Ғылыми-жаратылыстану пәндер кафедрасының атқарған жұмыстары
Ғылыми-жаратылыстану пәндер кафедрасында оқу жылының басында 9 мұғалім жұмыс жасаса, 2 мұғалім декреттік демалыста. Жыл соңында декреттік демалыста отырған мұғалімдер саны-3. Барлық мұғалім жоғары білімді – 100%-ды құрап отыр. Педагог - сарапшы – 5, педагог-модератор – 4 санаты жоқ – 0 мұғалімді құрап отыр. Кафедра құрамы және жұмыс жоспары оқу жылының басында бекітілген. 2022-2023 оқу жылында біліктілік санатынан өтуге: Схах Камшат – педагог-зерттеуші және Тасболат Сәулет – педагог- сарапшы санатына өтініш беріп отыр.
2021 - 2022 оқу жылында « Оқушыларды жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыра отырып жеке тұлғалық құзіреттілікті қалыптастыру » тақырыбында жұмыс атқарады.
Мақсаты: Жаратылыстану пәндері бойынша оқу –тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына және мемлекеттік білім беру стандартына сай жүргізу.
Міндеттері:
- Жеке тұлғалық құзіреттілікті қалыптастыру,
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру,
- Адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау,
- Сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін, педагогикалық іскерліктерін шыңдау
Кафедра мұғалімдері оқушыларға жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай қоғамның даму тарихы туралы жүйелі білім бере отырып, ғылыми көзқарасты қалыптастырып, өз бетінше жұмыс жасай білуге, сарай тұжырымдай білуге үйретіп, шығармашылыққа баулуда. Оларды жүзеге асыру үшін оқытудың қазіргі технологияларын тиімді пайдалану басшылыққа алынған. Білім, тәрбие берудің жолдарын шығармашылық жұмыс тақырыптары арқылы іздестіру.
Кафедра мұғалімдері өз пәндері бойынша ізденіс жасау мақсатында өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, мұғалімдер жүргізетін пәндеріне байланысты, тақырып бойынша жұмыс атқарады. Мухамедиева Гульжазира Жайыковна: «Химия пәндерін оқыту барысында педагогикалық озық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда шығармашылыққа баулу және сын көзқарастарын қалыптасырудың тиімді жолдарын анықтау». Схах Камшат: «География сабақтарында педагогикалық технологияларды пайдаланып, ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу». Тасболат Сәулет Мұратұлы: «География сабақтарында жаңа технологияларды меңгере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту». Кафедра құрамында 3деңгейлік мұғалім Схах К және химия пәні мұғалімі Исина С.Т. ағылшын курсы оқуын аяқтап, сол бағытта оқушылармен қосымша жұмыс атқаруда.
Биылғы 2021-20122 оқу жылына арналып кафедра жұмысының жоспары бекітілген. Жоспар бойынша қыркүйек, қазан айларында кафедра құжаттарын реттеу, оқу кабинеттерінің жайын қарастыру берілген. Ал, қараша, желтоқсан айларында пән бойынша жұмыстар және оның сапасына арналған жұмыстар енгізілген. Жалпы жұмыс барысында критериалды бағалаудың қағидаларымен барлық кафедра ұстаздары танысып, басты назарға алуға тиіс жайттарды меңгерді. Сонымен қатар мектептегі «Үздік ұстаз» облыстық байқауына қатысып, шеберлік сабақтарын өткізді. Кафедра мұғалімдері жоғары белсенділік танытты.
2021-2022 оқу жылындағы18.04 - 23.04 аралығында ғылыми-жаратылыстану пәндер кафедрасындағы «ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» атты экологиялық сауаттылық апталығы өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |