13-ДӘРІС
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА
Мақсаты: Қоғамдық және құқықтық сана мазмұнын ашып көрсету және құқықтық сананы жақсарту бағыттарына тоқталу.
Жоспар:
-
Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны.
-
Құқықтық қатынас құрамының бөлшектері.
1.Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны. Сана – объективті шындықты идеялды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана – шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана – адамдардың қоғамдық өндірістік іс әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуы мен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады.
Адам тарихи қалыптасқан іс-әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі. Адам айналадағы дүниеге, өзін қарама-қарсы қойып, белгі мақсатта іс-әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жинақталған рухани қазына, мәдинет, мораль, дін, қоғамдық психолгия, өнер, құрал-жабдық адамның творчествасынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл заттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжірбені, білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани идеалды игеріп, алда тұрған мақсат, міндеттерді белгілеп адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды. Адамдар өзінің творчествалық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды дамытумен біргеөздерін жетілдіреді.
Қоғамдық сана – объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қағамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдинетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз объектісі мен бйнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идеологияның саяси құқықтық нысандары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқықтық тілде, ал өнер – көркемдік образдармен, мораль – адамдардың мінез-құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасу сипатына қарай әртүрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси құқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезеңде осы нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді. Мысалы, феодализмдәуірінде дін үстемдік етті, капиталистік қоғамда құқық пен саясат билік алып, философия, өнер, мораль мен діннің дамуына зор ықпалын тигізді.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданып отырған құқықтық нормалар, заңдылық пен құқықтық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары датады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – қоғамға пайдалы іс-әрекет құқықтық нормаларының талабын орындау, заң белгіленген мүмкіндікті пайдалану үшін азамат белгілі бағытта әрекет жасап, белсенділігін көрсетуі қажет. Құықтық белсенділіктің, екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты. Құқықтыұ сана-сезім белгілері мыналар:
-
Құқықты белгілеу.
-
Құқықты түсіну.
-
Құқыты құрметтеу.
-
Құқықтың дұрыстығына және әділетілігіне сену.
-
Құқықты сақтауға дағдылану.
-
Құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.
Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқытары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқытық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана қоғамның құқытық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен үлес қосады.
-
Құқықтық сана – құқық нормаларын қалыптастырудың қажетті шарты. Олай дейтін себебіміз, құқықтық нормалар заң шығару органының саналы түрдегі ерікті қызметі арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір мүдделері мен қажеттіліктері заң нормаларына бейнеленбестен бұрын, ол нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ой-санасынан өтеді. Сондықтан да, құқық нормаларының сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес келеді, ол нормаларды құратын органның құқық көзқарасы, құқық санасының деңгейімен тығыз байланыста болады.
-
Құқықтық сана құқық нормаларының нақты және толығымен іске асырылуының ең басты шарты. Құқытық нормаларының талаптары тікелей азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті әрекеттері арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананың деңгейі жоғары болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады.
Қоғамдық мәдинет саласында құқық мәдинетінің жетістіктерін ғана басқарып реттеп отырады. Мәдинет өзінің даму процесінде қоғамның рухани байлығын, халықтың сана-сезімін дамытып, жоғары дәрежеге көтереді. Құқыта өз кезегінде мәдинетті қорғап, реттеп отырады. Осыдан келіп құқықтық мәдинет қалыптасады. Ол өзара байланысты элементтер арқылы көрніс табады.
-
Қоғамдағы құқықтық сананың жағдайы, құқықты түсінудің деңгейі, заңдылықтың талаптарын орындау қажеттілігін түсіну;
-
Заңдылықты сақтау;
-
Заң шығарудың ерекшелігі, оның мазмұны мен нысанына көңіл бөлу;
-
Сот, прокуратура басқа да заң органдарының жұмыс атқару сипаты.
Сонымен сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратынпсихикалық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді.
Сана адамдардың өзара іс-әрекеттерінің нәтижесінде өмірге келіп, дамып, ескіріп, жаңарып жатады. Бұл объективтік өте күрделі процесс, сан-алуан бағытқа, жүйеге бөлініп қоғамның сана-сезімін топтастырып қалыптастырады. Оның негізгі нысандары: саяси, моральдық, Ұлттық, эстетикалық, діни, құқытық т.б. сана-сезімдер. Бұлар бір-бірімен тығыз байланыста дамып отырады.
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы сана-сезімнің объективтікдаму прцесіне сәйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады. Құқықтық сана-сезімнің мазмұны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды: қоғамдағы нормативтік актілердің даму, жаңару, орындалу, қорғалу процесін, оған халықтық сана-сезімнің әсерін, көзқарасын, іс-әрекетін біріктіреді.
Құқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші – халықтың құқықтық білімін арттыру; екінші – сана-сезімді дұрыс дамыту үшін тәжірибелік жұмысты жақсарту; үшінші – қоғамдағы қатынастарды реттеуді, басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықтық сана-сезім нормативтік актілердің негізгі,қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеуші, басқарушы күш. Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына және оның болашағын дұрыс болжауға өте зор әсер етеді.
Құқықтық сана-сезім ерекшеліктері:
Құқықтық сана-сезім қоҚұқықтық сана-сезім ерекшеліктері:
-
Құқықтық сана-сезім қоғамдағы тек нормативтік актілер мен құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың қабылдану және олардың процесін қамтиды. Саяси, моральдық, ұлттық т.б. көзқарастар құқықтық сана-сезімге әсер етіп, құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына ықпал етеді;
-
Қоғамның даму процесін, құбылыстарын сана-сезім құқықтық тұрғыдан сезініп, сол позициядан қортынды тұжырымдар жасап, баға береді. Мысал: құқытық қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтыұ тәртіп т.б.
Сонымен, қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.
Халықтық, әсіресе заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде болады: біріншісі – құқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау – сылбыр, енжар деңгейі; екіншісі – эвристикалық деңгей – құқықтық субъектілерінің жаңалыққа талпынып, мәселені шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі – интелектуалдық деңгей – жаңалықты ашуда үзілістің болмауы, жоғары дәрежеде белсенділікті көрсету. Белсенділіктің сонғы екі түрі құқытық сана-сезімнің дамуына өте зор әсер етеді.
Құқытық сананың мазмұны әр таптың, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени, өмірінде алатын орнына байланысты. Құқытық сана халықтың саяси және құқытың жауапкершілігін артырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқығы мен міндеттерін адал орындам отыруына, мемлекет және еңбек тәртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады.
Қоғамдық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сан адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану прцесіне өте зор әсер етеді. Себебі құқықтық қатынаста адамдар номативтік актілерді бұлжытпай орындаулары керек, екі жақты құқықық пен міндет бар, дұрыс орындалмаса жауапкершілік бар. Сондықтан, құқытық қатынастардың субъектілеріне түсетін ауыртпашылық айтарлықтай мол.
Құқытық сана-сезім өзінің құрлымы жағынан екі түрге бөлінеді: құқықтық идеология және құқықтық психология.
Құқықтық идеология дегеніміз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүиеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер, философтар, тарихшылар т.б. мамандар қатынасады. Құқықтық идеология қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытады.
Құқықтық психология дегеніміз – қоғамның құқықтық сезімін, ақыл-ойын, әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерінің әртүрлі топтарының санасында – заңдарға олардың қолдануына байланысты туған әсерлер, көңіл-күй және сезімдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді біріктіріп дамытып , халықтың сана-сезімін көтеріп, демократияны нығайту, құқықтық мемлекет қалыптастыру.
Құқытық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері:
1) Қатынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді: жекелік, топтық, қоғамдық сана-сезім. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен бірге олардың өз дербестігі болады. Әр жеке адамның сана-сезімі әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде болса, онда бұл топтан жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің, керсінше, сана-сезімі нашар болса ол топтан жақсылық, күтуге болмайды. Осы әдіс- тәсілмен қоғамның сана-сезіменің дәрежесін, деңгейін білуге болады. Сол арқылы қоғамның қай саласында, адамдардың қандай тобына жұмыс жасау бағытын анықтауға болады. Осындай қоғамның сана-сезімін реттеп – басқарып отыруға болады. Мазмұнның тереңдігіне қарай құқықтық сана-сезім тағыда үшке бөлінеді: күнделікті құқық саналығы, кәсіпқойлық құқық саналығы, теориялық құқық саналығы. Адамдардың күнделікті құқықтық сана сезімі олардың рухани, парасаттылық, өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады.
Кәсіпқойлық, құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін заңгерлердің тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де, тәжірибесіде мол болғандықтан сана-сезімдерікөпшілігінің жоғары дәрежеде болады. Сондықтан, құқықтық нормалар дұрыс орындалып, заңдылық, құқықтық тәртіп жақсы дамиды.
Теориялық құқық саналығы қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты жақсы даму арқылы қалыптасады. Жақсы дамыған заң ғылымы қоғамның сана-сезімнің дәрежесін, деңгейін көтереді, сол арқылы құқықтың жақсы дамуына зор әсер етеді.
Құқытық сана-сезімнің бұл жүйелері мен түрлерінің қоғамда атқаратын жұмыстары өте зор. Олар бәрі брігі құқықтық нормаларды өмірге әкеледі, оны дамытады, олардың дұрыс орындалуына жан-жақты үлес қосады. Қоғамдағы құқықтық саналықтың деңгейі неғұрлым жоғары болса соғұрлым заңдылық та, құқықтық тәртіп те жақсы дамиды.
Құқықтық сананың субъектілері,әлеуметтік тұрғыдан бірнеше түрге бөлінеді:
-
Жеке адамның құқықтық санасы есін білгенен қалыптаса бастайды;
-
Ұжымдық құқықтық сана. Әр ұжымның қызметінің ерекшеліктеріне байланысты ұжымдық құқықтық сана-сезім қалыптасады;
-
Қоғамдық құқықтық сана. Адамдар жасына, жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына байланысты сан алуан бірлестіктерге бөлінеді. Әр топтың ерекшеліктеріне байланысты құқықтық ой-санасы, көз-қарасы қалыптасады.
-
Халықтың құқықтық санасы. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы, қайнар бұлағы. Демек, халықтың да құқыққа өз көз-қарасы, сана-сезімі бар.
Құқықтық сананың тарихи даму кезеңдері мен типологиясы жобамен төрт дәуірге бөлуге болады: көне дәуір, орта ғасырлар, жаңа кезең және қазіргі заман.
Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке заңды ұғым болған жоқ. Орта ғасырларда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы пікірлер, зерттеулер болды.
XVI-XVIII ғасырларда көптеген пікірлер, ғылыми зерттеулер өмірге келді. Қоғамдық ғылымдардың алдына көп талаптар қойылды: демократияны дамыту, абсолюттік монархияны жою, мемлекеттік билікті бөлу, адамдардың табиғи бостандықтарын, құқықтарын шектеуге жол бермеу т.б.
Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де, ғылымда да жан-жақты зерттеліп қоғамның, мемлекеттік дамуына зор үлес қосуда: мемлекеттік аппарат күрделі дамуда, заң шығармашылық процесс сапалы жұмыс жасап, қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттеп басқаруда.
Сонымен, құқықтық сана – қоғамдағы құқытық құбылыстарға адамдардың сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механимі деуге болады.
2.Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары.Қоғамдағы, мемлекетті дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдарының бірі – еңбекші бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолдануына, мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсенді қатысады. Құқықтық сананы заңды мінез-құлқы деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның сана-сезімі. Осы сана-сезім арқылы заң роындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқы нормаларының талаптарына сәйкелсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.
Құқытық сана-сезім арқылы қоғам басқарылады, оны өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді,сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды міне-құліқ негізінде құрылады. Азаматтар құқықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес сана-сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық және бәсең заңды мінез-құлық.
Белсенбі заңды мінез-құлық – лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасы мен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Бұл мінез-құлықтың түрлері сан алуан, ол – субъектілердің өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктелгенміндеттерін қалтқысыз саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқытарын жүзеге асыра отырып мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына белсене қатысып әлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бет көрсетіп, өз пікірін ротаға салу – міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.
Енжар заңды сана-сеземнің көрнісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен орындайды, норматитік актілерді жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мұндай мінез-құлық екі тарапта да ұтылыста болады. Мысалы, шартты қатынаста субъектілердің екеуі де немесе біреуі міндеттерін дұрыс орындамаса екі жағыда ұтылыста болады, зиян шегеді. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді.
Қоғамның эконмикалық, әлеуметтік, мәдинеттік дамуы жақсы деңгейі болса адамдардың сана-сезімі де сол дәрежеде болады. Осыған сәйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып, қатынастарды жақсы реттеп басқарып отырады.Егерде қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшыраса онда сана-сезімнің сапасы төмендеп, құқықтық нигилизм, немқұрайлық етек жая бастайды. Қылмыстың саны күрт өседі, қоғамдағы заңдылық пен құқытық тәртіп нашарлайды. Оның себептері:
-
Азаматтардың көпшілігінде демократиялық мәдинеттің жоқтығы.
-
Қоғамда әкімшілік-әміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі.
-
Ескі мемлекеттің ыдырауы, жаңа жүйенің толық қалыптаса қоймауы.
-
Қоғамның экономикалық-әлеуметтік деңгейінің нашарлауы.
Қазігі өтпелі кезеңде қазақстан републикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттары өте көп. Солардың бірі – халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру, оның негізгі бағыттары:
-
Елімізде құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту. Бұл іске қоғам болып кірісу;
-
Тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу; инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, тәртіпшілік, еңбекшілдік, діни т.б. бағыттарда.
-
Халықтың рухани сана-сезімін, білімін жақсарту;
-
Мемлекеттің заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
-
Мемлекет аппаратындағы қызметкерлердің мамандық сапасынкөтеру;
-
Заңдылыққа, құқықтық тәртіпке қатаң бақылау жүргізу.
Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқытық тәрбиені жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделі және өзекті іске қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсенді түрде қатысулары керек.
Құқықтық тәрбиені жақсарту үшін қоғамның экономикалық, әлеуметтік жағдайын, жақсарту, демократияны, бостандықты, теңдікті дамыту керек, сонда ғана іс нәтижелі боладын.
Сонымен, құқытық сананың сапасын жақсартып, қоғамдағы оның маңызын көтеруге зор үлес қосатын құқытық психология мен құқытық идеология. Бұл психология мен идеологияны теңестірсек идеология басым болады. Өйткені психология адамдардың санасында заңдарға олардың қолдануына байланысты туған тек әсерлерін. Көңіл-күйін, сезімдерін ғана көрсетеді. Ал, идеологияның қоғамға әсерінің шеңбері де, кеңістігі де өте кең,маңызыда анағұрлым жоғары. Идеология құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды белгілі бір жүйеге келтіріп, ғылыми негізде дәлелдеп қызмет атқарады.
Мұндай тұрақты қалыптасқан демокртиялық, мәдени әлеуметтік құқықтық идеология әр мемлекетте өте қажет. Онсыз қоғам сапалы, жақсы дами алмайды. Оны біздің еліміздің 10 жыл тәуелсіз дамыған тарихымыз дәлелдеп отыр. Кеңестік дәуірде 60 жыл үстемдік жасаған коммунистік салт идеологияға нигилистік көзқарасты қалыптастырып, еліміз көптеген қиыншылықты, қолайсыз жағдайларды бастан кешіріп отыр. «Тәуелсіздікке қол жетті, Ата Заң қабылдадық, дүниежүзілік ұйымдарға тең құқылы мүше болдық» дегелі 7-8 жылдан асса да, нені ардақтап, нені мансұқтауды білмейтін пұшаймандық тағы бар. Мұның аты – ұлттық немесе мемлекеттік идеологияның жоқтығы. Идеология дегеніміз – мемлекеттің жүрегі. Жүрегінде өзіне тән қасиет жоқ адамдардың дара тұлға еместігі кімге құпия? Өзіндік идеологиялық бағыт-бағдары, ұлттық білімі жоқ мемлекет ше? Ол кімге қажет? Әрине, бізге қажеті жоқ. Бірақ сырттағы біреулерге ол ұнайды. Өйткені мұндай мемлекетті бостандықта ұстау оңай.
Тәуелсіз жас мемлекеттің іргесін нықтауға байланысты тұжырымның бірі ілімдік жағынан қортылуы тиіс. Ондай ұлттық идеологияның негіздері бізде жоқ емес. Тек оны нақтылай, дәлелдей түсу керек. Ғылым дәрежесіне қарай бейімдеу қажет. Құқықтық қоғамы бар мемлекет құрамыз, оған керегі жалпы азаматтық идея деп тұрсақ та, Қазақстанның өзіне лайық идеологиясы болуын ешкім жоққа шығармас.
Қорыта айтсақ, құқықтық идеологияны жаңғырту,озық өркениет жетістігін қабылдау, мәдинет пен өркениетті ұштастыру, ұлттық тұлға тәрбиелеу, мемлекетімзде қаржы-қаражат, заң, өндіріс, өндіргіш күш, білім беру, денсаулық сақтау мен бұқаралық ақпараттың үйлесімін тауып үндестіретін құрал – мемлекеттік, ұлттық, құқықтық идеяны қалыптастыру.
Бұл жерде ескеретін мәселе Кеңестік дәуірде заң ғылымын марксизм теориясына сәйкес түсініп, ғылыми зерттеулерді, құқытық мамандарды дайындауды осы бағытта жүргізіп келдік. Дүниежүзілік заң ғылымымен байланысымыз жоқтың қасы болды. Олардың мемлекет және құқық теориясының жаңалықтары мен жетістіктерін біз қолданбадық, пайдаланбадық. Сөйтіп, Кеңестік заң ғылымы біржақты дамып, көп кемшіліктерге әкеп соқты.
Қазіргі кезде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып , дүниежүзілік ғылыммен қауышып, мемлекет және құқы теориясын жан-жақты дамытуға мүкіншілік қалыптасып, бұрынғы жіберілген қателіктерді, кемшіліктерді түзетуде.
XXI ғасырда қоғамның объективтік даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, қортында тұжырымдар жасауы қажет. Оны дүниежүзіндегі барлық елдердің ғалымдарымен бірігіп жасау. Сонда ғана нәтиже болады.
Қазақстанда құқық жүйесінің болашақта даму бағыттары:
-
Құқытық идеологияны қалыптастыруға қоғамдағы барлық саяси, әлеуметтік күштер, ұйымдар бәрі бірігіп, үлес қосуы қажет. Әрбір одақ әр жаққа тартса қоғамда тұрақты бірлік те, сапалық құқытық идеология да болмайды. Мұндай қоғамның болашағы жоқ деуге болады.
-
Құқытық идеологияны қалыптастыру жұмысы жариялы, ашық, демократиялық түрде жүргізіліп, барлық халықты, олардың құрған ұйымдарын қатыстыруға толық мүмкіншілік беру қажет.
-
Құқытық идеологияны қалыптастыру процесінде халықтың көпшілігін мүддесін іс жүзінде асырамыз деп, азшылықтың, жеке адамдардың мақсатына нұқсан келтірмеуі қажет. Өйткені демократиялық қоғамда жеке адамдардың бостандығы мен құықтарына шектеу жасауға қатаң тыйым салу қажет.
-
құқықтық идеологияның алдындағы санқырлы мүдде-мақсаттың ең күрделісі, ең маңыздысы: қоғамның саяси-экономикалық және Қазақстанның тәуелсіздігін, қорғанысын күшейту. Міне, осы мәселелерге мемлекет, халық, барлық ұйымдар, бірлестіктер, ұжымдар, саяси партиялар бірігіп іс-әрекет жасаулары өте қажет. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігі күшеймей, басқа жақсылықтарды күту, болады ғой деп сену – жай қиял.
Сонымен, құқықтық сана халықтың, адамдардың саяси және құқытық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқықтары мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекеттік және еңбек тәртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады.
Талқылау сұрақтары:
-
Қоғамдық сана дегенді қалай түсінесіз?
-
Құқықтық сана анықтамасын беріңіз?
-
Құқықтық идеология дегеніміз не?
-
Құқықтық психология дегеніміз не?
-
Құқықтық сананы жақсартудың қандай бағыттарын атай аласыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
-
-
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
-
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
14-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Мақсаты: Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік ұғымы туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:
-
Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері.
-
Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері.
1.Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері. Құқық бұзушылықтың тарихы тамырын тереңінен тартады. Саяси-құқықтық ілімдер тарихының ғылыми жетістіктерімен нәтижелеріне мұқият зер салып қарасақ құқық бұзушылық мемлекетпен құқық пайда болған сәттен бірге қалыптасқан. Себебі құқықтың пайда болуымен оның нормаларын бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау сияқты құқық бұзушылықтар да пайда болады. Міне, сол кезеңнен бастап құқық бұзушылық қоғамның ажырамас серігі ретінде осы күнге дейін жойылған жоқ. Сондықтан құқық бұзушылықты жан-жақты зерттеу, оның алдын орау, болдырмау сияқты мәселелер адамзаттың алдында тұрған ең күрделі мәселелердің бірі. Мемлекеттің, қоғамның толыққанды дәрежеде өмір сүруі, қалыптасқан қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және адамдардың көңіл-күйімен отбасындағы тыныштықтардың бәрі құқық бұзушылықтың деңгейімен, онымен күресудегі нәтижеге байланысты. Құқық бұзушылықпен күресуде нақтылы нәтиже жоқ мемлекетте халықтың билікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады. Сонда жалпы құқық бұзушылық дегеніміз не? Заң әдебиетінде оның анықтамасы тұрақты түрде қалыптасқан, барлық оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде бір мағанада беріледі. Атап айтсақ құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі: Байқап қарасақ құқық бұзушылық негізінде төрт сипаттан қалыптасады:
-
Әрекет, немесе әрекетсіздік.
-
Құқыққа қарсылық.
-
Субъектінің арнайы жасқа толуы.
-
Кінә.
Бұл төрт элементтің біреуі жоқ болса, жеке адам құқық бұзушылық жасаған болып саналмайды.
Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:
Теріс қылық.
Қылмыс.
Теріс қылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған, қоғамға зиянды зардаптар туғызатын әрекет немесе әрекетсіздік. Теріс қылықтар қоғамдық қатынастарға зияндылық әсерін тигізеді, бірақ өте қауіпті болып саналмайды. Теріс кылықтар мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Тәртіптік теріс қылықтар мекемелер мен кәсіпорындарда, басқа да заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда тұрған субъектілердің еңбек кодексінің немесе ішкі ереже талаптарын орындамау немесе бұзу. Мысалы, жұмысқа, қызметке үнемі кешігіп келу, жұмыс уақыты кезінде қыдырымпаздық және т.б. әрекеттер жасау. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған субъектке жұмыс орнының әкімшілігі тарапынан ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату сияқты шаралар қолданылады.
2. Азаматтық құқықтық теріс қылықтар жеке және заңды тұлғалардың жасалған келісімшарт негізінен туындайтын, міндеттемелерді орындамау және адам өмірі, денсаулығы және мүлкіне зиян келтіру барысындағы әрекеттердің жиынтығы. Мысалы, жүргізушінің адамды қағып кетуінен денсаулығына тигізген зияны, бір субъектінің жасалған шартты орындамауы және т.б. теріс қылықтар.
3. Әкімшілік-құқықтық теріс қылықтардың (құқық бұзушылықтың) анықтамасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 28-бабында мына мағынада берілген: «Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады». Әкімшілік теріс қылықтар тек ғана кодексте белгіленген.
Құқық бұзушылықтың екінші түріне қылмыс жатады. Қылмыстың анықтамасы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 9-бабында мына мағынада берілген: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».
Мемлекет және құқық теориясында қүқық бұзушылықтың ұғымымен қатар құқықтық бұзушылықтың құрамы деген ұғым бар. Құқық бұзушылық жалпы ұғым ретінде танылса құқық бұзушылықтың құрамы дара ұғым ретінде қабылданады.
Құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз нақтылы құқық бұзушылықты және оның қоғамғы зияндылығы мен қауіптілігін заңмен айқындаған арнайы нышандардың жиынтығы.
Құқық бұзушылық төрт элементтен, нышаннан тұрады: Объект, субъект, құқық бұзушылықтың объективтік жағы, құқық бұзушылықтың субъективтік жағы.
Объект деп құқық бұзушылық қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуын айтады. Жалпы қоғамдық қатынастар кең, ауқымды және қоғамның барлық салаларына қатынасты болған соң көптеген мүдделерді қамтиды. Мүдде бар жерде қатынастар пайда болады. Сондықтан құқықтық бұзушылық мүдделерге қол сұғады, қауіп-қатер, зиянды зардаптар тудырады.
Объект қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде дамудың, адамзат өркениетін қалыптастырған құндылықтар мен мүдделерден қалыптасады.
Құқық бұзушылықтың объектісі үш түрге бөлінеді: жалпы объект, топтық объект және тікелей объект.
Жалпы объект - социум өмір сүретін, тіршілік ететін қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы. Оған адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мүдделері, халық денсаулығы, санитарлық - эпидемиологиялық салауаттығы, қоршаған орта, қоғамдық имандылық, меншік, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері жатады (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 7-бап).
Топтық объект - біртекті, біркелкі, бір-бірімен тығыз байланыстағы қоғамдық қатынастардың топтасқан жиынтығы. Топтық объект құкық бұзушылықты қоғамға кауіптілігіне және қол сұғылған қатынастарына қарай жинақтауға мүмкіндіктер туғызады. Мысалы, қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің ерекше бөлімдері жасалған қылмыс пен әкімшілік теріс қылмыстардың топтық объектілеріне байланысты жүйеленген.
Тікелей объект — нақтылы құқық бұзушылық қол сұққан, бұзған қоғамдық қатынастардағы жеке, дара мүдделер. Мысалы, кісі өлтіргенде өлтірген адамның өмірі тікелей объект болып саналады. Кейбір жағдайларда құқық бұзушылық жасалғанда заттарға әсер етіледі. Мысалы, ұрлық жасалғанда меншікке қол сұғылады, меншік иесінің иемделу, пайдалану, билеу құқындағы заттар басқа адамның пайдалануына өтеді. Бұл жерде қылмыскер ұрлаған мүлік, зат объект емес, қылмыстың заты болып саналады. Объект әрқашан құқық бұзушылықтан зардап шегеді, ал қылмыстың заты (сақина, киім, тауарлар) баз қалпында қалуы мүмкін. Құқық бұзушылықтың заты объектінің материалдық көрінісі болып табылады. Құқық бұзушылыққа барған субъект заң қорғайтын арнайы қоғамдық қатынастарды бұзады, қол сұғады.
Жасалған кейбір қылмыстарда қылмыстың заттары мүлдем жоққа тән. Мысалы, әйелді зорлау, бұзақылық және т.б. қылмыстар.
Құқық бұзушылықтың субъекті деп жауапқа тартуға қабілеттілігі бар, құқық бұзушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамды айтады. Құқық бұзушылықтың субъектілері болып заңды тұлғалар да табылады. Мысалы, газет жеке адамның, ар-намысын қорлайтын мақала басқаны үшін жауапқа тартылады (айып салынады, жабылады).
Субъект жалпы және арнайы болып екі түрге бөлінеді. Жалпы субъект барлық адамдардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылуы. Мысалы, кісі өлтірудің субъектісі жалпы субъектке жатады. Адамды кім де болса өлтіре алады: жас, кәрі, әйел. Бұл жерде мамандық, жыныс, жас әсер етпейді.Арнайы субъект заң белгілеген ереже бойынша құқық бұзушылық жасаған адам арнайы, қосымша нышандарға ие болуы тиіс. Мысалы, әскери қылмыстардың субъектісі болып әскери қызметкерлер ғана саналады, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарда арнайы субъект болып лауазымды тұлғалар болады.
Құқық бұзушылықтың субъектісі болу үшін, яғни, жасаған теріс қылығы және қылмысы үшін құқықтық жауапқа тартылуға арнайы шарттар қажет.
1. Субъект заң белгілеген жасқа толуы тиіс. Ол 16 жас, ал кейбір қылмыстар (ұрлық, кісі өлтіру, адамды ұрлау, тонау, адамды кепілге алу, зорлау және т.б.) үшін 14 жас болып белгіленген.
2. Құқық бұзушылық жасаған сәтте субъектінің өзінің құқыққа қарсы бағытталған әрекеттеріне жауап береді. Егер адам құқық бұзушылық жасаған уақытта есі дұрыс емес, немесе психикалық ауыру (шизофрения, эпилепсия, Дауна ауруы, мый сифилисі прогрессивті паралич, эпидемиялық энцефалит, маникалды-депрессиялық психоз) жағдайында болса адам жауапқа тартылмайды, оған мәжбүрлі түрде медициналық емдеу қолданылады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы деп оның жасалуының сыртқы көрінісін, субъектінің қоршаған орта мен заттарға әр түрлі мағанада жасалған әрекеттерінің нышандарын айтады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушылық жасалғанда айқын көрініс беретін әрекет немесе әрекетсіздік. Тек объективтік жағын айқындағаннан кейін ғана адамның қандай құқық бұзушылық жасағанын дәлме дәл байқауға болады. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы адамдардың мүліктерін жасырын түрде ұрлау болса, әйел зорлауда күш қолданып, немесе оны қолданбақшы болып корқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау, тонауда — бөтен мүлікті ашық ұрлау, қарақшылықта бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау болып табылады. Заң құқық бұзушылыққа сипаттама бергенде объективтік жағы арқылы оның нышандарын белгілейді.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы іс-әрекет (әрекет, немесе әрекетсіздік), себепті байланыс және зиянды зардапты қамтиды.
Іс-әрекет (әрекет, немесе әрекетсіздік) арқылы барлық құқық бұзушылық жасалады. Әрекет — адамның заң, құқық нормалары тыйым салған қоғамға қауіпті және зиянды істерді істеу немесе істелуіне жол беру. Әрекет әрқашан адамнан белсенділікті талап етеді, оның мінез-құлқынан өзінің көрінісін табады. Әрекет күш қолдану және күш қолданбау болып екі түрге бөлінеді. Мысалы, адамды өлтіру үшін оны күш қолдану арқылы көрсеткен қарсылығын әлсіретеді, ал, алаяқтық жасаған адам мүлікті алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы күш қолданбай алады.
Әрекетсіздік — жасауға тиісті әрекетті жасаудан бас тартып, қоғамға қауіпті мінез құлық таныту. Мысалы, анасы жаңа туған сәбиін емізбейді, науқасқа дәрігердің көмек көрсетпеуі, әскери қызметкердің қызмет орнына себепсіз келмеуі.
Зиянды зардап – жасаған іс-әрекеттің нәтижесінде қоғамдық қатынастарға, мүдделерге нұқсан, зиян келтіру. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі және зияндылығы сонда, ол қоғамның тыныс-тіршілігінің, өмір сүру жағдайының қалыптасқан тыныштығының ырқын бұзады, соның нәтижесінде зиянды зардап пайда болады. Көптеген құқықтық нормаларында зиянды зардап нақтылы мағынада көрсетіледі. Мысалы, «адам денсаулығына зиян келтіру», «ауыр зардаптар», «адамдардың өлуі» және т.б. Бұл материалдық зардаптар. Сонымен қатар зиянды зардапқа формалды зардаптар жатады. Мысалы, бандитизмнің қылмыстық құрамы. Бұл құрам бойынша адамдарды жауапқа тарту үшін формалды түрде объективтік жағынан «азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару» әрекеті болса жеткілікті. «Құру», «басқарудың» өзі қоғамға қауіпті болып саналады.
Себепті байланыс – жасалған іс-әрекетпен зиянды зардаптың арасындағы байланыс. Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы. Себепті байланыс деген бір құбылыстың екінші құбылысты тудыруы, себеп салдарды қалыптастырады. Себепсіз салдар болмайды. Сондықтан себепті байланыс жоқ болса, жауаптылық та болмайды. Мысалы, шофер қалада машина айдап келе жатып, аялдамада тұрған автобустың алдынан атып шыққан адамда басып өлтіреді. Тергеу барсында шофердің ішімдік ішпегендігі және рұқсат етілген 40 жылдамдығымен келе жатқандығы анықталады. Экспертизаның қорытындысы бойынша жүргізуші барлық жол жүру ережесін сақтаған. Адам өзінің әрекетінің нәтижесінде өлімге ұшыраған. Бұл жерде жүргізушінің әрекеті мен адам өлімінің арасында себепті байланыс жоқ. Сондықтан ол кісі өлімі үшін жауапқа тартылмайды.
Шетел криминологиялық әдебиеттерінде «Conditio sine gua nоn» — «эквиваленттік теория» деп аталатын тұжырымдама бар. Бұл теория бойынша істің, оқиғаның барлық себептері тең мағынада пайдаланылады, ал «қажетті жағдай» нышаны жауапқа тартудың объективтік негізі болады. Мысалы, егер бір адам бір адамға пышақ салып өлтірген болса, адам өлімінің себебіне пышақ салған адам, кезінде пышақты жоғалтқан адам және оны жасаған адамдар жатады. Теория бойынша әр адамның әрекеті өлімге себеп болып тұрған болып бағаланады. Тәжірибеде қолдануда аталмыш теория қылмыстық жауапқа тартудың шеңберін кеңейте түседі, репрессиялық сипатқа ұласады. Тек іс-әрекетпен зиянды зардаптың арасында тікелей себепті байланыс болған жағдайда жауапкершілік туындайды.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы деп субъектінің жасаған іс-әрекетіне деген психикалық қатынасын айтады. Субъективтік жақ негізінде кінә, себеп және мақсат сияқты ұғымдарды қамтиды. Бұл нышандар құқық бұзушылық жасаған субъектілердің ішкі, сезімін, оның психикасындағы процестерді кеңінен қамтиды. Олардың бәрін толық анықтау арқылы адам жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі мен зияндығы айқындалады, жаза мөлшеріне әсер етеді.
Кінә деп субъектінің істеген құқық бұзушылыгына және оның зиянды зардаптарына қасақана, немесе абайсыз формасындағы психикалық қатынасын айтады. Кінә екі мағана, кезеңімен қамтылады.
Біріншісі, интеллектуалдық (зияткерлік) кезең кінәлінің іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін, оның қоғамға қауіпті, немесе зиянды келтіретінін ұғынуы, немесе сондай зардаптардың болуын көре білуі.
Екіншісі, ерік кезеңі кінәлінің қоғамдық қауіпті немесе зиянды зардаптың болуын біледі, немесе оған парықсыздықпен, немесе менмендікпен, я болмаса немқұрайлықпен қарауы.
Кінә қасақана және абайсыз болып екіге бөлінеді. Қасақана жасалған құқық бұзушылық деп субъектінің өзінің іс-әрекетінің (әрекет, немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті, зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптары болатынын біле тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істесе, немесе оған саналы түрде жол берсе, не оларға немқұрайлы қарағанын айтады.
Қасақаналық тікелей және жанама атты екі түрге бөлінеді. Тікелей ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін, зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптары болатынын біле тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істейді. Мысалы, адам басқа адамның басын балтамен ұрғанда оның әрекеті қауіпті екенін біле тұра, сол соққыдан адам өлімінің болатынын сезініп және өлуін тілеп істейді.
Жанама (эвентуалдық) ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зиянды екенін білсе де, бірақ зардаптың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол береді, немесе немқұрайлы қарайды. Мысалы, дәрігер 4 ай болған жүкті әйелге заңсыз аборт жасайды. Соның нәтижесінде әйел қаза табады. Бұл жерде дәрігер өзінің заңсыз әрекетінің қауіпті екенін біле тұра, оның өлуі мүмкін екенін болжай тұра сол әрекетке барады, бірақ әйелдің өлімін тілемейді, саналы түрде жол береді.
Теорияда ниеттің қалыптасу уақытына байланысты күні бұрын ойланған ниет және кенеттен пайда болған ниет болып бөлінеді.
Күні бұрын ойланған ниет құқық бұзушылық жасағанға дейін адам санасында пайда болған ниет. Мысалы, субъект адамды өлтіру үшін күні бұрын өлтірудің амалын ойлайды, жоспарын құрады, сәті түскен кезде өлтіреді. Теорияда бұл ниет өте қауіпті болып танылады.
Кенеттен пайда болған ниет арқылы жасаған құқық бұзушылықта субъект өзінің құқық бұзушылыққа бару ниетін аяқ астынан іс жүзіне асырады. Мысалы, сатушының алдында жатқан ақшаны көріп, ала қашады.
Сонымен қатар теорияда ниет айқын және айқын емес болып бөлінеді.
Айқын ниеттегі субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті, зиянды екенін біле тұрып, нақтылы зардаптың болуына өзінің әрекетін бағыттайды. Мысалы, пәтерден ұрлық жасағанда қылмыскер меншік иесінің мүлкіне қол сұғатынын жақсы біледі.
Айқын емес ниеті бар субъект қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын біле тұрса да, өзінің ойында қандай нәтиже болатынын көзіне елестете алмайды. Мысалы, екі құрылысшы ерегесіп қалып, біреуі төменде кетіп бара жатқанға кірпіш тастайды. Бұл әрекеттен кірпіш тастаған субъект оның не басына зақым келетінін, немесе өлетінін білген, ниеті айқын емес.
Кінәнің екінші түрі - абайсыздық. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі абайсыздықтың екі түрін көрсетеді. Атап айтқанда 21-бапта: «1. Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады». Менмендікпен жасалған әрекетке мынандай мысал келтіруге болады. Жүргізуші автомобильді айдап келе жатып жылдамдығын арттыра түседі. Абайсызда көшені жүгіріп өтіп келе жатқан адам автомобильдің астына түсіп, қаза табады. Бұл жерде жүргізуші өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра жеңіл оймен, зардап болмас деп ойлайды. Себебі ол өзінің тәжірибесіне, автомобильді жақсы меңгергеніне сенеді. Немқұрайлыққа мысал. Учаскелік инспектор тапаншасын тазалап отырып, стволдың ішінде оқ барын байқамай, абайсызда шапаны басып қалады, оқ жанында отырған әйеліне тиіп, қайтыс болады. Болжап білуі тиіс еді, бірақ біле алмайды. Жасалынған құқық бұзушылық міндетті түрде заңды жауапкершілікті тудырады. Істеген қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмаған қоғамда, әділсот ісінің салтанат құруы, заңдылықтың орнауы мүмкін емес. Сондықтан заңды жауапкершіліктің қоғамда атқаратын рөлі ерекше. Халықтың әлеуметтік психологиясы құқық бұзушылық жасап, қоғамға, мемлекет мүддесіне зиянды зардаптар келтірген адамның пара беріп, айла-амалдар тауып заңды жауапкершіліктен құтылып кетуі коррупцияның нағыз шыңы деп қабылдайды com билігіне сенімсіздігін қалыптастырады. Ал, соттарда нағыз әділеттілік орнамауынша құқықтық мемлекет құру идеясы бос сөз болып қала бермек.
2.Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері. Заңды жауапкершіліктің негізі - құқық бұзушылықтың жасалуы және адамның іс-әрекеттерінің құқық бұзушылық құрамымен қамтылуы. Егер жасалаған іс-әрекет құқық бұзушылықтың құрамында қарастырылмаса, бекітілмесе ешқандай заңды жауапкершілік те болмайды. Занда жауапкершілік жеке адамның қоғам алдындағы міндеттерін, жауапкершілігін сезінуі, құқыққа қарсы жасаған іс-әрекеті, оның қауіптілігі мен зияндығы үшін қолданылатын жазаны мойнымен көтеруі.
Заңды жауапкершілік мемлекетпен құқық бұзушылыққа барған жеке адамның арасында пайда болған құқықтық қатынастардың нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған субъект өзінің жасаған қауіпті, зиянды әрекеті үшін арнайы қолданылған жазаға төзуін айтады.
Заңды жауапкершілікті теориялық мағанада зерттеп қарағанда оның екі түрі айқындалады:
Позитивтік заңды жауапкершілік — барлық құқық субъектілерінің заң және басқа нормативтік құқықтық кесімдер тыйым салған талаптарын бұлжытпай орындау, құқыққа сай мінез-құлықты қалыптастыру. Мұндай жауапкершілік негізінде болашақта қалыптасатын мінез-құлыққа тікелей қатысы бар.
Ретроспективті заңды жауапкершілік - құқық бұзушылық жасаған субъектке мемлекет тарапынан күш қолдануы және құқық бұзушының ондай әрекетке төзуі. Мысалы, субъект жасаған ұрлығы үшін міндетті түрде жазаға тартылып, сазайын тартуы тиіс. Қызыл бағдаршамға өтіп кеткен жүргізушіге белгіленген заң мөлшерінде айып салынуы тиіс және т.б.
Заңды жауапкершілік өзінің функцияларына байланысты компенсациялық және жазалаушылық болып бөлінеді.
Компенсациялық заңды жауапкершілік деп субъектінің құқыққа қарсы жасалған әрекетінің нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуі. Мысалы, авторлық құқықты пайдалану, плагиат арқылы субъектінің зияткерлік құқығына қол сұққаны үшін зиянды зардаптарды сот шешімі арқылы өтейді.
Жазалаушылық заңды жауапкершілік жариялылық құқыктық тәртіпті қорғау үшін құқық бұзушыны жазалаудың жолы. Мысалы, пара алған лауазымды тұлға жазалаушылық заңды жауапкершілікке тартылады.
Құқық салалары бойынша конституциялық, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптілік, материалдық болып бөлінеді.
Конституциялық заңды жауапкершілік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының, лауазымды тұлғалардың, мемлекет қызметкерлерінің, Үкіметтің, Президенттің ата заң алдындағы жауаптылығы. Мұндай талаптар Конституцияның 34-бабынан туындайды және онда конституциялық жауапкершілік мына мағанада берілген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті».
Қылмыстық құқықтық жауапкершілік субъекттердің жасаған қылмыстары үшін тек ғана сот органдары, қылмыстық кодексте белгіленген қылмыстар үшін қолданылады. Бұл жауапкершілік басқа құқықтық жауапкершілікке қарағанда қатаң жаза қолданумен айшықталады.
Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік — атқарушы-орындаушы органдардың басқару жүргізу барысында әкімшілік теріс қылықтар үшін қолданылатын жауапкершіліктің жиынтығы.
Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - жеке тұлға мен заңды тұлғалардың шарт, келісім, мәмле арқылы өздеріне жүктелген құқықтық міндеттерін орындамауынан және адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруден туындайтын жауапкершілік.
Тәртіптілік-құқықтық жауапкершілік - заңды тұлғалардың әкімшілігі тарапынан еңбек тәртібін бұзған адамдарға қолданылатын тәртіптік жазаның қолданылуы. Мысалы, өз міндеттерін орындай алмағаны үшін ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату.
Материалдық жауапкершілік жұмысшының, қызметкердің жұмыс істейтін орнында өзінің кінәлі әрекетінің нәтижесінде келтірген зиянын өтеуі. Мысалы, мүлікті қиратуы.
Заңды жауапкершілік заң негізінде болғандықтан оның өзіне тән қағидалары болады. Сол қағидалар нақтылы сақталған жағдайда жауаптылыққа тарту әділетті болады. Теорияда заңды жауапкершіліктің мынандай қағидалары бар:
Жауапкершіліктің мақсатқа сай болуы. Бұл қағиданың мазмұны бойынша жауапқа тартылған субъекттің мінез-құлқы жан-жақты танылып, барлық субъективтік объективтік жағдайларды ескеріп, жаза қолданылуы тиіс. Мысалы, судья сотталушыны жауапқа тартып, жаза қолданғанда жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп (53,54-баптар) мақсатқа сай келетін жазаны тағайындауы тиіс.
Барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі. Жауапқа тарту, құқық қолдану, жаза тағайындау барысында ешбір адамға артықшылық беруге болмайды. Тек заң негізінде, тең құқылықты қатаң сақтау арқылы жауапкершілік іс жүзіне асырылады.
Әділеттілік. Қабылданған бұйрық, шешім, үкім әділетті болуы тиіс. Сонда ғана заңды жауапкершілік тиімді нәтиже береді, қоғамдық санада әділеттілік ұғымы салтанат құрады. Әділеттілік субъективтік факторларды объективтік талаптардың аяғына жығу, оған тәуелді ету.
Заңдылық. Заңды жауапкершілікке тарту тек заңдылық қағидалары негізінде іс жүзіне асулары тиіс. Заңды бұрмалау арқылы жауапқа тартып, жаза қолдану мемлекеттік органдардың халық алдындағы беделін түсіреді, бассыздық, адам құқықтарын аяққа таптауға тікелей жол ашады.
Заңды жауапкершілікке тек ғана кінәлі субъекттің тартылуы. Құқық талаптары бекіткен және тек ғана кінәлі субъект заңды жолдармен алынған дәлелдер негізінде жауапқа тартылуы тиіс.
Заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайлары
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі субъектілерді заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайларын да қарастырған. Атап айтқанда көптеген құқық салаларының нормалары осы мәселені бекіткен. Заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайлары мынандай әрекеттерге қатысты:
1. Қажетті қорғану. Құқық бұзушылықпен күресу мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың моральдық борышы болып табылады. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, меншік құқықтарын, мемлекеттік мүдделерді қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, олармен күресу барысында кейбір адамдар мемлекеттік, қоғамдық және жеке адамдардың мүдделеріне зиян келтіруі әбден мүмкін. Қажетті қорғану Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында: «Әркім құқық субъектісі ретінде танылуға құқы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғануға хақылы» - деп атап көрсетілген.
Қажетті қорғану қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде арнайы, нормамен берілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабы қажетті қорғануды мына мағанада бекіткен: «Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрған үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолмен шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды».
Аса қажеттілік — жағдайында жасалған әрекеттер де қылмыс, немесе басқа әкімшілік құқық бұзушылығына жатпайды. «Аса қажеттілік жағдайында, яғни, осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды». (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 40-бабы).
Мұндай норма Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 34-бабында да бекітілген. «Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамның өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды». Мысалы, бағасы 400 мың доллар тұратын асыл тұқымды бұқа кенеттен сауыншы әйелді сүзуге ұмтылды. Бұл жағдайды көрген бақташы әйелдің өмірін сақтап қалу үшін бұқаның бетін қайтару мақсатында оны айырмен шаншып өлтірді. Бұл жерде бұқа қанша асыл тұқым, қымбат болғанмен адам өмірі одан да қымбат болып табылады.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру — қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 33-бабы). Қылмыскерді ұстау кезінде тек ғана оның өзіне ғана зиян келтіріледі.
Орынды тәуекел ету Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 35-бабында жауапкершіліктен босатудың негізі деп танылған. Атап айтқанда қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте... Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге жол берген адам ..қорғалатын мүдделерге зиян келтіруін болғызбау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.
Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндіруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.
Күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу - егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде ... Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 36-бап).
Бұйрықты немесе өкімді орындамауда өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның... Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтірілгені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 37-бабы).
Талқылау сұрақтары:
-
Құқық бұзушылықтың себептерін атаңыз?
-
Құқық бұзушылықтың түрлері қандай?
-
Заңды жауапкершіліктерді атаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Табанов С.А. Совершенствование законодательств: теория и опыт Республики Казахстан.-Алматы:1999.
-
Теория права и государства. Под. Ред. В.В. Лазарева. – М.: 1997,
-
Чиркин В.Е. Государствоведение: Учебник.- М.: 1999.
-
Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Учебник.-М.:Проспект,2000.-304с.
-
Черданцев А.Ф. Теория государства и права: Учебник.- М.: 2000.
-
Дулаьбеков Н., Амандықов С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері: 2001.-244б.
-
Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.-Оқулық.- Алматы, Жеті Жарғы,2001.-624б.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша семинар сабақтары құқықтық білімді нығайтудың негізгі жолы болып табылады. Семинар сабағында студент тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап тауып қана қоймай оны қорытып дұрыс жеткізе білуі қажет. Семинар сабағында студент өзінің дәріс сабағында алған білім деңгейін тереңдетуге, талқыланып отырған тақырыпқа қатысты өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Семинар сабағына дайындалу барысында жаңа термин сөздерге мән беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.
Студент семинар сабағына дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді мұқият саралауы керек және ол ұсынылған әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге өз тарапынан ізденіп баспа материалдарын да қарастыруы қажет.
Құқықтық білім адам өмірінің барлық кезеңдеріне қажет, сондықтан аталмыш пәнге деген қызығушылықтың болуы студенттің құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. Семинар сабағының басты кеңесшісі ол пән оқытушысы. Сол себепті түсініксіз сұрақтарға оқытушыдан кеңес алып отырған жөн. Семинар сабағында тақырыпқа қатысты мәселе көтеріліп, әр түрлі әдістердің қолдануымен шешіледі. Әдістер: ахуалдық есептер шешу, баяндау, пікір таластыру, ойын және т.б. Есептер дегеніміз күнделікті өмірімізде туындап жатқан құқықтық мән – жайлар, мәне соларға жауапты іздеу барысында студент қажетті нормативті құжатты дұрыс тауып, талдауы керек. Жауапты баяндау барысында арнайы деректерге сүйене отырып, өз сөздеріне дәлелдемелер келтіріп отыруы керек. Жауап беру барысында баяндап тұрған мәселеге тұжырым жасай алуы қажет.
№1 СЕМИНАР. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ
Сабақтың мақсаты: Студенттердің мемлекет және құқық теориясы пәні туралы айта отырып, құқықтық білім саласында аталмыш пәннің алатын ролін өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Жоспар:
-
Мемлекет және құқық теориясы туралы түсінік.
-
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары – теорияның пәні ретінде қарастырылуы.
-
Мемлекет және құқық теориясының пайда болуы және дамуы.
-
Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Қазіргі замандағы саяси – құқықтық теориялардың жалпы сипаттамасы.
Әдістемелік нұсқау: Мемлекет және құқықтың өзара байланыстылығына мән беріңіз.Мемлекет және құқық теориясының бірыңғай ғылым ретінде қарастырылуының негізіне көңіл аударыңыз. Мемлекет және құқық теориясының құқықтанушы мамандардың өмірінде алатын орнын анықтауға тырысыңыз, пәннің құқықтық пәндерге апаратын көпір екендігін дәлелденіз.
Әдебиеттер:
-
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
-
Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.
-
-
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
-
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
-
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
-
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
-
Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.
-
Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
№2 СЕМИНАР. МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ
Сабақтың мақсаты: Студенттердің мемлекеттің ұғымын айта отырып, оның шығу теорияларын өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Жоспар:
-
Мемлекеттің пайда болуының қысқаша тарихы.
-
Мемлекеттің кең және тар мағынасы.
-
Мемлекеттің пайда болу теориялары.
-
Мемлекеттің нысаны.
-
Мемлекеттің қызметі.
Әдістемелік нұсқау:Алғашқы қауымдық құрылыстың жалпы сипаты, басқару органдары және тәртіпті сақтау құралдары.
Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі теориялар. Мемлекеттің пайда болуының әр түрлі жолдары (шығыс, азиялық, батыс, европалық) .
Мемлекет ұғымдарының сан алуандылығы. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы заңдылықтары мен түрлері. Мемлекет және құқықтың алғы шарттары. Мемлекет және құқықтың белгілері.
Мемлекет мәні. Мемлекет және оның мәнін айқындайтын қозғаушы күштер (факторлар); әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени, ізгілік, діни т.б. Мемлекет ұғымының және мәнінің эволюциясы (өзгеруі).
Әдебиеттер:
-
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
-
Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.
-
-
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
-
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
-
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
-
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
-
Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.
-
Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
№3 СЕМИНАР. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік билік жүйесіне талдау жасай отырып, студенттердің мемлекеттік билік ұғымын, түрлерін жете меңгеруіне жағдай жасау.
Жоспар:
-
Мемлекеттік билік анықтамасы.
-
Мемлекеттік биліктің түрлері.
-
Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |