Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені
Мамандығ0201000
Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
пәнінен
14 ТАҚЫРЫП Құқықтық реттеу мезанизмі.
Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.
Негізгі сұрақтар: Құқықтық реттеу мезанизмі. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет,құқықтық нигилизм. Құқыққа сай мінез-құлық.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқықтық реттеу – мемлекеттің құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қарым-қатынасқа ықпал етуі. Құқықтық реттеуде құқық субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін танып-білуі көзделеді. Тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеутетігі құқықтық құралдардың бірыңғай жүйесі болып табылады, мұндай құралдардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасалады. Құқықтық реттеу тетігінде, сондай-ақ құқықтық нормалар, құқықтық қарым-қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық сана, құқық қолдану актілері, құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері, т.б. қамтылады.
Құқықтың әрекеті – бұл құқықтың мазмұны –дина-микалық жағы, оның шын мәніндегі іске асыру қабілеттілігін сипаттайтын реттеушілігі (арнайы-заңдылық), информа-циялық-психологиялық (мотивациялық), тәрбиелік (идеоло-гиялық, педагогикалық) және қоғамдық қатынастар-дың қатысушыларына әлеуметтік ықпал етуі.
Құқықтың әрекеті – жеткілікті түрдегі механизм. Мұнда оның мынандай жағы көрінеді: құқықтық әрекеттің әлеуметтік механизмі (шын өмірдегі құқықтың ерекшелігінің көрінуін белгілейтін барлық жағдайлар); құқық әрекетінің психологиялық жағы (адам тәртібінің психологиялық механизмін есепке алу, оның сол не басқа құқықтық реттеу заңдылықтарын қабылдауы ықпал етеді); бағалы-ориентациядағы құқықтың әрекеті механизмі (заңдық бекіту, адам үшін көбірек маңыздылықты қорғау және қоғамдық бағалылықты қамтамасыз етуді іс жүзіне асыру).
Құқықтық ықпал – бұл нәтижелі нормативті ұйымдас-тырылған қоғамдық қатынастарға ықпал, арнайы жүйе ретіндегі құқықтық құралдар (құқық нормалары, құқықтық қатынастардың, құқық нормаларының актілерін іс жүзіне асыру және қолдану), сала басқа құқықтық құбылыстарды (құқықтық сананы құқықтық мәдениетті, құқықтық қағидаларды және құқықтық шығармашылық процестерді).
Құқықтық реттеу – белгілі қоғамдық қатынастардың аясына мақсатты бағытталған құқықтық ықпал. Мазмұнына арнайы заңды мақсатты әрекеттер мемлекеттік билік берілген субъектілердің қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруге (ұйымдастыруға) құқық нормаларын белгілеу арқылы және қажетті кездерде осы нормаларға сүйеніп маңызды мәселелер бойынша, сондай қатынастар қалпында пайда болғандарға шешім шығаратын (жалпы құқықтық реттеу және жекеше-құқықтық реттеу).
Құқықтық реттеу белгісіне тән ретінде айтуға болатыны, қоғамдық қатынастардың әлеуметтік реттеуге жататындығы, бірақ мұнда бөлінбейтін мемлекетпен байланысты және оның мәжбүрлеу шарасын пайдалану мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |