Қауіпті жақтары:
жаратылыстану-математикалық пәндердің меңгерілуі оқушыларға қиындық туғызуы, білім сапасына кері әсер беруі;
үздік оқушылардың қалада орналасқан мамандандырылған мектепке кетуі;
негізгі мектепті бітіретін үздік оқитын оқушылар колледждің мемлекеттік грантына түсіп, керісінше сабаққа қызығушылығы төмен оқушылардың бейіндік сыныптарда қалуы.
Тәрбие жұмысының сараптамасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру »бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің 8 бағытына сәйкес жұмыс жоспары құрылып, мектептегі тәрбие жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
Мектептегі тәрбие жұмысы төмендегі бағыттарға негізделген:
Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасылық тәрбие
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Зияткерлік тәрбие
Дене тәрбиесі
Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбиені орындау мақсатында ең алдымен ол рәміздерімізді, Ата заңымызды құрметтеуге арналған іс-шараларға баса назар аударылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы» жобасы аясында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты құттықтау челленджін ұйымдастырды. Мақсаты: жас ұрпақты еліміздің басты құжаты – Ата Заңды құрметтеуге үйрету, патриоттық тәрбие беру. «Ата-заңым айбыным!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, «Атамекен» әні орындалды. https://www.instagram.com/p/CTJEU56o9o1/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/tv/CTLq1IQoMwR/?utm_source=ig_web_copy_link
Достарыңызбен бөлісу: |