4. Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. Парламент депутаты: ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді; Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы; соғыс және бітім мәселелерін шешеді; Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды.Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді.
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады: Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау; Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру; Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру; Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау; Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы. Мәжiлiс Төрағасы: Парламент сессияларын ашады;
Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi. Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады. Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.
Талқылау сұрақтары:
-
Мемлекеттік билік ұғымына сипаттама беріңіз?
-
ҚР мемлекеттік билік органдарын атаңыз?
-
Биліктің бөліну принипін дегеніміз не?
-
ҚР Конституциясы бойынша ҚР Президенті және ҚР Парламенті құзіреттілігін атаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.
-
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
-
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
-
Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
-
Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
4-ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТ ТҰРПАТЫ (НЫСАНЫ)
Мақсаты: Мемлекеттің құрылысы, басқаруы, саяси режим туралы студенттерге толық мағлұмат беру.
Жоспар:
-
Мемлекет нысанының түсінігі.Басқару нысаны.
-
Мемлекеттік құрылым нысаны.
-
Саяси режим.
1. Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны - бұл қоғамның басқару, мемлекеттік кұрылым және саяси режим нысандарынан құралған кұрылымдық ұйымдастырылуы. Басқару нысаны - бұл мемлекеттік биліктің жоғары орган дарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамнын немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, баскарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады.
Монархия - бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта, болуымен сипатталатын баскару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен баска бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегіңде, өкілдік (дуалистік) және парламентарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылык билікті жүзеге асыра алады. ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құкықтарын иеленеді. Ал парламен тарлық монархияда монархтың құқыктык жағдайы әлдеқайда шек телген болады. монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика - жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға катыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түр лерге бөлінеді: 1) парламентгік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі , шешуші рөл парламент сайлаган үкіметке тиесілі болады; 2) пре зиденттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды кызметінен босатады; 3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.
2.Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы. онын құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-катынасының сипаты. Барлық мем лекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұтас мемлекет - бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды. Бұл мемлекетке жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманын ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.
Күрделі мемлекет - бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі
мемлекеттерге империялар,федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одактастықтар жатады. Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда кұрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әр түрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі - олардың кұрамдас бөліктерінін ешқашан ортак мемлекеттік құкықтық мәр тебесі болмаған.
Конфедерация империяға Карағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны кұ.раған егеменді мемлекеттер халықаралык құқықтык қатынастар субъектісі болып кала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.
Федерация - бұл күрделі, одактас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік кұрылымдар болып табылады және және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғар ғы федералдык органдар мен федералдық заңнамамен катар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екі каналды жүйесі пайдаланы лады, оның белгілерінің бірі болып қос азаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік кағида бойынша құрылуы мүмкін.
Достастық - бұл ортақ белгілермен. Біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыкқа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері - бұл толығымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халық аралык катынастардың субъектілері.
Одақтастык - бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одактастықтын негізінде көп жағдайда мемлекет-аралық шарт болады. Ол одактастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялык байланыстарын күшейте түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке карай итермелейді.
3.Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәр демдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына карай екі түрлі режимді бөліп атауға болады,демократиялык және антидемократиялық режимдер.
Демократиялық режимнің белгілері:
-
халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азамат тардын референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар аркылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
-
шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
-
мемлекеттік биліктін орталык және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы. олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;
-
сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;
-
қоғамдык өмірдің барлык салаларындағы занның үстемдігі;
-
адам мен азаматтың кұқыктары мен бостандыктары жария ланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі:
-
саяси плюрализм, соның ішінде көп партиялылық;
-
биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б. Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания,
-
деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлык режимдер. Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:
1) бір саяси партияның үстемдігі;
2) бір ресми идеологияның болуы:
3) бір меншік турінің болуы.
4) саяси құкықтар мен бостандыктарды жоққа шығару;
5) қоғамның сословиелік, касталык және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6) халыктың төмен экономикалык деңгейі,
7) мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;
8) сыртқы саясаттағы агрессиялык сипаттағы әрекеттер және т.б.
Талқылау сұрақтары:
-
Мемлекеттің нысанын атаңыз?
-
Мемлекеттің құрылым нысаны не?
-
Мемлекеттің басқару нысанына сипаттама беріңіз?
-
Саяси режим ұғымын түсіндіріңіз.
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
-
-
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
-
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
5-ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ (МЕХАНИЗМ)
Мақсаты: Мемлекеттік аппарат және мемлекеттің механизмі ұғымдарын түсіндіру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
1.Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны
2.Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
1.Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны. Мемлекеттік аппарат-қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілділіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Ресупбликасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның екінші бабында мемлекеттік қызмет-азаматтырдың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқарудың жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүзеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын-патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялары парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәкес келеді. Мемлекеттік қызмет-конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы жәене құзыретінің нәтижелі. Тиімді болуы.
Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады. Олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрайды. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы: азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы, мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
Биліктің бөліну принциптері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі Конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы-Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы-ақатаң тәртіпті, субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданылатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Сонымен мемлекеттік аппарат-алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекетік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарды, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық, нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызметтер атқарады.
Мемлекеттік аппараттың қызметкерлерінің негізгі міндеттері ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәптіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және заңды міндеттерге сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқаларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
2. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі.Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, сондай-ақ атқарылатын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
-
Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президен және Мәслихаттар; 2) Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта еркеше орын алады, ол үшін биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент-мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен имемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның имызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі.
Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент-заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілетті мерзімі-төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілдік органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек Парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылданған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті бірнеше тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан Парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент-негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары-бюро, жұмыс органдары-тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады.
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қатынастын болса, Мәжілім заң қозғау және қаржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қолын қояды, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын Президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 2/3 дауыспен рұқсат берсе, Президент заң жобалардың қарау басымдылығын белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.
Атқару билігі өкілеттің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыреті алқалы шешуші органы. Қазақстан Республикасының үкіметі-атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан-Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші барЖарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1- тармағы бойынша Парламенттің келісім алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен, Үкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер-министр, оның орынбасарлары, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы наурыздың 4-дегі Президенттің Жарлығымен Үкіметтің жаңа құрылымы белгіленген: Премьер-министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, Бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады.
Сот билігі. Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізу азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы соты мен Республиканың жергілікті соттары құрайды. Республика аумағында ҚР әскери (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың) әскери соттары болады.
Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарын құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі ешкімнің еркіне қарамастан ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттмелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.
Сот органдары, сот қызметкерлері әділет министрлігіне бағынбайды. Жаңа реформа бойынша мемлекеттік административтік комитетке бағынады.
Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын болды. Жоғарғы соттарды тағайындау үшін Президенттің жанында Жоғарғы сот Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі басқарады. Бұл орган Жоғарғы Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауазымды кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа төменгі соттарға тағайындалатын қызметкерлердің әділет министрі басқаратын әділеттік алқасы кадр мәселелерін шешеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заң күші бар Жарлығында айтылған болатын.
Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының 83-бабы. Бұл орган мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-діл әрі біріңғай қолданылуын, жедел іхдестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарының жүйесін Республиканың Бас Прокуроры басқарады, ол өзіне бағынышты орталық аппарат пен облыстық прокуратуралардан, республикалық мәні бар қалалар прокуратурасынан және Республика астанасының прокуратурасын, облыстық аудандық, қалалық әрі соған теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратуралардан тұрады.
Мамлекеттік органдар мен ұйымдардың шығарған актілері Қазақстан Республикасының Конституциясынағ заңдарына Президенттің жарлықтарына, Министрлер Кабинетінің қаулыларына сәйкес болуын қадағалайды және лауазымды адамдар мен азаматтардың дәлме-діл және бірдей орындауын қадағалайды. Бұдан басқа прокурорлық қадағалау анықтама және алдын-ала тергеу органдарының заңдарды орындауында прокурорлық қадағалау өттізеді. Соттарда іс қаралған кезде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау өткізіледі. Ұсталғандарды отырғызатын жерлерде заңның сақталуын қадағалау прокурорлық құзыреттінң тағы бір түрі.
1995 жылы Конституция ауқымды және Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құқықтық реттеудің жетілдіру мен жедел іздестіру қызметтерін реформалау жүргізіледі. Қазақстан Республикасында жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар-ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары; Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы; Қаржы министрлігінің салық қызметінің органы және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет комитеті болып табылады. 25 желтоқсан 1995 жылғы Президенттің Жарлығымен бұл органдардың қатарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитеті толықтырды.
Азаматтырдың құқықтарын қорғау органдарын Ішкі істер Органдары мен Республиканың қауіпсіздік органдары кіреді. Олардың да құқықтық жағдайларын Президенттің Жарлығымен бекітілген 1995 жылдың 21 желтоқсанында алынған актілер бекітеді. Ұлттық қаіпсіздік Комитетінің-қарауына жеке адамдардың қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты зерделеу мен жүзеге асыруға қатысу, ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жататын қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу істері жатады.
Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштері жүзеге асырады. Мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қорғау ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарына және республикалық ұланға жектеледі. Олардың мәртебесі және қызметі заңмен белгіленеді.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару және сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық және жергілікті органдарға бөлінеді.
Талқылау сұрақтары:
-
Мемлекеттік аппарат ұғымына сипаттама беріңіз?
-
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы дегенді қалай түсінесіз.
-
Мемлекеттік аппараттың қызметі қандай принциптермен реттеледі?
-
Мемлекеттік органдардың түрлеріне тоқталыңыз, олардың атқаратын қызметтері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
-
-
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
-
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
Достарыңызбен бөлісу: |