«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет61/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Құқықты талқылау

Құқықтық нормаларды түсіндіру дегеніміз күрделі ерік-ықтиярлық процесс, оның мақсаты құқық нормасының дəл мағынасын анықтау болып табылады. Түсіндірудің объектісі (заты) заңдар мен заңдарға сəйкес шығарылған актілер. Түсіндіру екі бөліктен - анықтау (айқындау) жөне түсінік берулерден тұрады. Түсіндіру-анықтау дегеніміз іштей ойлау процесі, ол субъектінің санасында жүріп жатады. өйткені мұның құқықты қолданушы ойланып барып жасайды. Мұндай анықтауды құқық қолданушы тұлға өзі үшін жəне іштей жасайды, сондықтан да оның сырттай көрінісі болмайды. Анықтау - құқықты барлық нысандарында (бұлжытпай атқару, пайдалануларда) жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады. Анықтау əрқашанда түсінік беруден бұрын жүргізіледі. Түсіндіру - түсінік беру - түсіндірушінің өзіне емес, қатынасқа түсуші басқа тұлғаларға бағытталады. Түсінік беру нəтижесі жазбаша: ресми акт, құжат, құқықтық акті немесе ауызекі: кеңес, ұсыныс түрлерінде беріледі. Сонымен, құқық нормасына түсінік беру — нормативтік құқықтық актілерде білдірілген мемлекеттік ерік-ықтиярдын мағынасын түсіндіру жəне оны жазбаша мазмұндау болып табылады.



Құқық нормаларын талқылаудың қажеттілігі олардың белгілерінің, сырт көріністерінің ерекшеліктеріне байланысты. Құқық нормаларының маңызды ерекшеліктерінің бірі — олардың жалпылама, қиялдық (абстрактылы) сипаты, олардың күшінің көптеген субъектілерге жəне өмірлік жағдайларда қолданылуы. Сондықтан құқықтық нормаларды қолдану барысында олар қиялдағы (абстрактылы) болғандықтан нормалардың мазмұнын нақтыландыру қажеттігі туады. Сөйтіп, құқықтық норманың мазмұнын нақтылы өмірлік жағдайға жақындату керек болады. Əрбір құқықтық норма қоғамдағы қатынастардың белгілі бір түрін реттейді жөне де бұл реттеу жалпылама болады. Ал қоғамдық қатынастардың белгілі түрі сан алуан нақтылы қатынастардан тұрады. Əр нақтылы қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Құқықтық норманы нақтылы қатынасқа қолданғанда оның ерекшеліктеріне байланысты кейбір жағдайларды анықтау қажеттілігі, қолданылатын құқықтық норманың мағынасы қандай екені туралы сауалдар туындайды. Сол сауалдарға құқықтық норманы талқылау арқылы дұрыс жауап беруге болады. Қоғамдық өмірде жаңа қатынастар пайда болып отырады. Оларды заң дер кезінде реттеп үлгірмеуі де мүмкін. Бірақ мұндай қатынастарды қолданыста жүрген заңның мазмұны қамтуы ықтимал. Бұл жағдайды да құқықтық норманың мазмұнын талдау арқылы анықтауға болады. Демек, əлгі құқықтық мазмұны заң ұқсастығы бойынша тікелей көрсетілмеген қоғамдық қатынастарға да қолданылуы мүмкін. Талқылаудың қажеттілігі құқықтық норманың сыртқы ресмилендірілуіне, тілінің ерекшелігіне байланысты да тууы мүмкін. Заң шығарушының ойы-пікірі сөз, сөйлем арқылы жазылады. Кейде қолданылған сөздің бір ғана мағынасы болады, ал кейде оның бірнеше мағынасы болады. Құқықтық норманы нақтылы қатынасқа қолданғанда осы жағдайды да ескеру аса қажет болады. Кейде бір түсінік, ұғым бірнеше сөздермен берілуі мүмкін. Мысалы, "міндет", "қажет", "солай істеу керек", "тыйым салынады", я болмаса, "қақысы бар, "қақылы", "істей алады" т.с.с. Түсіндіру түрлері: 1. Субъектілері бойынша: а) ресми – түсіндіруді өкілеттік берілген (алған) субъектілер: мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар береді. Ресми түсіндірудің заңдық маңызы болады жəне ол құқықтық салдарға апарады. Ресми түсіндіру нормативтік, қазуалды, аутентикалық жəне легалды түрлерінде болады. Нормативтік түсіндіру құқықтық нормаларды жаңадан жасауға алып бармайды. Ол тек бар құқықтық нормаларға түсінік береді, мағынасын аша түседі. Бұл түсіндіру жалпы сипатта жəне құқық нормаларын түсіну (ұғыну) мен əдеттегі қолдануларының біркелкі түрде болуын қамтамасыз етуі тиіс. Казуалды түсіндіру жалпы сипатта болмайды, жалпыға бірдей міндетті де емес (маңызы бойынша), оның маңызы құқық нормасын нақты жағдайды ескере отырып түсіндіруге саяды. Казуалды түсіндіруді құзырлы орган тек атап көрсетілген нақты істің қарастырылуы, барысына байланысты береді. Ол бойынша əдейі шешім қабылдау мəселесіне арнайды. Аутентикалық түсіндіру - қолдануға алынған норма мағынасына түсінік беру сол норманы қабылдаған органнан шыққандығын білдіреді. Легалды түсіндіру ісін осы түсіндіруді атқаруға (орындауға) тапсырма алған субъектілер жүзеге асырады. Легалды түсіндіру заңға сəйкес сипатта болады.

б) Бейресми түсіндіру - құқықтық нормаға түсінік беруді өкілеттік алмаған субъектінің жүзеге асыруы. Мұндай түсіндірулер жалпыға бірдей міндетті болмайды жəне заңдық салдарды туындатпайды. Бейресми түсіндіру əдеттегі, кəсіби, доктриналды (ғылыми) түрде болады.

2. Жасалу тəсілдері бойынша түсіндірудің түрлері:

а) грамматикалық-нормативтік акт мəтінін талдау, заң аталымдарының (терминдердің) мағынасын анықтау ретінде;

б) логикалық (қисындық) - заңның жекелеген қағидаларының логикалық (қисындық) байланыстары пайымдалып зерттелінеді.

в) жүйелі — құқық нормалары мазмұнын осы нормативтік актілі институт, құқық саласымен өзара байланыстыра отырып олардың алған орны мен маңызын тұтастай анықтауға арнайды;

г) арнайы заңдық – заң ғылымы мен заң қабылдау техникасының кəсіби білімдеріне негізделеді;

д) тарихи-саяси актінің жасалуы кезіндегі тарихи жағдайларға байланысты болған заңдық ерік-ықтияр, саяси күштердің ара салмағы мен

олардың орналасулары жəне т.б. жайлар анықталады.

3. Көлемі бойынша:

а) адекваттық (дəлме-дəл, барабар) түсіндіру - мұнда заң "рухы мен оның əрбір əрпі" бір-біріне дəл келеді, яғни құқық нормасының сөз түріндегі білдірулері мен оның шын мағынасы жəне мəні құқық нормасына пара-пар, тең болып келеді;

б) кеңейтілген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мəні оның сөз арқылы білдіруінен едəуір кен болады;

в) шектелген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мəні оның сөз түріндегі білдіруінен едəуір шағын болады; Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-6абына сəйкес Конституция нормаларына ресми түсіндірулерді Конституциялық Кеңес береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет