Юриспруденция кафедрасы


-ДӘРІС МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ



бет4/9
Дата14.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#135992
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6-ДӘРІС

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Мақсаты: Мемлекеттің типологиясы, оны жіктеудің әдіс – тәсілдері туралы мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс – тәсілдері.

  2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері.

1.Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс – тәсілдері. Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеғттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.

Бұл даму процессі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы, мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданылатынын көрсетуге тиіс.

Мемлекет пен құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы: Рим құқығы туралы айтатын болсақ, Корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап басқа халықпен жауланып, экономикасы терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс Рим империясын франктер басып алып өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византия императоры Юстиниан жүйелеу жұмыстарын басқарып, айтқан құқықтық кодекстің жазуын басқарды. Бұл кезеңде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір – біріне сәйкес болған жоқ. Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.

Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин мемлекет пен үстем таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінеді: құлиеленушілік, феодалдық, бужуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді.

Мемлекеттің негізгі мақсаты – бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті – бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осылай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан таптың құрылуымен байланысты анық көрінеді, топтар және таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекет алдындағы мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан – таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық құралмаған кезде мемлекет де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы, шығыс мемлекеттері марксизм құлиеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал негізінде бұл мемлекеттерде құлиеленушілік қарым-қатынастар әлі қалыптасқан жоқ еді. Мемлекеттері туғызған басқа жағдай – географиялық жағдайлармен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде – Ніл өзенімен байланысты жер суару жұмыстары). Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация деген түсінікпен байланыстырады. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен қондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс – өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы формацияға марксизм құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық- қоғамдық формацияиен тығыз байланыста дамуға тиісті. Бұлардан басқа марксизмге өтпелі дәуірдің мемлекеті деген ұғым бар. Бұл типтерге рулық қоғамнан құлиеленушілік қоғам арасындағы, құлиеленушілік және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің арасындағы, буржуазиялық және социалистік типтердің арасындағы өтпелі мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсақ, бірнеше континенттердің мемлекеттері осы өтпелі мемлекеттің типіне жатады. Латын Америкасының, Азияның, Африканың ХХ ғасырда тәуелсіздігін алған мемлекеттер осы өтпелі тарихи типке кірді. Олардың тарихи типтері социалистік те емес, буржуазиялық та емес, олар тек қана социалистік мемлекеттерде социалистік жүйе ыдырап, нарықтық экономикалық елдерге айналып, демократиялық қоғам құру саясатына көшті. Кейбір мемлекеттер социалистік жолынан тайған жоқ (Куба, Солтүстік Корея, Қытай, Вьетнам).

Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де болу қазір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялық бөлудің айырмашылықтары көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірістік тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияны сыңар жақ түсіндірілуі. Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық салаларының жағдайларына ықылас салу қажет. Мемлекеттің экономикалық базисін зерттеген де оған қоса қоғамның мәдени, рухани деңгейін зерттеп, орнын көрсету қажет және қанаушы таптан басқа қоғамды құрған барлық топтарды зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет – ғұрыптарын, әр топтың саналары мен құқықтарының деңгейін білу өте қажет. Ал, зерттеудің ең маңызды мақсаты – жеке адамның, бостандығы мен құқықтарын, әлеуметтік жағдайын және еңбегін қарым – қатынастарын жақсы білу – мемлекетке мінездеме беруүшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің алдында тұрған мақсат – сол топтардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл халықтың мүддесін қорғау. Осы әдісті бізде цивилизациялық әдіс деп атайды. Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің елінде тұратын адамдар үшін қандай жақсылық істеді, экономикалық, саяси, әлеуметтік, өнегелі қоғамның дамуы үшін қандай шара қолданды деген сұрақтарға жауап береді.

Сонымен, цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани сана – сезімі жоғары деңгейде болуы қажет.



2.Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері. Мемлекеттік типологияның хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Малгерет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері, өзгеріс және дағдарыс кезеңдері, одан кейін XIX ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні жақсы мәлім: 1) Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы оған – біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығына пайда болған мемлекеттер жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияға жатады. Бұдан кейін көне дәуірге антикалық мемлекеттер кезеңі басталды, бұл кезең т.ә. 476 жылына дейін созылды. 2) 476 жылдан боасталған кезең орта ғасырларға жатады, араб халифатының көлеңкесінде пайда болған ислам мемлекетерінің тарихы. Европа мемлекеттерінің бұл кезең феодалдық мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық революциясына дейін жалғасады. 3) Келесі кезең XX ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады. 4) Ал қазіргі XX ғасыр қазіргі дәуір деп аталады.

Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп пргрессивті жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін қорғайды немесе оның экономикалық жағдайының ерекешеліктері барма деген сұрақтарға жауап бергеннен басқа, осы дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін анықтайды.



Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәіурге дейінгі 4 мыңжылдықтың соңында Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта – Шумер, Ассирия мемлекеттері, 2 мыңжылдықта үндістан, Қытай, Хеттердің патшалығы пайда болғаны белгілі. Бұл мелекеттерді құл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, бірақ бұлардың құлиеленуші мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс деспотия деген ерекше мемлекеттік типті құрады. Бұл мемлекеттерді біріктіретін жалпы негізгі нышандары бар: экономикасында рулық қоғамның қалдықтары өте көпке дейін сақталғаны белгілі. Сондықтан, жеке меншікпен қоғамдық және мемлекеттік меншігі қалыптасты. Экономикалық жағдайға климаттың ерекшеліктері өзінің әсерін тигізді. Қоғамның мүддесін қорғау үшін жер суару және басқа да қоғамдық жұмыстар жүргізілді. Осы мемлекеттер ұлы өзендердің Хуанхе, Тигр, Ефрат, Ніл жағасында орналасты. Бұл елдердің саяси жағдайларын дұрыс түсіну үшін осы ерекешеліктерді ескеру қажет. Құлдық институтының ерекшеліктері болатын. Құлдар көбіне мемлекеттің, қауымның және аздап әрбір жанұяның жеке меншігінде болған. Жердің жеке меншігі күшті дамыған жоқ. Шығыс мемлекеттерде көбіне монархия түрінде дамыды. Құқықтың жазулы түрлері пайда бола бастады,мысалы Ману, Хаммұрапи заңдары. Шығыс мемлекеттері тарихтағы бірінші мемлекеттердің типін құрады. Келесі тарихи типтерге Греция және Рим, солармен қатар дамыған антикалық мемлекеттер жатады. Бұл мемлекеттер ерекшеліктері: құлиеленуші өндірісі шығыс мемлекеттерден көп жоғары, рулық қоғамның қалдықтары сирек кездеседі, құлдардың еңбегін қанап пайдалану экономиканың негізін құрады. Қоғам негізінде құлиеленушілерге және құлдарға бөлінеді. Байлардың жеке меншігінде құлдар, жер және басқа өндіріс құралдары болатын. Құлдардық құқықтық жағдайлары ашық айтылатын, олар сөйлей алатын құралдарға жататын. Құлдардың ешқандай құқықтары жоқ , ол өзінің мырзасының жылжымалы заты. Қоғамның негізгі байлықтарын осы топ жарыққа шығаратын, олардың еңбегін өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрлыста, жалпы жұмыстарда,спортта, басқа да жерлерде пайдаланатын. Сонымен, антикалық мемлекеттерде құлиеленушілер мен құлдар екі негізгі таптарды құрды. Ал олардан басқа топтарға саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар жатты. Құлиеленуші мемлекеттердің негізгі мақсаттары – құлдарды, басқа топтарды езгіге салып, олардың еңбектерін пайдалану. Оның осындай негізін мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары дәлелдейді: мемлекеттің ішкі функциясына құлдарды және басқа кедей топтарды қанау және сол үшін тиісті жағдай туғызу. Мемлекеттің өзі жерлердің, құлдардың, кен шығаратын жерлердің, басқа байлықтардың иесі болатын. Сондықтан, ол жеке меншікті қорғау қызметіне қатты көңіл бөлетін. Құлдардың көтерілісі қатаң соққымен басылатын, тарихта бұндай жағдайлар өте жиі болады. Антикалық мемлекттердің сыртқы функциялары да соғыс – күреспен байланысты. Осы сыртқы және ішкі функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттің аппараты ыңғайлы еді, оның демократиялық формалары да кездесетін. Көне дәуірдегі антикалық мемлекетер республика және монархияға бөлінеді. Греция, Рим, Спарта республика және монархия болған. Республика аристократиялық және демократиялық түрінде болатын, ал монархияның тек шексіз монархия болғаны анық белгілі.

Құлиеленушілік антикалық мемлекеттердің арасындағы ең ірі және сонғы мемлекет – Рим мемлекеті. Оның патшалық, республика және империя кезеңдері болды. Рим мемлекетінде жақсы белгілі құқық жүйесі құрылды. Рим құқығы бүкіл дүние жүзіне әсер етті.

Орта ғасырлардың мемлекеттері. Феодалдық мемлекеттердің құрылуының екі жолы бар: біреулері құлиеленушілік мемлекеттердің дамуынан пайда болды, екіншілері рулық қоғамнан пайда болды. Оларды да екіге бөлуге болады – Азия, Африканың және Европаның мемлекеттері. Орта ғасырлардың дамуы 476 жылдан басталды, бұл Рим империясының құлаған жылы. Рим империясының орнына Франк мемлекеті пайда болды. 628 жылы мұсылмандар мемлекетінің пайда болған дәуірі. Европадағы феодалдық мемлекеттерінің дамуының үш кезеңдері белгілі: ерте – феодалдық монархия, сословиелік – монархия және шексіз монархия. Феодалдық мемлекеттердің негізгі нышаны – жерге жеке меншіктің қалыптасуы. Феод – деген сөз – толық жеке меншіктегі жер. Феодалдық жеке меншіктің тағы екі түрі бар: аллод және бенефиций (аллоди – жерге жеке меншіктің мұрагерлік жолмен көшуі; бенефициде – мұрагерлік жерге құқық жоқ). Бұл иерархиалық әрбір топ өзінің жеке орнын алады, сол орны құқықтық жағдайды белгілейді және жер иеленушілігімен байланысты.

Феодалдық иерархиялық құқық. Феодалдар біренше топтарға бөлінеді: мысалы, Франция граф, герцог, рыцарь, шіркеу қызметкерлері, шаруалар, құлдар. Феодлдың рентаның үш түрі болды: ақшалай, барщина және натуралық рента. Феодалдық мемлекеттің ішкі функциялары: жеке меншікті қорғау, салық жинау, шаруалардың көтерілістерін басу. Сыртқы функциалары – басқа халықтарды тонау, өз мемлекетін қорғау және көрші мемлекеттермен қарым-қатынастарды құру. Феодалдық мемлекет өзінің билігін шіркеудің әскерімен күшейтті. Феодалдық қоғам шіркеудің күшіне, баюына жағдай туғызды. Шіркеудің көп жерлері,шаруалары және басқа да байлықтары болды. Шіркеудің билігін дәлелдеу үшін әр түрлі теорияларды шығарды. Мұсылман, Христиан, Католик, Буддистік мешіт-шіркеулердің арасында бірталай айырмашылық болғанымен, қоғадағы құқықтық жағдайлары бір-біріне ұқсас. Шіркеудің күшейген де әлсірегенде кездері болды. Феодалдық мемлекеттер көбіне ыдыраған, ұқсас мемлекеттер болатын. Бірақ кейбір кезде олардың күшейіп, ірі, мықты мемлекет құрған кездері де болды. Мысалы, Омейядтардың араб халифаты, Францияның шексіз монархиясы. Бұл кезеңде Құран, ұлы Еркін Хартия, Каролина, Алтын Булла деген белгілі феодалдық актілер қабылданды.

Феодалдық мемлекеттердің дамуы буржуазиялық революцияға дейін созылды. 1640 жылдан бастап келесі кезең жаңа дәуір басталды. Капитализм өзінің 300 жыл тарихында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – либералдық капитализм XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейін. Екінші кезең – империализм дәуірі XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін. Үшінші кезең – әлеуметтік капитализм XX ғасырдың ортасынан 2004 жылға дейін. Бұл кезеңде ғылыми-техникалық пргрестің, демократияның жақсы дамуы. Экономикада мемлекеттің макробақылаудың орнауы. Қазіргі заман бейбітшілікті, халықтар достығын, демократияны дамыту. Капиталистік мемлекеттің негізін жеке меншіктің көп түрлері құрайды, жеке меншік құқығы ең қасиетті және жоғарғы құқық болып жарияланды. Заңның алдында бәрі тең. Бұл кезде мемлекеттің маңызды прогрессивтік принциптері нығайтылды: биліктің бөлінуі, заңның жоғарлығы, құқықтың алдында бәрі тең, азаматтардың саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары мен бостандығы, заңдылық, соттың тәуелсіздігі және т.б. Құқықтық мемлекеттің түсінігі анықталып, көп конституциялар осы терминді қолданатын болды.

Әрбір құқықтық саланың өзінің прогресивті жерлері бар. Мысалы, қылмыстық сала мынандай негізгі принциптерге кепілдік береді: заңда жазылмаған іс қылмыс емес, бір қылмысқа бір жаза, жазаның ауырлығы қылмысқа сәйкес болуға тиіс, адамды қинайтын жазалар қолданбауы тиіс. Азаматтық құқықтық салада шарттардың және өнер кәсіптік бостандықтары, некені мемлекеттің тіркеуі, некеде екі жақтың теңдігі.

Мелекеттердің көпшілігінде конституция қабылданып – қоғамның негізгі қарым-қатынастарын реттеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Заңдар жазбаша түрде қабылданатын болды. Буржуазиялық құқықтық актілердің арасында ерекеше орын алатын Францияның 1789 жылғы Азаматтық және адамның құқығы туралы деклорациясы, АҚШ-тың 1776 жылғы Тәуелсіз деклорациясы, Ангияның Хабеас корпус актісі, Наполионның басқаруымен алынған кодекстер және басқа құжаттар прогресивтік дамуға ықпалын тигізді.

1917 жылдан бастап Кеңестер Одағы Европаның және Азияның бір елінде социолистік мемлекеттер өмірге келді. Солтүстік Корея, Вьетнам, Куба мемлекеттері қазір де өздерінің социолистік бағытынөзгерткен жоқ. Қытай мемлекеті ерекеше Қытайлық социолизм қоғамын құрды деп жариялағаны мәлім. Бірақ социолистік мемлекеттердің қайшылығының саяси жүйесі, құрған режимі, қолданған әдісі, халыққа қарсы жүргізген саясаты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуі, елде әкімшілік-әміршілік басқару жүйесі қалыптасып, партияның диктатурасы орнады. Сөйтіп, социолизмнің ізгі мақсаттары қанға боялды. Казармалық социолизмнің елге, халыққа жасалған озбырлығы бұл күні баршаға мәлім.

Партия билігіне технократтар келді. Билік жүйесі олигархияға ұласты, талантты, ойшыл зиялылар қуғынға ұшырады. Қолында билігі бар үстем таптың қалыптасуы сияқты құбылыстар халықпен байланысын әлсіретті. Экономикадағы қолдан жасалған шарықтау мен саяси-рухани өмірдегі тоқырау қайшылықтары, Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағының құлауына негізгі себеп болды.

Тарихи шындыққа жүгінейік. Марксизмнің социалистік қоғам туралы ілімі – XIX ғасырдың ұлы жетістігі. Марксизмнің экономикалық ілімін бүкіл өркениетті халықтар мойындады. Социолизмнің Ресейдегі сәтсіздігі Сталинның марксизм ілімін тұтасымен жоққа шығарып елімізде «Сталинизм» саясатын орнату еді. Әлемдік капитализм социолизм ісінен көп нәрсені үйренді: жұмысшы тобының революциялық жігерін эволюциялық даму арнасына түсіру үшін әлеуметтік проблемаларды шешудің социолистік әдістерін қолдады.

Ендеше, XX ғасыр тарихын жазу барысында объективті түрде көрсету керек. Коммунистік идеал – құбыжық емес, ол кеше ғана миллиондаған адамдардың арманы ғана емес, өмірі болған тарихи құбылыс. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз сол социолизмнің ішінен шыққанын ұмытуға болмайды. Тек әділдікке жүгініп, отан тарихын жайлаған аңыз-мифтерден ақиқатты айту, шындыққа жету интелектуалды азаматтардың қарызымен парызы болса керек. Сонда ғана болашақ ұрпақтың тарихи санасына көлеңке түспейді, ана сүтін емген, ата тарихынан сусындаған ұрпақ қанаттанады.

Талқылау сұрақтары:


  1. Мемлекеттің типологиясы деген ұғымды түсіндіріп беріңіз.

  2. Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі қандай?

  3. Мемлекеттерді цивилизациялық және өркениеттік деп бөлудің мағынасы неде?

  4. Мемдлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлеріне тоқталыңыз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Парламент и законодательная власть Казахстана: Монография. /Отв.редактор А.А.Таранов/.- Алматы, Жеті Жарғы, 1996.

  2. Проблема человека и политическое реформирование (юридические, этические, социально – психологические аспекты).- М.: Интитут государства и права Российской Академии наук, 1997.

  3. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.


    1. 11\-",';''
    Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  4. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.


7-ДӘРІС

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Мақсаты: Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің анықтамасы, ерекшеліктері және негізгі белгілері туралы мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар.

  2. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны.


1.Азаматтық қоғам және құқық пен мемлекет туралы теориялар. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себебтері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағыда бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.

Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе, Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарихи теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және нақты тарихи дәләлдер болады. Сондықтан, ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.

Тағы бір ескеретін мәселе «азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамда да «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді.сондықтан, біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.

Құқықтық мемлекеттік парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқытық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқытық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқытық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан бергі негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», - деді. Феодалдық дәіурде Н: Макиавелли, Ж: Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекеттік орнату төңірігінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтқан.

Құқытық мемлекет орнату көнцепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтекье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кан, т.б. Гроцкий – қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық – адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі – мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет – қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.Монтескье – мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады. Локк – маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқытық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау. Кант – құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттің жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін қалыпьастыру деп түсіндірді. Гегель – қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі – құқытық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқық пен моралдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсарту. Маркс – құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрлысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мелекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық – Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде-мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқытық мемлекет қалыптасады. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады. Сонымен, құықтық мемлекет туралы теорияны қорта келіп, оның негізгі мазмұны – халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші – адам, қалың бұқара. Сондықтан, мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.



Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлек қоғамның санқырлы көрнісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлері көне дәуірде де болды, ал «азаматтық қоғам» толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке меншіктің, діннің, отбасының, моралдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әа адам өз мүддесін көздейді, басқарады, көздейді. Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды, - деген Гегель. К. Маркстің пікірі – бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң, ол азаматтық қоғамның санқырлы көршісінің бір нысаны болып шығады. Біз өткен ғасырдағыірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азамттық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып, қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз – азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрнісі төмендегідей болуға тиіс:

  • Экономикалық бостандық, әр түрлік меншік, нарықты қатынас;

  • Адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;

  • Заңды, демократиялық билік; ақпаратқа бостандық беру;

  • Заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болуы;

  • Таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;

  • Адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.

Азаматтық қоғамның құрлымы – қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы – адам. Адам қоғам құрлымының негізгі элементі – діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси паптиялар, мемлекет, олардың ара қатынастары – азаматтық қоғамының элементтері. Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге бөлады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани мәдени және ақпараттық жүйелер: Әлеуметтік жүйе – объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы – қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы – адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы – қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары. Экономикалық жүйе – қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрлым элементтері: жеке, муниципалды, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу. Саяси жүйе – мемлекет, саяси партиялар,қоғамдың ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъекетілеге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдану қажет. Рухани-мәдени жүйесі – осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдинет, рухану сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы. Ақпараттық жүйе – осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілу қажет. Осы көтерілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, саналы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құқық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғары дәрежеде болуы. Азаматтық қоғамның белгі-нысандары:

  • Адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостаннндығғғы меннн құқықтарының қамтамасыз етілуі;

  • Қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық құқықтарының болуы;

  • Азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға құқықтарының болуы;

  • Жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсету; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;

  • Азаматтық қоғам – толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқытық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтітұрғыдан негізі болуға тиіс.

Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншіліктер жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының Конституцисында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтың, мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жариялаған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет