81
Бланк - арасында мәтін берілген таза параққа (мекен
жайы мен реквизиті
көрсетілген) мәтін үшін логотипі мен жаңа жолы бар құжатты толтыру үшін
беріледі.
Брайл шрифті – 1829 жылы француздың соқыр тифлопедагогы Л.Брайльдің
ұсынуымен анықталған соқыр балаларға жазу үшін арналған бедерлі-нүктелі
шрифттер. Шрифтінің негізін әріптерді, цифрларды, тыныс белгілерін бейнелейтін
бедерлі нүктелердің түрлі комбинациясы құрайды. Шрифт барлық дүниежүзіне
таралған.
Г
Гармония (үйлесім) - өзара толықтырылу,
сәйкестік, бір бүтіннің әртүрлі
бөлшектерінің өзара ұйқастығы; алуан түрлі заттардың қиюласуындағы келістілік,
үндестік; іс-әрекеттің жұмыла істелінуі.
Генезис - қайсыбір процесстің немесе құбылыстың пайда болуы, жаралуы, шығу
тегі және оның кейінгі даму процесі.
Гемипарез - дененің бір бөлігінің жартылай салдануы.
(геми + парез)-бір жақты
әлсіздік.
Гемиплегия - дененің жарты бөлігінің салдануы.
Гипоксия - организмдегі оттегінің жетіспеушілігі
Достарыңызбен бөлісу: