Әлеуметтік стереотип - танымдардың төтенше тұрақты жиынтық жеке
тұлғалық өмірлік тәжірибесі бағытында қалыптасқан әлеуметтік объектідегі
көп түрлі ақпараттар көзі негізіндегі немесе жағдайдағы яғни сол жерде
адам ойланбай ақ өзінің мінез - құлқын басшылыққа ала біледі.
Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі mеthodos - зерттеу және тану жолдары,
Іоgоs - түсінік, ілім) - теориялық және практикалық жұмыстарды, сондай-ақ осы
жүйе туралы ілімді құру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі.
Әдістеме - 1) әдістердің жиынтығы, бір нәрсені іс жүзінде қолданудың тәсілдері,
2) оқыту тәсілдері туралы ғылым.
Әлеуметтік перцепция - адамның басқа адамдарды қабылдауы, түсінуі және
бағалауы.
Әртүрлі мәдениетті танып-білу - ұстаздардың әр балаға және оның отбасына
қатысты ұлттық мәдениетінің бірегей жақтары туралы білімінің болуы және осы
ерекшеліктерді қабылдай білуі.
Әсірелеу (гиперболизация) - таныс объектінің белгілі жақтарын асырып жіберу
немесе кемітуден тұратын елес операциясы; оның нәтижесінде жаңа бейне пайда
болады.
Б
Базистік оқу жоспары - негізгі мемлекеттік стандарт сияқты бекітілген
кейбір белгілі бір оқу орындарына немесе мекемелерге арналған (мектепке
дейінгі ұйымдарға) құжат.
Библиотерапия - психотерапияның бір әдісі оның өзі педагогикалық,
дидактикалық қағидалардан құралған. Кітаптардың көмегімен жүзеге
асырылады, соның ішінде бірінші кезекте көркем әдебиеттерден құралған
жиынтық. Оның басты мақсаты ауруды немесе науқасты жазушының
эмоционалды және психологиялық ,көркемдік шеберлігі әдісімен емдеу,
аурудың дағдарысты, жүйке жүйесінің жағдайын шешуге бағытталады.
Психогенді реакциялардың классификациялық сызбасы арқылы жасалған
және соған байланысты әдебиеттер тізімі каталогы жасақталады.
Кітаптарды таңдауда жағдайдың максималды түрдегі сай келуі есепке
алынады, ауруда пайда болған және осы кітаптың ауруға деген әсерінің
қолайлылығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |