырқына негізделіп, жүзеге асырылады. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймайды, сол бостандықты қамтамасыз ететін орасан зор күш - мемлекетке сүйенеді. Құқықтын тірегі, оның күш-қуаты беделі мен абыройы - мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: |