Демократия - тікелей немесе өздері сайлаған өкілдері арқылы іске асырылатын
халықтық басқару. Басқарудың демократиялық түрінде, барлық азаматтар биліктің
бастапқы негізі болып табылады.
Диагноз (гректің diagnosis – тану, қайта тану) – зерттелетін процестің,
құбылыстың, жағдайдың констатациясы. Медицинада аурудың қорытындысының,
оның себептерінің, өту формасының, организмнің сақталған күшінің
қорытындысын береді.
Е
Елес - сезім мүшелеріне бұрынырақта әсер еткен сезімдік- көрнекі заттар мен
шынымен болған көріністер бейнесі.
Еркін көмекші - тек қана мектеп ішінде немесе сабақ уақытында ғана емес, кез
келген уақытта, кез келген жағдайда мектептің мүддесін, оқу-тәрбие жұмысын
қолдайтын адам.
Ж
Жағдай туғызу - бір нәрсені жүзеге асыру үшін бір адамға немесе бір топ адамға
мүмкіндік беру.
Жайлылық (комфортность) - а) жеке адамның әсер етуші топпен I (немесе басқа
адаммен) келісуі, ауызбірлігі; б) жеке адамның өзінің ішкі позициясына
қарамастан, сырттай келісімге келуі.
Жақын уақыттағы даму аймағы - баланың дәл қазір меңгере алмағанымен,
үлкен адамның көмегімен, қатысуымен меңгере алатын тапсырманың ерекше
қиын диапазоны. Бұл ұғымды Л.С. Выготский ұсынған.
"Жалпы портфолио" (общее портфолио) - оқушының барлық жұмыстары
сақталатын папка, ол оқушыға да, оқытушыға да арналған, оған оқушының жазба
жұмыстарының үлгілері, оқу сабағынан тексеру парақтары, жобалардың
фотосуреттері және т.б. жұмыстарын кіргізу қажет.
Жаңғырту
-
өткен
тәжірибеден
белгілі
заттардың
(объекттердің)
өзектендірілуіндегі (актуалдандырылуындағы) ақыл- ес процесі.
"Жармасу "рефлексі - алақанына тиіп кеткен кезде, нәрестенің
ұстай алу реакциясынан байқалатын, туғаннан біткен механизмі.
Достарыңызбен бөлісу: |