Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы



бет10/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99
Әлді жақтары:

  • барлық оқу пәндері мамандармен қамтылуы;

  • оқушылар контингенті мектептің жобалау сыйымдылығына сай;

  • мұғалімдердің сапалық құрамы 47% құрайды;

  • оқу жоспарындағы лицей компоненті түлектеріміздің техникалық мамандықтарға түсуі бірнеше жыл қатарынан расталуы;

  • кәсіби бағдар бағытында мектепте оңтайлы кешенді жұмыс жүргізілуде;

  • бастауыш және негізгі мектеп арасындағы сабақтастық жоспары үзіліссіз жүзеге асырылуда;

  • «LS» зерттеу жұмысы тиімді түрде білім сапасы төмен сыныптарда жүргізіледі;

  • оқу жоспарының вариативті бөлігі оқушы-ата-ана-мұғалімнің ортақ шешімімен қалыптастырылады;

  • ЕОҚЕ оқушылармен инклюзивті білім беру мамандары мен педагогтер табысты жұмыс істеуде.

Әлсіз жақтары:

  • білім сапасы 2019,2020 жылдардағы пандемияға байланысты төмендеген тенденциясы орын алды;

  • инновациялық мектеп статусына материалдық-техникалық әдістемелік әлеуеті жеткілікті деңгейде емес;

  • атқарылған жұмыстың нәтижелері БАҚ-та тұрақты түрде жарық көрмейді;

  • жаңа форматтағы педагогтардың санының өсуіне қарамастан, әдістемелік өнім шығару,авторлық бағдарлама жазу тиісті деңгейде емес;




Мүмкіндіктер

  • білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және үлгерімі төмен, резервтегі оқушылармен жұмыс жүргізу арқылы білім сапасын арттыру;

  • мектеп педагогтерінің сапалық құрамы озат тәжірибені таратуда, шебер сабақ өткізуде мүмкіндік береді;

  • ғылыми жоба, олимпиадалар, облыстық жобаларға қатысу үлесін көбейту;

  • ЖОО, колледждермен келісім-шарт негізінде оқу жоспарының вариативті бөлігінің тиімділігін жоғарлату үшін, лицей компонентінен бөлінген сағаттарды толық пайдалану;

  • оқушылар контингентінің әлеуетін ашу мақсатында ғылыми,өнер, спорт саласындағы сайыстар, конкурстарына қатыстыру;

  • ЕОҚЕ оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайы сайыстарға, конкурстарға қатыстыру;




Қауіпті жақтары

  • Педагогтердің біліктілік арттыруға қызығушылығы, аттестатциядан өту кезеңімен шектелуі;

  • білім сапасын жоғарлау көрсеткіші тұрақты болмауы;

  • жаратылыстану-математикалық пәндердің меңгерілуі оқушыларға қиындық туғызуы, білім сапасына кері әсер беруі;

  • үздік оқушылардың қалада орналасқан мамандандырылған мектепке кетуі;

  • негізгі мектепті бітіретін үздік оқитын оқушылар колледждің мемлекеттік грантына түсіп, керісінше сабаққа қызығушылығы төмен оқушылардың бейіндік сыныптарда қалуы;








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет