З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық



бет15/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал

§38. Лексикалық минимум.

apex,icis m ұш
cortex,icis m қыртыс
flos,floris m гүл
homo,inis m адам
liquor,oris m сұйық
paries,etis m қабырға
pulmo,onis m өкпе
venter,tris m құрсақ, қарын
vertex,icis m төбе,
index,icis m сілтеу саусақ
humor,oris m ылғыл
pes,pedis m табан

pollex,icis m басбармақ
ureter,eris m несеп ағар
Ережеден тыс зат есімдер
os,oris n ауыз
os,ossis n сүйек
cor,cordis n жүрек
tuber,eris n төмпек
gaster,tris n асқазан
mater,tris f ана, ми қабығы
pia mater жұмсақ ми қабығы
dura mater қатты ми қабығы

Нақыл сөздер: 1.Alma mater - Асыраушы ана, 2. Homo sapiens - Ақылды адам 3.Labor omniа vincit - Еңбек бәрін жеңеді.
§39.3-ші септеу femininum род түрінің зат есімдері.
1. 3-ші femininum септеу зат есімдерінің Nom.sing. мінездемелік жалғаулары.
Nom.sing. -as, -is, -us, -es, -x, -do, -go, -io
Gen.sing. -atis -is,it/dis -ut/dis -is -cis,ngis -dinis -ginis -ionis
2. Белгілі Nom.sing. жалғауына белгілі негіз сәйкес келеді, сол негіз Gen.sing. түрінен табылады.
3. Біріншіден ережеге бағынбайтын сөздердің род түріне көңіл аудару керек. Олардан басқа masculinum род түрінің мынадай сөздері де ережеге бағынбайды: fornix,icis m - күмбез; unguis,is m - тырнақ; penis,is m - жыныс мүшесі; testis,is m - жұмыртқа; mons, montis m -тау; pons,pontis m - көпір.
4. -іо жалғауы етістіктің негізіне жалғанса, онда функция, процесс, іс-әрекетті білдіретін зат есімдер пайда болады. Мыс.: supinatio - алақанды жоғарыға бұрау.
- іо жалғауға аяқталатын зат есімдер - хирургиялық операция атаулары болып табылады: amputatio pedis, resectio pulmonis, resectio gastris
§40. Жаттығулар.
1. Терминдерді Gen.sing қойыңыз, түбірін табыңыз:
Tuberositas, sanitas, extremitas, sеnеctus, juventus, pars, dens, pons, thorax, appendix, cervix, fornix, radix, larynx, meninx, tendo,
тең буынды зат есімдер
cutis, auris, bilis, testis, unguis, pelvis, basis, pubes.
2. Зат есімдерінің род түріне көңіл аударып жақшаның ішіндегі сын есімдермен сөз тізкестерін қүрастырыңыз. Әр терминді Gen,sing. қойыңыз, аударыңыз:
Қуыс(меншікті, милық, дабылды), бұдыр (қанат тәрізді, мықынды, шайнау), құлақ (ортаңғы, ішкі, сыртқы), сыртқы негіз, бөлік (тастақты, медиалды), өзек (үлкен, таңдайлық, қоректік), тіс (күрек, ит, моляр), аймақ (алдыңғы, артқы), түбір (медиалды, латералды)
3. Ауызша аударып, 3-ші септеу зат есімдерінің сөздік түрін атаңдар:
Cavitas medullaris seu cavum medullare, basis cranii externa, cartilago thyreoidea, pars thoracica, pyramis medullae oblongatae, glandula parotis accessoria, cartilago alaris major, margo inferior pulmonis sinistri, cavitas nasi, tuberositas masseterica, cartilago nasi, cavum oris propria.
4.Аударыңыз:
Бас мидың қабықшасы, қарынның күмбезі, жұтқыншақтың күмбезі, үлкен тастақты нервтің каналы, ауыздың бұрышы, иықтың буыны, ұйқы безінің капсуласы, үлкен таңдайлық канал мұрынның түбірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет