Ювенильді ревматоидты артрит



бет2/4
Дата21.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487184
1   2   3   4
Буын синдромы. Реактивті артрит. Ювинилді ревматоидты артрит. Балалардағы дәнекер тканінің диффузды ауруы. Жүйелі склеродермия. Ісік, туберкулез, лейкоз, геморрагиялық васкулит кезіндегі артралгия және артрит.

Физикалық тексеру:
- 3 жəне одан да көп айға созылған артрит;
- 3 айдан жəне одан да кейінірек уақытта пайда болған екінші буынның артриті;
- ұсақ буынның зақымдалу симметриялығы;
- контрактура;
- тендосиновит немесе бурсит;
- бұлшықеттің семуі (атрофия);
- таңертеңгілік қозғала алмаушылық;
- көздің ревматоидты зақымдалуы;
- ревматоидты түйіндер;
- буын қуысындағы жалқық.
Лабораторлық зерттеулер:
- оң ревматоидты фактор;
- синовиалды қабық биопсиясының оң көрсеткіштері;
- классикалық ЮРА кезіндегі жалпы оң белгілер саны - 8, ЮРА анықталған - 4 белгі, болжамды ЮРА - 3 белгі.
Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық белгілер:
- остеопороз, эпифиздің сүйектік құрылымның ұсақ кистозды (жылауық) қайта құрылуы;
- буындық саңылаулардың тарылуы, сүйектік эрозиялар, буындар анкилозы;
- сүйек өсуінің бұзылуы;
- омыртқаның мойын бөлімінің зақымдалуы.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрокардиография.
2. Эхокардиография.
3. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір кескін).
4. Зақымдалған буындар рентгенографиясы (ауруханаға жатқызылу алдында жүргізілмесе).
5. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
6. Иммунограмма.
7. С-реактивтік белокты анықтау.
8. Ревматоидты факторды анықтау.
9. LE - жасушаларын анықтау.
10. Жалпы белок пен белоктық фракцияларды анықтау.
11. Жалпы зəр анализі.
12. Сиалды сынаманы анықтау.
13. Тимолды сынаманы анықтау.
14. АЛТ анықтау.
15. АСТ анықтау.
16. Билирубинді анықтау.
17. Глюкозаны анықтау.
18. Несепнəрді анықтау.
19. Креатининді анықтау.
20. Офтальмолог консультациясы.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Эзофагогастроскопия.
2. Буын УДЗ.
3. Холтер бойынша ЭКГ тəуліктік мониторлеу.
4. Нативті ДНК-ге антиденелерді анықтау.
5. Коагулограмма.
6. Қанның стерилдігі.
7. Аддис-Каковский бойынша зəрдің анализі.
8. Зимницкий бойынша зəр анализі.
9. Белоктың зəрмен тəуліктік экскрециясы.
10. Тұздардың зəрмен тəуліктік экскрециясы.
11. ПЦР буындық сұйықтықты зерттеу.
12. Буын сұйықтығын, эксудаттар мен транссудаттарды цитологиялық зерттеу.
13. Биологиялық сұйықтықтарды колонияларға таңдаумен себінді жасау.
14. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау.
15. Вирустар, хламидиялар, микоплазмаларға ИФА жүргізу.
16. Зооноздарға ИФА жүргізу.
17. Гепатит маркерлеріне ИФА жүргізу.
18. Миелограмма.
19. Амилоидозға биопсия жасау.
20. Буындардың магнитті резонансты томографиясы.
21. Синовиалды қабық биопсиясымен артроскопия жасау.
22. Электролиттер - калий, натрийді анықтау.
23. Тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы.
24. Лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназаны анықтау.
25. Диастазаны анықтау.
26. Холестеринді анықтау.
27. Туберкулин сынамасы.
28. Хирург-ортопед консультациясы.
29. Фтизиатр (фтизиоостеолог) консультациясы.
Ем мақсаты: процестің белсенділігін төмендету (тоқтату), дене қызуын қалыпқа келтіру, буындардың жіті қабынулық өзгерістерін, висцералдық өзгерістерді қайтару, ЭТЖ төмендету, таңертеңгілік буындар қимылсыздығын (ауыр қимылдау) азайту, буындардың функционалдық белсенділігін жақсарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет