ӘҚ. ЖОБ. Әдістемелік қамтылуы
Әдістемелік кафедралар
Мектепте тоғыз әдістемелік кафедралар жұмыс жүргізеді: мемлекеттік тіл, орыс тілі және әдебиеті, шет тілдер, қоғамдық-гуманитарлық, инженерлік-техникалық, ғылыми-жаратылыстану, эстетикалық пәндер, бастауыш сыныптар, салауатты өмір салты.. Әдістемелік кафедралардың жұмыс тақырыбы педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейінің өсуі арқылы білім сапасын арттыруға бағытталады.
Кафедраның жұмысының мақсаты: білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына жағдай жасау.
Міндеттері:
- инновациялық технологияларды танып-біліп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі;
- озық педагогикалық тәжірибе қолдану арқылы педагог шеберлігін арттыруы;
- шығармашылық ізденісіне, әдістемелік құралдарды шығаруына, мұғалімдердің үздіксіз білім алуы мен шеберлігін арттыруға жағдай жасалуы;
- оқушылардың іс-әрекетін бағалау мониторингісі мен диагностикасын құруда мұғалім құзыреттілігін жоғарлатуы;
- кәсіби байқауларға, инновациялық-жобалау іс-әрекетіне, БАҚ-ның басылымына мектеп мұғалімдері қатысуы;
- жас және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасалуы.
Кафедраның жұмыс жүргізу бағыттары: оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және диагностикалық
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына:
- мұғалімдердің біліктілігін арттыру;
- педагогтарға әдістемелік көмек көрсету;
- озық тәжірибемен танысып және енгізу;
- ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар жүргізу;
- оқу көрнекілік құралдарын қрастыруды және жетілдіруді жалғастыру;
- пәндер бойынша олимпиадалардың, байқаулардың, жарыстардың жалпы ережелерін құрастыру енеді.
Кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмысына:
- кафедрада өз пәндер бойынша бағдарлар мен оқу жоспарларын құрастыру;
- жаңа педагогикалық технологияларды апробациядан өткізу;
- жаңа оқу курстарының, оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын құрастыру енеді;
Достарыңызбен бөлісу: |