Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы



бет37/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99
Қауіп-қатер

Мүмкіндіктер

1. Кейбір сынып жетекшілер сыныбына келген жаңа оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттемеуі.
2.Кейбір ата-аналардың балаларының көңіл -күйіне назар аудармауы,алдын ала дабыл қағып,психологиялық көмекке жүгінбеуі.
3.Отбасында,мектеп ішінде туындайтын мәселелерді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар және психологтардың бірлесе отырып қарастырмауы.

1.Өзіндік білім жетілдіруге деген мүмкіндіктің еркін болуы.
2.Оқушыларға арналған психологиядан курс жазуға мүмкіндіктердің болуы.
3.Уақытты дұрыс ұйымдастырып,пайдалануға кедергілердің болмауы.



Мәселе:

  1. Кейбір сынып жетекшілер сыныбына келген жаңа оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттемеуі.


  1. Кейбір ата-аналардың балаларының көңіл күйіне назар аудармауы,алдын ала дабыл қағып,психологиялық көмекке жүгінбеуі.
Шешу жолдары:

  1. Сынып жетекшілермен тығыз байланыста жұмыс істеу.

  2. Мектептің қауіпсіздік командасының жұмысын жандандыру.

  3. Қиын өмірлік жағдайда жүрген оқушыларды назардан тыс қалдырмау.



Әлеуметтік педагогтардың атқарған жұмыстары

Әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты: Оқушылардың жеке тұлғалық дамуы үшін қолайлы (физикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, зияткерлік) жағдай жасау. Әлеуметтену үдерісінде өздігінен даму және өзін-өзі танытуда оқушыларға кешенді әлеуметтену-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, сондай-ақ оқушылардың өмір сүру кеңістігінде оларды қорғау (әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, құлықтылық).


Жұмыс барысында келесі міндеттер орындалды:
-«аз қамтылған», «көп балалы», «толық емес» отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету;
- қамқорлық пен қорғаншылыққа мұқтаж, мүмкіншіліктері шектеулі, девиантты мінез-құлықты, сондай-ақ, төтенше жағдайға ұшыраған білім алушыларға көмек көрсетуде педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен әлеуметтік сала мамандарымен, қайырымдылық ұйымдармен бірлесе әрекет ету;
- оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау;
- кәсіби бағдар беру мақсатында оқушыларға арналған іс шаралар;
Жоспар бойынша 2021-2022 оқу жылының тамыз-қыркүйек айларында "Мектепке жол" атты республикалық акция туралы үгіт - насихат, көмек көрсету және ықпал ету жұмыстары жүргізілді. Ұстаздардың, ата-аналардың және кентіміздегі кәсіпкерлердің "Мектепке жол" қайырымдылық акциясына қатысуы қамтамасыз етілді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке келмеуінің алдын алу үшін көмек көрсету.
Осы акция барысында аз қамтылған, толық емес, берекесіз отбасынан шыққан жалпы саны 15 балаға мынадай көмек көрсетілді: мектеп формалары, блузка, жейде, кофта, юбка, сөмкелер, спорттық киім, оқу құралдары, аяқ-киімдер берілді.
Көмек көрсеткен демеушілер: «Жүнісовтер» шаруа қожалығы, «Жанар» шаруа қожалығы, «Кенжебаев»жеке кәсіпкерлігі, «Сабина» концярлық дүкені, «Настя» дүкені киім-кешек, оқу құралдары түрінде және мектебіміздің ұстаздары қатарынан бірталай мұғалімдер ақшалай және оқу құралдары ретінде көмек көрсетті.
Сонымен қатар, Астана Моторс компаниясынан әлеуметтік санаттағы 35 оқушыға оқу құралдары түрінде және «Блял» әмбебап дүкені 12 оқушыға оқу құралдармен көмек көрсетті. Астана Моторс компаниясы 40 оқушыға қыстық киім – кишекпен де көмек қолын созды.
Ағымдағы оқу жылында білім бөлімінің тарапынан аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға жалпы саны 369 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары ретінде материалдық көмек көрсетілді.
Қыркүйек айында мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайына мониторинг жасалды. Мониторинг жасалу барысында: аз қамтылған отбасынан шыққан – 119 оқушы, көп балалы отбасынан шыққан – 286 оқушы, толық емес отбасынан – 164 оқушы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 1 оқушы, оның ішінде тұл жетім – 5 оқушы анықталды. Сонымен қатар, қыркүйек айында құқық бұзушылықтың алдын-алу топтарын құру, жағдайы төмен отбасыларды анықтау, оқушылардың бас құжаттарын тексеру, сыныптардың әлеуметтік паспорттарын құру, әлеуметтік жағдайы төмен балалардың сабаққа қатысуын бақылау іс-шаралары өткізілді.

Қыркүйек айының соңында оқу жылының басталуына байланысты өткізілген жалпы ата-аналар жиналысында «Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы таныстырылды.


Қазан айында қолайсыз отбасылардың үйлеріне отбасылық зерттеу актісі жасалып, ата-аналармен және оқушылармен әңгіме жүргізілді. Қолайсыз отбасы қатарында тұрған 2 Г сынып оқушысы Холодов Антон анасы баланың жанында болмауына байланысты тұрғылықты мекен жайы бойынша тұрмыстық зерттеу актісі жасалып, ата-анасымен әңгіме жүргізілді. Әңгімелесу барысында анасы тұрақты жұмысы жоқ екендігін, күнделікті напақаны табуға жұмысқа кететінін айтты. Мектеп әкімшілігі тарапынан отбасына жергілікті әкімдікке барып, жағдайын айтып көмек сұрауы жөнінде және Антонға ананың тәрбиесі маңызды екенін және балада жауапкершілігінің зор екендігін түсіндіріп, ақыл-кеңестер берілді.
29 қазан күні «Қамқоршылар күні» мерекесі ресми түрде аталып өтті. Мектебімізде қамқорлықта 6 оқушы бар. Олар Сатыбалды Айым 11 «А» сынып оқушысы, Кешубаева Амира 11 «Б» сынып оқушысы, Ғабиден Арайлым, Кешубаева Айягүл және Саягүл 10 «Б» сынып оқушылары, Мусатаева Сабина
8 «Б» сынып оқушысы. «Қамқоршылар күніне» байланысты кездесу ұйымдастырылды. Онда мектеп директорының м.а г:А.Тусупова қамқоршыларды мерекелермен құттықтап, тілек білдіріп, әр қайсысына мектеп әкімшілігі атынан алғысын жеткізді.
Әлеуметтік педагог Асемиева Б.Б. және Жүнісбек Т.У қамқоршыларды қамқорлығына алған балаларға жылу сыйлап, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуды үйретіп, тәрбиелеп жатқандықтары үшін алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шара соңында қамқоршылар өздерінің жылы лебіздерін білдіре отырып, мектеп әкімшілігіне алғыстарын айтып өтті.
Қараша айында «Бала құқығы –адам құқығы» он күндік аясында оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша 9-11 сыныптар арасында КЖТіЖ инспекторымен, әлеуметтік педагогтермен бірлескен дәрістер өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының құқықбұзушылыққа байланысты заңнамалары мен ескертулерімен таныстырылды. Сонымен қатар, «тәуекел тобында» мектепішілік тізімде тұрған балалармен құқық бұзушылықтың алдын-алу, алкоголизм, шылым шегудің тигізетін зияндары туралы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, толық емес отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бақылау, қорғаншылықтағы балалардың денсаулықтарын бақылау іс-шаралары өткізілді.
17 қараша күні «20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай «Бақытты ана- бақытты бала – бақытты отбасы- бақытты ел» тақырыбында көп балалы ата- аналармен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті орната білу, отбасы құндылықтарын дәріптеу.

18 қараша күні 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай «Құқығым бар» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында семинар – тренинг өтті. Семинар – тренингтің мақсаты: баланың өзінің құқығы туралы түсінік беру, басқа адамдардың құқығымен байланысы және міндеттері; өз құқығын қорғау және басқа адамадардың құқығын сыйлау дағдыларын қалыптастыру. Құқық пен міндет жөнінде түсініктерін қалыптастыру; өз құқығын қорғау қажеттілігімен өзге адамдардың құқығын құрметтеу қажеттілігін дамыту.


Қараша айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Жақсылық жаса» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы отбасыға көмек көрсетілді. Мектеп Парлменті мен «Жас Ұлан» ұйымының бірлесуімен өтті.
Қараша айының соңында 8 В сынып оқушысы Мейрамов Ұлан және 8 В сынып оқушысы Наурызбаев Ақарыс мектепте сыныптастарын бопсалағанына байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысының шешімімен мектепішілік есепке тіркелді. Шешімге байланысты әлеуметтік педагог, психолог және сынып жетекшісінің бірлескен жеке алдын алу жоспары құрылып, түзету жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қаңтар айында қамқоршылармен жұмыс жасалды, атап айтқанда әр отбасына жанұялық тұрмыстық зерттеу актісі жасалып, «Қамқоршылар есебі» бойынша есеп алынды.
Желтоқсан айында есірткі, нашақорлық, уытқұмарлықтың құқықтық салдары туралы 9-11 сынып оқушыларымен мектеп инспекторының қатысуымен жиналыс өтті.
Желтоқсан айының соңында қолайсыз отбасыларға, әлеуметтік осал топ отбасыларына рейд жүргізілді. Рейдке мектеп инспекторы, сынып жетекшілері, мектеп психологының қатысуымен рейд жүргізілді. Мақсаты: кәмелетке толмаған оқушылардың тұрғын үйін зерттеп, тексеру. Рейд кезінде барлық оқушы үйлерінде болды.
Қаңтар айының соңында Шет ауданының білім бөлімінен келіп түскен Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы негізінде 1 қаңтардан бастап бастап әлеуметтік санатқа жататын отбасылардан шыққан жалпы саны 629 оқушы, оның ішінде бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік санатқа қарамастан жалпылама түрде түгелімен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, 5-11 сынып әлеуметтік осал топқа байланысты тігін ыстық тамақпен ұйымдастырылды. Бұндағы айта кетерлік бір өзгешелік ағымдағы оқу жылында ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларды e.bilimal платформасы арқылы енгізіп қабылданды.
Оқушылар оқу процесі барысында 8 лекке бөлініп тамақтандырылды, яғни, І ауысымда 4 лек, ІІ ауысымда 4 лекке бөлінді. Оқушылардың тамақтануына 20 минут көлемінде уақыт белгіленген. Тамақтану барысында асхана бөлігінде тек қана асханаға жауапты ұстаздар мен оқушылар ғана жүрді. Кірер есік пен шығар есік бөлек ұйымдастырылды. Асханада өзін-өзіне қызмет көрсету түрі жүргізілмеді, яғни, әр оқушының тамағы дайын тұрды. Әр лек сайын 30 минут үзілісте асхана залы тазаланып дезинфекция жасалды.
Тағы бір айта кететін жайт, алдыңғы оқу жылынан бастап мектепішілік, әрі ювеналды полиция есебінің тіркеуінде тұрған 11 «Г» сыныбының оқушысы Зайпуллаев Мансурмен жүргізілген жұмыстар оң нәтиже тауып, қаңтар айында есептен шықты. Зайпуллаев Мансур алдыңғы оқу жылының, яғни, 2018 жылдың қазан айының 08-ші жұлдызында тәртібіне және себепсіз сабақ босатуына байланысты мектепішілік есепке алынса, 2019 жылдың 30-шы сәуірінде ювеналды полиция есебіне тіркеуге алынды. Сол уақыттан бері біраз жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда, әлеуметтік педагог және сынып жетекшісі үйіне барып, бірнеше рет зерттеу актісі жасады, түзету жұмыстары жүргізілуде және сабақтары мен тәртібі қадағалануда, оқушының жағдайы құқық бұзушылықты алдын алу Кеңесін отырысында қарастырылып, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау кенттік және аудандық комиссиясына, кенттік полиция бөлімшесіне қатынас хаттар жолданды. Құқық бұзушылықты алдын алу Кеңесін отырысында әкесіне бірнеше рет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің №127 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолдасын деген шешім қабылданды. Осы жұмыстар аясында оң шешім болып, есептен шығарылды.
Ақпан айының 3 күні «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дәріс өтті. Кездесуде 5-11 сынып оқушыларына мектеп инспекторы ҚР Қылмыстық Кодексінің жекеленген баптарын түсіндіріп, атап қтті.Бала құқығы және денсаулығы мен қмір қауіпсіздігінің баптары, жол-көлік оқиғаларын сақтандыру жөнінде айтып өтілді.
Ақпан айында «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы ұйымдастырылды, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шара өткізілді.
7 ақпан күні «Менің мектепке баратын жолым қауіпсіз бе?» тақырыбында зерттеу жұысы жүргізіліп, жол қауіпсіздік ережесімен таныстырылды.
8 ақпан күні 10-11 сынып оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» танымдық және іскерлік ойын өткізілді. Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру. Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру. Заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғауға тәрбиелеу.

9 ақпан күні «Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілерін біле тұра жалған хабарламалары үшін жауаптылығы» тақырыбында 5-7 сынып арасында жиналыс өтті. Жиналыс мақсаты: Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілерін біле тұра жалған хабарламалары үшін жауаптылығын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болу, гигиеналық тазалықты сақтау.


10 ақпан күні 2-7 сынып оқушылар арасында бала құқығы туралы фильм көрсетілді. Мақсаты: Бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру. 2-7 сынып оқушыларына фильм көрсетіліп, бала құқықтары туралы әңгіме айтылды. Фильмнің мазмұны бойынша бала құқығы мен міндеттері талқыланды. Оқушылар өз құқықтарын айтты. Сұрақ- жауап әдісі арқылы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
11 ақпан күні «Отбасы – қауіпсіздік аумағы», «Отбасы- қауіпсіздік аумағы. Балаңызды қалай түсінуге болады?» тақырыбында 5-7 сынып ата- аналары және сынып жетекшілері арасында жиналыс өтті. Жиналыс мақсаты: Ата – аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу. Өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын аңғарту. Жиналыста 5-7 сынып оқушыларының ата- аналарына «Құқықтық тәрбие» жөнінде баяндама оқылды.
11 ақпан күні «Құқықтық кеңес беру» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: баланың өзінің құқығы туралы түсінік беру, басқа адамдардың құқығымен байланысы және міндеттері; өз құқығын қорғау және басқа адамадардың құқығын сыйлау дағдыларын қалыптастыру. Құқық пен міндет жөнінде түсініктерін қалыптастыру; өз құқығын қорғау қажеттілігімен өзге адамдардың құқығын құрметтеу қажеттілігін дамыту. Дөңгелек үстел барысында әлеуметтік педагогтер бала құқығы жайлы, оқушыларға қатысты заңмен, баптарымен, оқушы құқығы мен міндеттері туралы айтып өтті.17 ақпанда«Халық банк» Ақадыр филиалының басшысы, еңбекқор қызметкер Хамзина Перизат Бекижанқызымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Қаржылық жоспарлау: ақшаны есептеуді қалай үйрену керек?» атты дөңгелек үстел өтті. Маман өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, ақшаны тиімді жоспарлап, жұмсаудың қағидаларын айтты. Әр адамның өз табысын тиімді жоспарлаудың құпиясы жайында да сөз қозғады. Оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Қаржы, қаражат, қаржылық сауаттылық, инвестиция деген ұғымдар кім-кімді болсын қызықтырады. Бұл жайында қаржы саласының маманы кеңінен түсіндірді. Оқушыларға түсінікті болатындай қаржы ұғымына анықтама берді.
22,23 ақпанда «Жасөспірім» облыстық жедел – профилактикалық іс-шара аясында кешкі рейд ұйымдастырылды. Рейд мақсаты: кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылыты алдын-алу.
Наурыз айында 8 В және 8 В сынып оқушылары Наурызбаев Ақарыс және Мейрамов Ұланмен жүргізілген түзету жұмыстары оң нәтиже көрсетіп, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысының шешімімен мектепішілік есептен шығарылды.Наурыз айында сынып жетекшілер семинары кезінде қайталама ПММАЖ (АСППМ) жұмыстары бойынша да түсіндірме жүргізіліп, толықтырулар, жүйедегі өзгерістр айтылды.Наурыз мейрамы қарсаңында мемлекет басшысының бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында басталған «Қайырымды істер марафоны» мектебімізде де игі істермен жүзеге асты.
Іс-шараның мақсаты мемлекет пен бизнес, еріктілер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен қарапайым азаматтар арасында ынтымақтастық пен серіктестікті қолдау. Халық арасында жомарттық пен жақсылық жасау идеяларын кеңінен насихаттау.
Іс-шара туралы үгіт - насихат, көмек көрсету және ықпал ету жұмыстары жүргізіліп, ұстаздардың, ата-аналардың қайырымдылық акциясына қатысуы қамтамасыз етілді. Марафон барысында аз қамтылған 4 отбасына, көп балалы 2 отбасына, қамқорлықтағы 1 отбасына, жалпы саны 7 отбасына азық түлік ретінде көмек көрсетілді.
Көмек көрсеткен ұстаздарымыз:Алмаш мұғалім, Дмитрий мұғалім, Фаарида мұғалім, Шынар мұғалім, Камшат мұғалім, Жанар Абикеновна, Аманжол мұғалім,Меруерт мұғалім, Эльмира мұғалім, Тоғжан мұғалім, Любовь Николаевна, Жұлдыз мұғалім, Қарлығаш мұғалім, Бегзат мұғалім, Бағзат мұғалім, Табиғат мұғалім,Гульнар мұғалім, Гульнар Сырымовна, сонымен қатар, марафонға тех.персонал Гүлімай тәте және Бағдат тәтеге мектеп әкімшілігі және отбасылар үлкен алғыс білдіруде.
Оқушылардан алынған диагностикалық зерттеудің нәтижесінде оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында сәуір айында 9-11 сынып оқушыларына арналған кенттік мекемелердің тәжірибелі, әрі білікті мамандарымен, атап айтқанда, полиция қызметкері, дәрігер, қаржы, мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар таңдаған мамандықтарына байланысты көкейлерінде жүрген бірталай сұрақтарға толыққанды жауап алды.
Сонымен қатар, онлайн форматта колледжімен кездесу өткізілсе, офлайн форматта Қарағанды «Қамқор» колледжімен және Шет агротехникалық колледжімен кездесу өткізілді.
Сәуір айында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес- баршамызға ортақ іс» тақырыбында 5-8 сынып арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой пікірлерімен санасуға жағдай жасауға тәрбиелеу.
Сәуір айының 14 күні шет ауданы, Ақадыр кенттік полиция бөлімшесіне 9 сыныптармен кәсіби бағдар бойынша экскурссия жүргізілді. Оқушыларға түсіндірме айтып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Мамыр айының басынан бастап оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында Қарағанды облысының оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен күнделікті сағат 12.00-де облысымыздың колледждерімен таныстыру үшін «Час профориентации» атты вебинарлар ұсынылды. Аталған вебинардың сілтемесі және кестесі әлеуметтік желі арқылы сынып жетекшілерге жіберіліп, оқушылардың қатысуы қамтамасыз етілді.
Мамыр айында 2-7 сынып оқушылар арасында мектеп инспекторы кәмелетке толмаған оқушылардың түнгі уақытта жүрмеуі туралы, көлік айдамауы, тәртіпсіздік, құқық бұзушылық туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамыр айының 12 күні «Балалар жылына» орай облыстық «Қамқор» рейді өткізілді.
Сонымен қатар, мамыр айында Шет ауданы білім бөлімінен жолданған №1-3/406 шығыс хаты, яғни, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 30369/РПП10 мектеп формасына қатысты техникалық ерешеліктері негізінде, мамыр айының 21-30 жұлдызы аралығында мектебіміздің әлеуметтік осал топтарға жататын отбасынан шыққан оқушылардан мектеп формасына тізім ұсынылды.
Қазіргі таңда аталған отбасылардан шыққан оқушыдан құжаттары жиналды. Мектеп формасына сипаттамасына сай, форманың қою көк.
1-4 сынып қыз балалары үшін – блузка, юбка, жакет және трикотажды желетка, ал 5-11 сынып қыз балалары үшін, блузка, юбка, жакет және трикотажды желетка ұсынылады.
1-11 сынып ұл балалары үшін – көйлек, костюм, астарлы жейде, шалбар және трикотажды жейде ұсынылады.
Мамыр айының соңында "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметіне сәйкес биылғы оқу жылына әлеуметтік осал топтан шыққан 55 оқушының құжаты жиналып, тізім жасалды.
Аталғандардан басқа, әлеуметтік педагогтер таңертең оқушыларды түгендеп және кешіккен оқушыларды қадағалап, аталған ақпаратты қағаз бетіне түсіріп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына табыстайды. Одан соң тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың уақытылы тамақтануын, тәртібін қадағалап, күнделікті санын есеп табеліне тіркейді. Сонымен қатар, қажет болғанда аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың отбасына тұрмыстық-материалдық зерттеу жүргізеді. Оқушылар арасындағы кикілжің оқиғалар орын алған жағдайда оұушылармен және ата-аналармен әңгімелесу жүргізіп, жұмыс журналына тіркейді.
Сонымен қатар, ай сайын құқық бұзушылықты алдын алу Кеңесі отырысы өткізіледі. Ол жерге сабақты себепсіз босатқан, мектептің ішкі ережесін сақтамаған оқушылар ата-анасымен қоса шақыртылып тәртібі мен үлгерімі талқыланады. Кеңес мүшелеріне аталған сынып жетекшілері тарапынан мінездемелер, оқушылармен жүргізілген жұмыстар ұсынылады. Оқушылардың тәртіптері қарастырылып, талқыланып әр қайсысының өзіне тиесілі шешімі шығарылады. Аталған жұмыстың нәтижесінде оқушылар түзеліп, оңтайлы нәтиже беріп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет